ойын сауық отауы
Құрбан айт 2017 жылы қыркүйек айының 1 күніне келіп тұр.
29.08.2017 5 247 0 Дауыл

Құрбан айт 2017 жылы қыркүйек айының 1 күніне келіп тұр.

Жаңалықтар
Құрбан айт 2017 жылы қыркүйек айының 1, 2, 3 күндеріне келіп тұр.

Құрбандық шалудың жөн - жобасы

Мұсылман - Аллаһ та алаға толықтай мойынсұнған жан. Сондықтан да Раббысына жасайтын ғибадатын өз ойынша емес, Аллаһтың белгілеген ережелері негізінде жасайды. Бұл жайлы Құран Кәрімде: «Кімде - кім Аллаһтың нышандарын (белгілерін) ұлықтаған болса күдіксіз бұл жүректегі тақуалықтан», деп айтылады (Хаж сүресі 32). Сондықтан да Аллаһ та ала мән берген нәрсеге біздің де көңіл бөлуіміз өте маңызды.

Осы тұрғыда Пайғамбарымыздың (с. а. у.):
«... Құрбан шалатын адам пышағын жақсылап қайрасын, малды қинамай жұмсақ бауыздасын»(Мүслим, Сайд 57; Әбу Дәуд, Әдәһи 11),- деген мына бір хадистің астары терең.

Мүмкін болса құрбандық шалатын жан жан өз құрбандығын өзі шалғаны - мұстахаб (ұнамды іс). Дегенмен өкілеттік беру арқылы басқа адамға да бауыздатуға болады. Құрбандық шалатын жанның мұсылман болғаны абзал.

Құрбандық шалған кезде төмендегі жәйіттерға назар аударған жөн:

*Құрбандық шалатын жердің таза болуына көңіл бөлу

*Құрбан шалатын жерге малды ұрмай - соқпай апару

*Құрбан малын құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызу

*Төменде келтірілген аяттарды мал бауыздалмай тұрып оқығаны абзал:

« Жүзімді мені керітартпа діндерден алыстатып, көктерді және жерді жаратқан әлемдердің раббысына бағыштадым»(Әнғам сүресі, 6/79).

«Былай де: «Менің намазым да, түрлі ғибадаттарым да, өмірім мен өлімім де үнемі әлемдердің раббысы Аллаһқа тән. Оның серігі жоқ. Маған айтылған бұйрық осы. Оған алғашқы болып бас иген де менмін»(Әнғам сүресі, 6/162 - 163).

*Осы аяттар оқылғаннан кейін немесе бұл аяттар мен дұғаларды білмесе «Иә, Аллаһ та алам, досың Ибраһим, сүйіктің Мұхаммадтен с. а. у. қабыл алғандай менен де қабыл ала гөр!» деп, яки осыған ұқсас дұға оқуға болады. Кейіннен «Аллаһуәкбар!»және «Лә иләһә иллаллаһ»деп айтылады.

* Құрбан шалатын адам малды қинамай жұмсақ бауыздауға көңіл бөлуі керек. Малдың көзінше жалаңдатып пышақ қайрауға болмайды. Пышақ өткір болуы тиіс.

* Малды құбылаға қарата жатқызғаннан кейін оң қолымен « Бисмиллаһ, Аллаһу әкбар»деп бауыздайды. Құрбандық малды басқа адамға бауыздатқан кісі мал бауыздалып жатқанда «Бисмиллаһ, Аллаһу әкбар»деп қосса айтқан жөн. (Малды бауыздайтын кісі бауыздарда білетұра әдейі бисмиллаһ деп айтпаса Ханафи мазхабы бойынша ол малдың еті желінбейді)

*Малдың жаны бойынан толық шығып болғанға дейін оның терісін сыпыруға болмайды.

*Малдың қаны толық ағып біткенше күтіледі.

* Құрбан шалғаннан кейін сол маңайдың тазалығына да көңіл бөлу керек. Малдың қан - жынын ашық-шашық далаға қалдырмай, көміп тастаған жөн. Бұл - құрбандық малына әрі құрбан құлшылығына деген құрметтің белгісі.

Құрбандық шалудың уақыты

Ғибадат Аллаһ та ала талап еткен, белгіленген мезгілде және орында жасалуы шарт. Сондықтан құрбанның дұрыс болуы үшін діни тұрғыдан оның белгіленген уақытта бауыздалғаны жөн.

