ойын сауық отауы
Пайғамбарлар
31.10.2021 730 0 Admin

Пайғамбарлар

Аңыздар
Абай айнасы – рухани кемелдену
Пайғамбарлар
Әлбетте, пайғамбарлар – адамзат қоғамының жетілу шыңында тұрғандар. Олар – Жаратушы мен адамзаттың арасын байланыстыратын хабаршы. Пайғамбардың келу себебі мен мақсатын Абай былай деп түсіндіреді:
Замана, шаруа, мінез күнде өзгерді,
Оларға кез - кезімен нәби[i] келді.
(«Алланың өзі де рас, сөзі де рас», 1902 ж.)
Абай отыз сегізінші қара сөзінде әлем өмірі ортақ заңдылыққа бағынатынын білдіреді. Бірақ уақыт өткен сайын замана, адамдардың іс - әрекеттері (шаруа) және олардың болмысы (мінез) өзгеріске түсіп, бұл заңдылықтардан ауытқи бастайды. Адамзат әуелгі берілген рухани білімді ұмытып, имандылық жоын бұрмалайды. Бұл адамзат қоғамын надандық шырмауына түсіріп, өмірін бейберекет етіп, зардап шектіреді. Сол кезде мейірімді Жаратушының қалауымен, Абай сөзімен айтқанда, «Оларға кез - кезімен нәби келді». Пайғамбарлардың әкелген білімі – ақиқат, міндеті – адамды имандылық жолына салу. Ол білім адамзатқа әрбір қауымның өмір сүру жағдайы, әдет - ғұрпы, тағы сол сияқты ерекшеліктерге байланысты құлшылық етудің түрлі әдістерімен беріледі. Бірақ тағриф Алла (Алланы түсіну) мақсаты өзгермей, сол қалпында қалады. Себебі күллі мақұлық өзгерсе де, Алла – мәңгілік, Ол еш уақытта да өзгермейді. Мұы барлық қасиетті кітаптар да, әулиелер де жоққа шығармайды.
Пайғамбарлар жоғары әлемнен арнайы мақсатпен жіберілген жандар болғандықтан, оларды қарапайым адамдар деп ойлаудың өзі үлкен күнә болып табылады. Олар жер бетінде қарапайым адам ретінде өмірге келіп, өсіп - жетілуі мүмкін. Бірақ олардың негізгі мақсаты басқа, ол кейіннен білінеді. Айталық, өзіміздің пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с.) қырық жасқа дейін ерекше көзге түспей, қарапайым көпес ретінде өмір сүрсе, ал Иса пайғамбар (ғ. с.) жас кезінде балташы болған. Будда мен Заратуштра патшаның отбасында дүниеге келіп, ханзаданың рөлін атқарған.
Сондықтан пайғамбарлар алғашқы бетте жетілудің әр түрлі деңгейінде өмір сүруі мүмкін. Уақыты келгенде оны Жаратушы пайғамбар дәрежесіне көтереді. Алғашқы деңгей халықтың сол кездегі рухани деңгейіне байланысты болуы мүмкін. Болашақ пайғамбарлар сол халықтың ең жетілген бөлігінің арасында болады.
Уақыты жеткенде пайғамбарлардың ерекшелігін Алла тағаланың Өзі ашады. Бұл ашылу түрлі жолдармен болуы мүмкін. Ашылғаннан кейін пайғамбарларға Жаратушы көмегімен ерекше рухани күш - қасиет беріледі. Бұл ерекше рухани күш - қасиет пайғамбарларға басқаларды өзіне сендіріп, соңынан ертуге мүмкіндік береді. Сөйтіп ол Жаратушының жарлығын халық арасына жая бастайды. Жаратушының жарлығын халық арасына жая бастайды. Олар Жаратушының ықпалымен әрекет етіп, Оның ұлы жоспарын жүзеге асырудағы мінсіз құралына айналады.
Рухани қараңғы халықты өзіне еліктіру үшін пайғамбарлар кейде тылсым - сиқырлық, яғни мистикалық, әрекеттер де көрсетеді. Айталық, Иса пайғамбар (ғ. с.) су үстімен жүру, суды шарапқа айналдырып жіберу, өліні тірілту, ауруларды жазу сияқты неше түрлі ғажайып қасиеттері арқылы халықты соңына ерткен.
Әрбір пайғамбар жер бетіне ақиқатты шындық білім әкеледі. Берілген білім халықтың тұрмыс - жағдайы, салт - санасы, өмір сүру әдісі, тіл өзгешелігі, тағы басқа заман мен уақыттың ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі тілде немесе түрлі құлшылық жолымен берілгенімен, олардың барлығы да адамды имандылық жолына салып, көкірек көздерін ашып, бір Құдайға бағыттайды. Барлық пайғамбарлардың түп мақсаты бір. Ол – адамзатты имандылық жолына салып, рухани жетілуге мүмкіндік беру. Олардың барлығы да әуелі Абсолюттік ақиқат білім береді, бірақ уақыт ықпалы бұл ортақ білімді бөліп не болмаса жіктеп түрлі діндер тудырады. Сондықтан бүгінгі күндерде дін ұғымы Абсолюттің белгілі бір көрінісін ғана көрсететін бір жақты түсінік болып қалды.
Пайғамбарлар туралы Абай отыз сегізінші қара сөзінде былай деп жазады:
«Бұл үш түрлі фиғыл Құдайдың соңында болмақ, өзін құл біліп, бұл фиғылдарға ғашық болып, тұтпақты пайғамбарлар үйретті».
Ол үш түрлі фиғыл деп адамның білімін, рақымдылығын, әділеттілігін арттыруды айтып отыр. Абайдың айтуынша, жетілу дегеніміз – Құдайда бар осы үш қасиетті адамның өз бойына дарытуы. Бұлар жан қасиеті болғандықтан, құлшылық жолымен ғана жетіледі. Құлшылықты тұтпақты, яғни қалай істеуді пайғамбарлар үйретті. Бұл үш фиғылды дамытқанда, адамның жанының тазаруына мүмкіндік туады, яғни Құдайға қайтуға жол ашылады деген сөз. Данышпанның ойы бойынша, пайғамбарлар осы негізгі мақсатқа жету жолын үйренеді.
Пайғамбарлар адамды әулие дәрежесіне көтере алады. Себебі олар өздерінің рухани күшімен адамның нұсқасын мүлде өзгертіп тазартады да, оған әулиелік қасиеттер дарытады. Сондықтан пайғамбарлардың негізгі көмекшілерінің барлығы әулиелер болған.
Пайғамбарлар мен әулиелердің айырмашылықтары бар. Олардың біріншісі, пайғамбар болу – тек қана Құдай тағалаланың әмірімен ғана, ал әулие болу шын көңілмен таза беріліп, ынталы жүрекпен құлшылық еткен адамдардың өз қолдарында. Екіншісі, пайғамбарлық дәрежеге Құдай тағаланың ықпалымен жетілудің түрлі деңгейлерінен өтіп немесе бірден көтеріле алады, ал әулиелікке көтерілу үшін адамның біртіндеп жетілу және Құдай тағаланың шапағатынан басқа әркімнің ынта - жігері де керек. Үшіншісі, сол елшілердің түсірген хабарын басқаларға жеткізушілер. Төртіншісі, пайғамбарлар адамзат қоғамында белгілі бір діни ағымның негізін қалаушы, ал әулиелер сол діни ағымды нығайтып, өркендетушілер. Бесіншісі, пайғамбарлар хабарды Құдай тағаланың Өзінен алады, ал әулиелер қасиетті кітаптардан және рухани ұстаздардың мирастық тізбегі арқылы алады.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

