Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түріне қарсы препарат ойлап тапты
Жаңалықтар
Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түріне қарсы препарат ойлап тапты.
Ресей ғалымдары қатерлі ісіктің барлық түріне және кезеңіне қарсы ойлап тапқан гендік - инженерлік препаратты ғарышта сынақтан өткізді. Бұл жайында «Известия» газетіне берген сұхбатында Федеральды медико - биологиялық агенттіктің (ФМБА) Мемлекеттік ғылыми - зерттеу институтының директор орынбасары, профессор Андрей Симбирцев мәлімдеді.
Газеттегі сұхбатта жарияланғандай, қатерлі ісіктерді емдеуге арналған жаңа препарат биотехнология көмегімен алынған. Ғарыштық сынақты сәтті өткізген институт енді клиникаға дейінгі сынақты жақсы аяқтап, онкология саласындағы ғылыми жетістікті жетілдіре түспек.
Симбирцевтің айтуынша, препарат меланом және сарком секілді қатерлі ісік түріне шалдыққан тышқан мен атжалманға салынған. Препарат сырқаттың кез келген кезеңінде де тиімді болып табылып, жағымды нәтиже көрсеткен. Сынақ кезінде дәрінің жанама әсерлері анықталмаса да, қауіпсіздік жөніндегі соңғы шешім шығаруға әлі бір жылдай уақыт керек көрінеді. Тек содан кейін ғалымдар жаңа препарат бойынша клиникалық сынақ жүргізуге кіріседі. Ал, клиникалық сынақ жұмыстарына әдетте 2 - 3 жыл уақыт кетеді.
Дереккөзі: muslim.kz

Зейнеп апаның кеңестері
40 саны адамның жаратылысымен тікелей байланысты. Баланы не үшін қырқынан шығарады? 40 күн ана үшін де, бала үшін де қатерлі кезең болып саналады.
Жиі қолданылатын дәрілер жиынтығы
Алда қыс айлары келе жатыр, бәріміз бір рет болса да аурымай тұрмайтынымыз шындық. Осы кезде үй аптекасында мынадай дәрілер болғаны абзал, есте
Ұзақ өмір сүру үшін керекті үш тағам түрі
Варшава университетінің ғалымдары жаңғақтар, көкөністер мен жемістер және шоколад пайдасын дәлелдеді. Олар бұл өнімдердің қасиеттері адамның
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаған дұрыс,
Көпшілігі шай немесе кофе ішу үшін шәугімді отқа қойып өшіруді ұмытып кетеді немесе қайнаған соң өшіріп, біраз уақыттан соң қайта қайнатады
АҚШ - тың Ресейге салған санкциялары теңгенің
Алдағы уақытта да доллар құны тоқтаусыз өсе беретін сыңайлы. Бұған арзан мұнайдан бөлек, АҚШ - тың Ресейге салып жатқан жаңа санкциялары себеп
12 сәуір – Ғарыш күні
Адамдар ғарышқа ұшуды армандайтын. Бiрақ, ол қолдан келместей көрiнетiн. Ғарышқа 1961 жылы 12 сәуiр күнi тұңғыш рет Юрий Гагарин ұшты.