ойын сауық отауы
Намаздың мұстахап уақыттары
23.03.2022 866 0 Admin

Намаздың мұстахап уақыттары

Дін
Уақытыңды басқар
Намаздың мұстахап уақыттары
Намаз уақыттарының қай бөлігі мұстахап немесе абзал екендігі Пайғамбарымыздың тікелей іс жүзінде орындалуы мен хадистерінде белгіленген.
Олар:
  • Таң намазын төңірекке жарық түсіп, айнала көрінген уақытта жөнінде ардақты Пайғамбарымыз (с. а. с.) былай дейді: «Таң намазын жарықта оқыңдар. Өйткені мұның суабы өте үлкен».
  • Бесін намазын жазда кешіктіріп, салқын уақытта оқу – мұстахап. Қыста болса, бесін намазын уақыты кіре сала оқу – мұстахап. Әнәс (р. а.) былай дейді: «Алла Елшісі қатты суықта бесін намазын ерте оқитын, жазда салқын түскенге дейін кешіктіретін».
  • Екінті намазының парызын төрт мезгілде де күннің көзді алмайтындай сарғыш тартқанға дейін кешіктіру – мұстахап.
  • Ақшам намазын уақыты кірісімен оқу – мұстахап. Азан мен қаматы арасында тек қана үш аят оқылатындай уақыт бөлінеді. Өйткені ақшам намазын кешіктіру – мәкрүһ. Пайғамбарымыз (с. а. с.) былай дейді: «Ақшам намазын жұлдыздар көрінгенге дейін кешіктірмесе, үмбетім берекетте».
  • Құптан намазын түннің алғашқы үштен біріне дейін кешіктіру – мұстахап. Пайғамбарымыз (с. а. с.) былай деген: «Үмбетіме қиын болмағанда, құптан намазын түннің үштен біріне дейін кешіктіруді әмір етер едім».
  • Үтір намазын түнде ояна алатынына сенген адам түннің ақырына дейін кешіктіруі – мұстахап. Пайғамбарымыз (с. а. с.) былай дейді: «Түннің ақырына дейін ояна алмайтындығынан қорыққан адам, үтір намазын түннің алғашқы уақытында оқысын. Түннің ақырында ояна алатынына көзі жеткен адамболса, үтірді түннің соңында оқысын. Себебі түнгі намаз – періштелер қатысатын намаз».
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Уақытыңды басқар: Намаз уақыттарының сыры Уақытыңды басқар: Намаз уақыттарының сыры
Екінті уақыты ажары қашқан сүреңсіз күз мезгілін, қалжыраған қарттықты, ақырзаманның жан түршіктірер сәттерін еске түсіреді
Уақытыңды басқар: Намаз уақыттарының сыры Уақытыңды басқар: Намаз уақыттарының сыры
Бесін уақыты болса, күндіздің толықсып кемелденіп, енді бір сәтке біртіндеп күннің екінші жартысына ауа бастаған кез.
Уақытыңды басқар: Маңызды уақыттардың анық айтылмауы Уақытыңды басқар: Маңызды уақыттардың анық
Уақытын тиімді пайдалану қажеттігін толықтай түсініп, тәжірибе жүзіне өткізе білген жандарды одан ары құлшындыра түсу үшін әрі сол уақыт тұрғысында
Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты Нәпіл намаз оқудың мәкрүһ уақыты
Таң атқан уақытта сол таң намазының сүннетінен басқа ешқандай нәпіл намазы оқылмайды. Хадисте: «Таң намазынан бұрын және таң намазы кірген кезде, таң
Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны
Жоғарыда атап өтілген түсіндірмеден төмендегідей қорытынды шығаруға болады: парыз намаздардың асыл мұраттарының бірі – мұсылман баласына күнделікті
Уақытыңды басқар: Намаздың маңызы Уақытыңды басқар: Намаздың маңызы
Намаз арқылы түн мен күндіз сырлы тәртіпке орнығады. Өмір ғибадатқа негізделген уақыт түсінігіне сәйкес реттеледі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×