[1] Пайғамбар.

Әулиелер Әулиелер
Әлбетте, әулиелер – рухани жетілу сатысындағы, яғни Абайдың «толық адам» танымындағы хакімдерден жоғары рухани ұстаздар. Әулиелер туралы: «...
Кәміл мұсылмандар Кәміл мұсылмандар
Абай рухани жетілу сатысының алғашқы деңгейіндегі адамдарды «кәміл мұсылман» деп атайды. «Мұсылман» арабтың «мүслим» деген сөзінен шыққан,
Абай айнасы – рухани кемелдену: Әулиелер Абай айнасы – рухани кемелдену: Әулиелер
Құдай тағала барлық жан иелеріне мейірімді болғандықтан, Ол сұраған тілекті орындайды. Бұл Құдайдан нені сұрап, нені сұрамауды білудің маңызын
Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу сатысы Абай айнасы – рухани кемелдену: Рухани жетілу
Рухани жетілу сатысындағы толық адамдардың басқалардан екінші айырмашылығы – олардың өмірлерінің түпкі мақсаты. Толық адамдардың мақсаты – Түп Иеге
Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан екенін түсінуі Абай айнасы – рухани кемелдену: Адам өзінің жан
Адамның жан дүниесі тазарып, білімі толысқан сайын өзін балайтын нәрселер шеңбері өсе береді. Ондай тұлғалар кемелдену барысында отбасы мүддесінен
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Алланың өзі де рас, сөзі де рас
Алланың өзі де рас, сөзі де рас Рас сөз ешуақытта жалған болмас. Көп кітап келді алладан, оның төрті Алланы танытуға сөз айырмас.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×