ойын сауық отауы
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...»
02.10.2022 446 0 Admin

Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...»

Дін
Абайдың хакімдігі: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас...»
Әлбетте, бұл өлеңде Абай Алланы тану мәселесін қозғаған. Қазақ топырағында Абайға дейін Алланы тану мәселесімен шұғылданған ойшылды жыға білмейміз. Өздерін сопылармыз деп атаған тақуалар (әулиелер) да «Алла бір, пайғамбар хақ» дегеннен аспағанға ұқсайды. «Неге Алла бір, неліктен пайғамбар хақ?» деп мәселе нақтылы қойылмаған. Бір сөзбен айтқанда, сенім мен таным арасы ажыратылмаған. Абай болса, Аллаға сену мен оны тану бір ұғым деп қарамайды. Сенім – діни қағида, таным – гносеоогиялық ұғым. Алғашқысы діни идеологияға негіз болса, соңғысы – діни философияның категориясы. Бірақ Аллаға сену және оны тану мәселелері – діни сана ауқымындағы ұғымдар, сондықтан мәселелермен айналысқан, пікір айтқан адамдарды біз бүгінгі күні діни ойшылдар деп жүрміз. Олай болса, Абайды да діни ойшыл дегеніміз, сірә, қате пікір болмас.
Абай Алланың насихатшысы емес, оны танушы, зерттеуші ойшыл.
Алланың өзі де рас, өзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас, -
деп Абай мәселені негізінен діни сана ауқымында қарастырып, бірақ Алланың растығына айрықша көңіл бөлген. Ақын «рас» деген түсінікпен нені айтқалы отыр? Бұл – бір мәселе. Сонымен бірге Алланың өзі ғана рас емес, сөзі де рас дегенге нені меңзеп отыр? Бұл – біріншіден туындайтын екінші мәселе.
«Рас» деген – қандай да болмасын заттың, құбылыстың мәнін әрі сапалық мөлшерін білдіре алатын өлшем, заттың рас болуы да, болмауы да мүмкін. Алғашқыда рас болып айқындалған зат келе - келе мәнсіздене «рас емеске» айналуы ықтимал. Бірақ рас заттың рас емеске өтуі де рас. Демек, растың бір - ақ мәні бар, ол – оның растығы. Бұл – «рас» ұғымының бір қыры.
«Растың» екінші қырына келсек, онда растың растығын тану мәселесіне тірелеміз. Бұл – философиялық мәселе. Растың растығын тани алмасақ, ол жөнінде не айтуға болады? Онда Алланың барлығына сенуден өзге амал жоқ. Бірақ Абай Алланы рас дегенде, оны ақиқат деп отырған жоқ, танылатын мүмкіндік, болмыс ретінде қарастырған.
Абайдың өлеңінің екі жолында «рас»- ты үш рет қолдануы тегін емес. Ол – өлеңді қабылдаушының ойына өріс бергендік. «Алланың өзі де рас емес, сөзі де рас», ал керісінше ойланып көрелік. «Алланың өзі де рас емес, сөзі де рас емес» - сонда рас не болғаны? Ақылың бар, сана - сезімің бар, ойлан, түйсін. Алладан өзге қандай расың бар? Абай расқа үшінші жағынан келген. Ол – оның тарихи мәнділігі. «Алланың өзі де рас...» осылай өткен тарихта болған, қазір де солай, болашақта да солай бола бермек. Рас – бұл мәнінде мәңгіліктің өлшемі. Алла рас, демек, ол – мәңгілік шындық, оның растығы – мәңгіліктігінде.
«Растың» төртінші қыры. Рас мәңгіліктің өлшемі дедік, бірақ болмыста өткінші жайлар да бар емес пе? Олардың барлығы да рас. Демек, «рас» дегенде біз оның мәңгілігін мойындай отырып, сонымен бірге оның өткіншілігін мойындамасқа болмайды. Сонда бүгінгі «рас» болған нәрсе ертең «рас емеске» айналуы мүмкін бе? Жоқ, рас емеске айналатын нағыз растың өзі емес, ол адамдардың «рас» пен «рас еместі» ажырата алмағандықтарынан туған, жалған нәрсені «рас» деп қателесулері. Рас әманда рас. Сондықтан Алланың ешқашан жалған (рас емес) болуы мүмкін емес. (жалғасы бар) 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Діни жоралғыларда құрандағы күнтізбе өзгертілмеуі қажет Діни жоралғыларда құрандағы күнтізбе өзгертілмеуі
Бұған дейін аталған аятты қамари жыл санауға негізделген күнтізбе қолдану керектігін көрсетуші мағынасында ғана емес, басқа түрлі күнтізбе
Пайғамбарлар Пайғамбарлар
Әлбетте, пайғамбарлар – адамзат қоғамының жетілу шыңында тұрғандар. Олар – Жаратушы мен адамзаттың арасын байланыстыратын хабаршы. Пайғамбардың келу
Нан қиқымының шарапаты Нан қиқымының шарапаты
Діни аңыздарда перғауынның саусақтары тозақ отына күймейді деп айтылады. Мұса пайғамбарға қиянат жасап, оның қауымын азапқа душар қылған перғауын
Дінге сенбейтіндер ерте қартаяды екен. Дінге сенбейтіндер ерте қартаяды екен.
Аллаға сенбейтін, сенім қағидаларын сақтамайтын адамдар өмірдегі барлық жағдай Алла тағаланың қалауымен болатынына иланбайды. Көптеген ғылыми
Діни баталар Діни баталар
Құдайдың құлымын дегейсің, Мухаммед үмбетімін дегейсің. Шадияр досым дегейсің, Имам ағзамның қауымында қыл, Шайтанның сәрінен сақта, Патшаның кәрінен
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×