ойын сауық отауы
Құлағым жиі шаншиды
24.11.2024 63 0 Admin

Құлағым жиі шаншиды

Денсаулық
Құлағым жиі шаншиды
Халық емі тәсілдерімен көптеген ауруларды емдеген белгілі емші - зерттеуші Сейітқамза Қалиев (марқұм) жазбаларында құлақ ауруларын емдеу жайлы рецепт көп болып шықты. Біз соның бірнешеуін оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Құлақтың түрлі қабынуы кезінде кәріқыздың тікенекті дәнінен 15 грамм, бұйракендір (конопля круголисная) шөбінен 10 грамм алып, 250 грамм суға қойнату керек. Енді оны 1 сағат тұндырып, үшке бөліп, күніне үш рет ас алдында ішу керек. Әр күнгі тұнба жеке дайындалады. Емделу мерзімі – 15 күн.
Тұмау асқынғанда немесе суық тигеннен құлақ дуылдап, дыңылдап, шаншитыны бар. Кейде есту мүмкіндігі төмендейді. Мұндай кездерде бір стакан суға бір шай қасық қара бұрышты араластырып, қайнатыңыз. Құлақты осының буына ұстау керек. Ал суыған кезде шым - шым суымен құлақ айналасын жуып, ішіне мақта тығып қойған жөн. Бұл емді үш күн қатарынан қайталау керек. Ем кезінде суыққа шықпай, табаннан да суық өткізбей, дұрыс күтінсе құлақ суықтағанынан құлан - таза айығуға болады.
Күн сайын жатар алдында миндал майын құлаққа тамызу да жақсы көмектеседі. Тамызып болған соң құлаққа мақта тығып қою керек. Бұл емді жазылғанша жалғастыра берген жөн.
Екі құлақ бірдей шыңылдап, басты ауыртып, естуді қиындатқан жағдайда укроптың ұрығы мен сабағын қоса ұнтақтап, 2 ас қасығын жарты литр қайнап тұрған суға салыңыз. Оны термоста 40 минут тұндырып, тамақтанардан 15 минут бұрын бір стаканнан ішеді. Емді екі айға дейін созуға болады.
Құлақтан ірің ағатын жайларды да айта кетейік. Бұл кезде 2 пайыздық бор қышқылына жылы су қосып, құлақты жуады. Содан кейін алоэ жапырағының шырынын таза дәкеге сіңіріп, құлаққа қояды. Оны күн сайын ауыстырады. Бір апта ішінде ірің тоқтап, құлақтың ауырғаны басылады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Қышаны емге қолдану жолдары Қышаны емге қолдану жолдары
Қышаны (горчица) тағамның дәмін келтіруге, тәбет ашу үшін қолданатыны белгілі. Сондай - ақ ол халық медицинасында да кеңінен қолданылады.
Өкпе қабынғанда Өкпе қабынғанда
6 ақ шикі жұмыртқаны жуып, қабығымен бірге қоңыр шыны ыдысқа салу керек. Оның үстіне орташа 10 лимон шырынын құяды. Содан соң ыдыстың аузын дәкемен
Буындағы тұзды тазартуға болады Буындағы тұзды тазартуға болады
Жасы ұлғая келе көп адамдарда буынға, бүйрекке, өтке тұз бен тас қиыршықтары жинала бастайды. Тұз буындарға да жиналады. Одан табиғи жолмен
Халық емі: Алоэден жасалатын он дәрмек Халық емі: Алоэден жасалатын он дәрмек
Суық тигенде. Бұл қоспаны дайындау үшін сізге 300 грамм алоэ жапырақтары, 3 ас қасық бал және 3 ас қасық спирт қажет. Жапырақтарды еттартқыштан
Кәріқыз Кәріқыз
Күрделі гүлділер тұқымдасына жататын кәріқыз өсімдігі бір жылдық болып өседі. Биіктігі 50 - 70 см аралығында, жапырақтары жазылған алақан тәрізді
Мұны өзіңіз жасай аласыз. Мұны өзіңіз жасай аласыз.
Ревматизм асқынған кезде көктемде немесе күзде қазылған ошаған тамырынан 15 грамын 300 грамм суға 7 минут қайнатып, бұқтырады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×