ойын сауық отауы
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік неден басталады
17.02.2020 2 220 0 Admin

Мамандық таңдаудағы жауапкершілік неден басталады

Жаңалықтар
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік неден басталады
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысы) «Орта білім берудің жаңартылған мазмұнға көшуі аяқталғаннан кейін 12 жылдық оқытуға кезең - кезеңімен көшу басталады. 12 жылдық мектептің жоғарғы сатысы болашақ кәсіпті таңдау үшін элективті пәндерге бейінделеді» деп көрсетілген. Бұл жердегі элективті пәндер дегеніміз – белгілі бір мамандыққа бейімделген балалардың таңдауы бойынша оқытылатын пәндер. Пәндер оқушылардың белгілі бір мамандықты таңдауымен байланысты топтастырылады. Біздің бүгінгі әңгіме қылғымыз келіп отырғаны – баланың мамандықты таңдап, сол бағыттағы пәндерді тереңдете оқуы ғана емес. Оқушы осы таңдауға қалай келді? Дәлірек айтқанда, осы «өзім ұнаттым» деген мамандығын ол қалай ұнатты? Баланың өзі таңдады ма, оған кім ақыл - кеңес берді, бұл мамандықты ол неге таңдады, оның осы мамандықты таңдауына не нәрсе немесе қандай оқиға себепші болды? Тіпті ол осы мамандықты шынымен ұнатты ма? Сұрақ көп... Ол заңды да. Себебі баланың қазіргі таңдаған мамандығы оның алдағы бар өмірінің мәні мен мазмұны.
Қазіргі мамандықтар, менің ойымша, табысы көп, табысы аз болып бөлінетін сияқты. Ата - ана баласын сол айлығы көп мамандыққа қарай бейімдейді. Сосын офисте отыратын, таза киініп жүретін. Енді бір айтар ауызға, естір құлаққа ұят таңдау түрі бар. Ол – дәл қазіргі сәтте тумаласы, жақын - жуығы, таныс - тамыры басшылық орында жүрген сала. Жоғары оқу орнын бітіріп келген жас маман сол адамның көлеңкесін паналайды. Соған осы күннен дайындала бастайды. Сонда тек ата - ана емес, баланың өзі де мектеп бітірмей жатып, биік мансап, жоғары лауазым, мол ақшаны көздейді (бәрі емес, әрине). Біз ұрпағымызды осы бір үлкен қателіктен арашалауымыз керек. Жастардың санасына кез келген мамандықтың адам жанына сыйлар мол ләззаты, қуанышы мен ризығы болатындығын сіңіруіміз керек. Тек оны жақсы көріп, жан - тәніңді салып еңбектене біл. Әсіресе кәсіптік техникалық сала мамандықтарының күнделікті өмірде кез келген жағдайда қажет болатындығын ескере бермейтініміз, өкінішті. Аспаздық, тігіншілік, ағаш өңдеуші, электрик сияқты кез келген адамның меңгеруіне тиісті мамандықтардың қадірін біле бермейміз. Сондай - ақ мал, егін шаруашылығымен айналысып жүрген қарапайым жандар, солардың еңбек жолдарындағы өсу, өркендеу сатылары... Тынымсыз еңбектің арқасында олар жеткен жетістіктер....
Мектептегі, қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірмелерден басқа оқушылардың мамандық таңдауына ерекше ықпал ететін бір шара – кездесу деп ойлаймын. Білім беру ұйымдарында қарапайым еңбек адамдарымен кездесу өткізу деген игілікті шара ұмытылып бара жатқан сияқты. Біздер қазір ақын - жазушылармен, депутаттармен (ондай кездесулер де жақсы ғой, кездеспесін деп отырғаным жоқ) кездесеміз. Ал қарапайым жұмысшымен кездесу өтіпті дегенді естімегеніме көп болды.
Сондай - ақ жоғарыдағы аталып өткен мамандық иелерінің жұмыс орындарына барып, жұмыс мазмұнымен танысып, жеткен жетістіктері туралы әңгімелерін тыңдатса...
Жоғары сынып оқушыларын 3 ай каникул кезінде бір ай егін шаруашылығы, мал шаруашылығы т. б. жұмыс орындарына жіберіп отырса, электрик, ағаш шебері т. б. мамандық иелерінің қасына жіберіліп, өз қолдарымен жұмыс жасап көрсе...
Сөз соңында айтарым, жастар мамандық таңдауда оның қиындығынан қашпай, жүрегі қалаған, жанына жақын тұтқан мамандықты таңдаса деймін. Ал үлкендер тарапынан жеткіншектің сол қадамына қолдау көрсетілсе...

Дүйсенбаева Ақзия Төренқызы,
«Өрлеу»БАҰО»АҚФ
Маңғыстау облысы бойынша
ПҚ БАИ директорының
орынбасары

Еркектің бақытты болмағы неден? Еркектің бақытты болмағы неден?
- Еркектің бақытты болмағы неден? - Әйелден. - Еркектің бақытсыз болмағы неден? - Әйелден.
Сыныптағы шу неден болады? Сыныптағы шу неден болады?
Мұғалімнің ең бірінші қорқынышы да, төзімінің жетіспеуі де сабақ кезінде орын алатын оқушылардың шуы.
2019-2020 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі 2019-2020 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі
2019-2020 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жариялнады.
Білім грантына ілікпеген жағдайда не істеуге болады? Білім грантына ілікпеген жағдайда не істеуге
Құрметті талапкерлер мен ата - аналар! Білім беру гранттары конкурсының нәтижелері барлық қатысушылардың үмітін ақтамады, өйткені түлектердің 30%
Білім беру кредиті – оқу ақысын төлеудің балама мүмкіндігі Білім беру кредиті – оқу ақысын төлеудің балама
Ағымдағы жылы білім грантына ие бола алмаған талапкерлер оқудың ақысын төлеуде қаржы жағынан қиналған жағдайда Білім беру кредиттерін кепілдендірудің
1 қыркүйек білім күніне арналған құттықтаулар 1 қыркүйек білім күніне арналған құттықтаулар
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×