Құрбан шалудың уақыты құрбан айттың бірінші күні айт намазынан кейін басталып, айттың үшінші күні ақшамға аз уақыт қалғанға дейін жалғасады.

Жарықтандыру жүйесі нашар орындарда түрлі қателіктерге жол бермеу үшін түнде құрбандық шалу мәкруһ болып саналады. Ал жарықтандыру мүмкіндігі жеткілікті жерлерде түнде де құрбандық шалына береді. Құрбан айтқа арнап алынған мал құрбан айтта бауыздалмаса, малдың өзін садақа ретінде атау қажет.

Үзір себептерге байланысты құрбан айт намазына бара алмай қалған адамның, намаз оқып болатындай уақыт өткеннен кейін құрбанын шала беруіне болады. Пайғамбарымыздан с. а. у. құрбан шалудың уақытына байланысты бірнеше хадис риуаят етілген. Бәрә ибну Азибтің риуаяты бойынша:

«Аллаһтың Елшісі с. а. у.: «Біздің бұл күнде алғашқы жасайтын - ісіміз намаз оқу, сосын қайтып келіп, құрбанымызды шалу. Кім осылай істесе біздің сүннетімізге ергені. Ал кімде - кім бұдан бұрын құрбанын шалатын болса, бұл құрбанның отбасына берілген еттен айырмашылығы жоқ. Бұның құрбан болуы мүмкін емес». Басқа бір хадисте: «Кімде - кім намаздан бұрын құрбанын шалса, қайтадан шалсын», - деп, намаздан бұрын құрбанын шалса, қайтадан шалсын», - деп, намаздан бұрын шалынған малдың құрбандыққа есептелмейтінін ескертеді.

Құрбандыққа шалынған малдың ЕТІ МЕН ТЕРІСІ

Бай болсын, кедей болсын құрбан айтта шалған құрбандығының етін жеуіне болады. Құрбандыққа шалынған малдың етін үш бөлікке бөліп тарату - мұстахап. Бір бөлігі - туған - туыс, көршілеріне бай болса да сыйға тартылады.,

екінші бөлігі - кедей және мұқтаж адамдарға, үшінші бөлігі - өзінің отбасына, бала - шағасына тиесілі. Бірақ шалынған малдың етін түгелдей кедей - мұқтаждарға таратуға да болады. Егер құрбандық шалған адам аса дәулетті болмаса және жанұясында адам саны көп болса онда құрбандықтың етін түгелдей өзінің отбасына да қалдыра алады.

Аллаһ та ала Құран Кәрімде құрбанның еті турасында былай дейді: «Құрбанның етінен өздерің жеңдер әрі міскіндер мен кедейлерге жегізіңдер» (Хаж, 22/28)

Пайғамбарымыздың с. а. у. шалған құрбанының етін қалай таратқандығы турасында Ибн Аббас былай деп риуаят етті: «Пайғамбарымыз с. а. у. шалған құрбандығының үштен бірін - отбасына, үштен бірін - кедей көршілеріне, қалған үштен бірін садақа ретінде тарататын».

Уәжіп болсын, нәпіл болсын құрбандыққа шалынған малдың етін, терісін, сирақ - басын және және сүтін сатуға болмайды. Құрбан малының аталмыш бөлшектері сатылған жағдайда құны кедейлерге садақа ретінде беріледі. Құрбанға шалынған малдың ешқандай бөлшегінен қасаптың ақысы ретінде төлеуге болмайды.

Хазірет Әлидің былай дегені риуаят етіледі: «Аллаһтың Елшісі с. а. у. түйелер құрбандыққа шалынған уақытта басында тұруымды және терілері мен жүндерін тартуымды әмір етті. Олардың ешбір нәрсесін қасап ақысы ретінде беруге маған тыйым салды. «Қасап ақысын біз өзіміз береміз»,- деді

(Муслим, Хаж, 348)

Құрбандыққа шалынған малдың терісін кедейлерге, қайрымдылық қорларына беруге болады.(Ислам ғылымхалы, 401 - 402 - б)

БІРІГІП құрбан шалуға бола ма?

