Сыныптағы шу неден болады?
Жалпы кеңес
Сыныптағы шу неден болады?
Мұғалімнің ең бірінші қорқынышы да, төзімінің жетіспеуі де сабақ кезінде орын алатын оқушылардың шуы. Шудың да түр - түрі болады. Балалар даладан ойнап келгенде, дене шынықтыру пәнінен келгенде, сыныптағы оқушылардың жартысынан көбі холерик темпераментіндегі оқушылар болғанда, гипербелсенділердің іші пысқанда, сабақ қызық болмағанда, айналысатын жұмыс балаға тым жеңіл болғандағы жұмыс шуы мен тақырыптан ауытқып, назар басқа жаққа ауғандағы жағдайда кездесетін шулар.
Менің ойымша әр кабинетте сынып тақтасы болғанымен өздерінің белгілі бір ережесі болмауынан шу бар, ереже бар болса да оны үнемі дамытып отырмауынан болады. Оқушылар сол ережені өздері жасайды ма?
Оқыту барысында оқушылар тек партада қимылдамай отырғаннан шаршайды, мұндай еркіндік атмосферасын сезінбейтін білім алушылар ең шулы сынып болып қалыптасады. Керісінше сыныпта бір - бірімен жұмыс барысында орындарынан тұрып, топтарға бірнеше рет бірігіп, өз орнына қайта оралып еркін араласатын оқушылардың үшін шуы білінбей өтеді, өйткені олардың өзара әрекеттесуінде үлкен мән бар. Мұғалім сыныптағы қозғалыста оларды қатты шектемейді, бұл сабақты тиімді жоспарлау мен мақсаткерлікті ұйымдастырудан болады деп санаймын. Әр оқушы өзінің не істейтінінен неге жету керектігінен жақсы хабардар, қолында нұсқау мен сұрақтары бар.
Белгілі Итальян педагогы М. Монтессори «... еркіндіктегі тәртіп дәстүрлі мектеп әдістерінің жақтаушылары оңайлықпен түсіне қоймайтын, мәні зор принцип», - дейді. Еркін балалардың класында тәртіпке қалай қол жеткізуге болады? Тәртіп еркіндікке негізделген жағдайда да тәртіптің өзі де міндетті түрде пәрменді, белсенді болу керек. Әдетте біз жеке адамды мылқау секілді үндемей қалатын, сал болған адам секілді қозғалмай тұратын күннен бастап тәртіпті деп есептейміз. Бірақ, бұл тәртіпті емес, әбден құрып біткен адам.
Сабақ кезіндегі шу дегеніміз баланың қоршаған ортаға табиғи реакциясы, бұл биологиялық - психологиялық процесс. Сіздің сабақ қызық емес пе, не тым ауыр ма, тым жеңіл ме, бала қызықты басқа жақтан іздей бастайды.
Баланы өзімізден алшақ ұстайтын болсақ, біз оның түрлі реакциясын, тани алмаймыз, ол шулап жатыр, мені әдейі тыңдамай жатыр деген ой пайда болады мұғалімде.
Ашық сабақ бергенде мұғалімдер шуламайтын сыныпты таңдайды, әдетте байқасақ мұндай сыныптағы оқушылардың идеялары аз болады, өйткені М. Монтессоридің ойындағыдай өзіміз оларды тынышталдырамыз деп ауызын аштырмай, әбден шектеп тастағанбыз.
Яғни, баланың сабақ кезінде бір мәселеге деген эмоциялық реакциясын ажырата алмасақ, оны тиімді басқара алмасақ, қажетті арнаға бұру үшін ойлы сұрақ қоя алмасақ, онда жөнсіз шуды күте беріңіз.

Шешім қабылдаудың төрт түрі
Уақыттың дұрыс белгіленбеуі шешім қабылдау уақытына да кері әсерін тигізеді немесе керісінше дер кезінде қабылдаған шешім көп уақытты шығындайды.
Еркектің бақытты болмағы неден?
- Еркектің бақытты болмағы неден? - Әйелден. - Еркектің бақытсыз болмағы неден? - Әйелден.
Мамандық таңдаудағы жауапкершілік неден басталады
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (Қазақстан Республикасы
Күлкі – тегін дәрі
Күлімсіреу арқылы өз денсаулығыңды нығайтуға болады екен. Психолог мамандардың адам көңіл - күйі болмаған сәтте өзін күлімсіреуге мәжбүрлеу арқылы
1 қыркүйек білім күніне арналған құттықтаулар
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар және барша қазақстандықтар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, мереке – Білім күнімен
Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы
Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қатынастар еңбек шартымен қарастырылған болса, мекемедегі ішкі еңбек тәртібі Ережесі не үшін қажет?