ойын сауық отауы
Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылықтың уақыты
08.09.2022 624 0 Admin

Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылықтың уақыты

Дін
Уақытыңды басқар: Түнгі құлшылықтың уақыты
Құран аяттарының түсіндіру жолынан ғалымдар түнгі құлшылықтың уақытын төмендегідей бөліп қарастырған:
1. Түннің жартысы,
2. Төрттен үші,
3. Үштен екісі,
4. Төрттен бірі.
Бұл уақыт мөлшеріндегі ең үлкен айырмашылық көбіне жыл мезгілдеріне немесе географиялық жағдайларға қарай әрдайым өзгеріп отыратын күндіз бен түннің арасындағы ұзақтыққа байланысты болмақ. Адамның өмір сүру шарттарының өзгеруі де назарға алынуы қажет жайттардың бірі саналады. Жалпы түсінік қалыптастыру үшін белгілі бір мекенде жылдың ең ұзақ түні мен ең қысқа түнін алып, есептеп көрсетуге болады. Ең ұзақ ояу болу уақытын ең ұзақ түнмен, ең қысқа ояу болу уақытын ең қысқа түнмен алып қарастырайық:
Жылдың ең ұзақ түні (Алматы қаласы бойынша) желтоқсан айының 22 - жұлдызында 13 сағат 32 минутты құрайды. Оның төрттен үші – 10 сағат 9 минут. Олай болса, демалыс пен ұйқыға 3 сағат 23 минут қалады.
Жылдың ең қысқа түні маусым айының 22 - жұлдызында 6 сағат 44 минутқа созылады. Мұның төрттен бірі – 1 сағат 41 минут. Бұл жағдайда ұйқыға бөлінген уақыт – 5 сағат 3 минут.
Бұл есептеулер түн ең ұзақ болған мезгілдегі ең азы қанша уақыт демалысқа бөліп, ең көбі қанша уақыт түнгі құлшылықпен айналыса алатынымызды көрсетуде. Мұнда есептелген құлшылыққа арналған уақытты түннің үштен екі немесе төрттен бір бөлігіне дейін қысқартуға болады. Мұнда уақыт күн батқаннан бастап есептелгендіктен парыз болған ақшам мен құптан намаздары да осы уақыттың ішіне кіреді. Одан кейін әрбір адамның жеке қалауы мен мүмкіндігі бойынша, түнде тұрып оқылатын тәһәжжуд намазы мен басқа да түнгі құлшылықтарды атқаруға болады.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Дүниедегі ең биік сағат, нан ағашы Дүниедегі ең биік сағат, нан ағашы
Сағат мұнарасы теңіз деңгейінен 400 метр биіктікте орналасқан жалпы биіктігі 601 метр болатын Мукаррамма сағаты Меккеде. Сағат тілі – 18, минут тілі
Мүбәрак күндер мен түндер: Бәраат түні Мүбәрак күндер мен түндер: Бәраат түні
Алла Елшісі (с. а. с.) ережеп пен рамазанның ортасында елеусіз өткізіп алмауымызды ескертіп, өзі көбіне оразамен өткізген шағбан айының 15 - түні
Уақытыңды басқар: Маңызды уақыттардың анық айтылмауы Уақытыңды басқар: Маңызды уақыттардың анық
Уақытын тиімді пайдалану қажеттігін толықтай түсініп, тәжірибе жүзіне өткізе білген жандарды одан ары құлшындыра түсу үшін әрі сол уақыт тұрғысында
Адамның он екі мүшесінің тәуліктік жұмыс жүйесі Адамның он екі мүшесінің тәуліктік жұмыс жүйесі
Адамның он екі мүшесінің тәуліктік жұмыс жүйесі бар. 1. Таңғы сағат 3 - 5 - тердің шамасында өкпе жүйесінің қуаты (энергиясы) артады. 2. Таңғы сағат
Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны
Жоғарыда атап өтілген түсіндірмеден төмендегідей қорытынды шығаруға болады: парыз намаздардың асыл мұраттарының бірі – мұсылман баласына күнделікті
Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ
Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат - тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға - тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×