Қой немесе ешкі іспетті ұсақ малды құрбандық ретінде тек бір адам ғана шала алады. Ал түйе немесе сиыр секілді ірі - қара малдарды бір кісіден жеті адамға дейін бірігіп немесе бір адам жеке өз атынан да соя алады. Құрбан шалуға біріккен кісілердің барлығының ниеті құрбандық құлшылығын өтеу мақсатында болуы керек. Егер осы адамдардың ішінен біреуі құрбандыққа тек ет алу ниетімен қосылса, барлығының да құрбандығы құрбандық ретінде саналмайды.

Құрбан шалуда өкілдік

Құрбандық малын мүмкіншілігі болса, мойнына уәжіп болған адамның өзі шалғаны абзал және сауабы мол. Бірақ басқа біреуге өкілдік беруіне де болады. Құрбанды бауыздайтын адамның мұсылман болғаны абзал. Яһуди немесе Христиандарға да бауыздатуға болады. Өйткені Құранда кітап иелерінің Аллаһ та ала үшін бауыздағандарынан жеуге болатындығы баяндалған. «Кітап берілгендердің бауыздағандары және басқа да тағамдары сіздерге халал етілді. Сендердің тағамдарыңда оларға да халал етілді».(Мәйда сүресі. 5/5).

Құрбан шалу уәжіп кісі басқа бір адамды телефон арқылы немесе хат сияқты жолдармен өзінің орнына өкіл ретінде құрбан шалуы үшін тағайындай алады. Өкілге «менің орныма құрбан алып, шал»деп айтылған уақытта, өкіл сол адамның атына құрбан алып шалады. Хазіреті Әлидің Пайғамбарымыздың орнына өкіл ретінде құрбан шалғаны жөнінде риуаят бар.

МАРҚҰМ болған кісінің атынан құрбан шалуға бола ма?

Кез – келген адамның дүниеден озған туысына немесе қадір тұтқан кісілеріне сауабын бағыштау ниетімен құрбандық мал шалуына болады. Бірақ мойнына құрбандық шалу уәжіп болған кісі ең әуелі өз атынан құрбандық шалуға тиіс. Осыған дәлел ретінде Әбу Дәуд өзінің «сунна»атты еңбегінде «Қайтыс болған кісінің атынан құрбандық шалу»деген бөлімінде мына хадисті келтіреді:

«Әзіреті Әли р. а. біреуін өзі үшін екіншісін Пайғамбарымызға атап екі құрбандық шалатын. Бұның себебін сұрағандарға ол: «Аллаһтың елшісі кеудемде жаным бар кезде Өзі үшін құрбандық шалуымды өсиет етіп кетті»,- деп жауап берген екен».

Бұл жерде мына мәселеге де басты мән беру керек; егер қайтыс болған кісі өз атынан арнайы құрбан шалуды өсиет етіп айтып кеткен болса, бұл құрбандық осы айт күндері шалынуы тиіс. Құрбандық шалған адам оның етін жей алмайды. Оның етін толығымен таратуы керек. Егер қайтыс болған кісі арнайы өсиет етпей, бірақ сөйте тұра оның артынан қалған дүние - мүліктен алынып құрбан шалынса да оның үкімі әлгідей болады.

Ал марқұм өсиет етпеген, бірақ сіз ізгі ниетпен өз қаражатыңызға мал сатып алсаңыз оны құрбан айт күні, немесе басқа кез - келген уақытта шалуға болады. Мұндай құрбандықтың етін жоқ жітікке таратуға да өз отбасыңызға да қалдыруға болады.

Дереккөзі: islam-shalkar.kz

Сұлтанмахмұт Торайғыров - Алаш ұраны Сұлтанмахмұт Торайғыров - Алаш ұраны
Алаш туы астында, Біз алаштың баласы. Күніміз туып көгерді, Сарыарқаның даласы.
2019 жылы қасиетті рамазан айы 6 мамырда басталады 2019 жылы қасиетті рамазан айы 6 мамырда басталады
Ораза 2019 жылы 6 мамыр, яғни дүйсенбі күні басталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға сәйкес келеді.
Құрбан шалу тәртібі Құрбан шалу тәртібі
2018 жылы Құрбан айттың бірінші күні 21 тамызға тура келеді.
Ораза 2017 Ораза 2017
Биыл Рамазан айы мамырдың 27 - сі күні басталады.
Теңеу Теңеу
Көздері қанығы Күдіксіз таныды: Бабамыз болыпты Даланың балығы.
Құрбан айт  мерекесі Құрбан айт мерекесі
Құрбан - араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаһқа жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×