ойын сауық отауы
Ішкі және сыртқы мотивация туралы
31.01.2021 4 464 0 Admin

Ішкі және сыртқы мотивация туралы

Жалпы кеңес
Ішкі және сыртқы мотивация туралы
Адамды алға жетелеуші күштердің бірі – мотивация (уәж, ынта) екендігі мәлім. Өз кезегінде мотивацияның екі түрі бар: ішкі және сыртқы.
Ішкі мотивацияға өз тұлғаңды, істеп жүрген жұмысыңды бұдан да бетер жақсартуға деген ұмтылыс, еңбегіңнің мән - мағынасы мен еленуі, асқақ идея үшін әрекеттену, борыш, ұят пен жауапкершілік секілді рухани, моральдік факторлардың жатады.
Сыртқы мотивацияға қызметкердің өзіндік қасиеттерінен тыс, шешімі оның қолында емес факторлар жатады: жұмыс жағдайларын жақсарту, жалақыны көтеру, үстемелер, марапаттау мен сыйақылар, т. б.
Сыртқы мотивация негізінен өндірісте (зауыт, фабрикаларда, фирмаларда) жақсы жұмыс жасайды: жұмыс жағдайыңды жақсартса – көбірек өнім бересің, ал көбірек өнім берсең - жалақың да көбейе түседі.
Мектеп мұғалімі сынды жоғары зияткерлікті қажет ететін, шығармашылыққа негізделген кәсіптерде ішкі мотивацияның маңызы өте жоғары. Әрине, мұнда ешкім де жалақыны көтермеу керек деп айтып жатқан жоқ: мұғалімдердің жалақысын көтеру қажет! Әрине, мұғалімдерге жұмыс жағдайын жақсартпау керек деп те айтып тұрғаным жоқ: оны да жақсарту керек!
Мәселе сыртқы мотивацияны басымдыққа айналдырмауда: мұғалім кәсібінде ішкі мотивация қашанда жоғары тұрады.
Шындығында да «Шіркін, мектебімізге күрделі жөндеу жасалса екен!» немесе «Ескі мектептен жаңа мектепке қашан көшер екенбіз?! Жаңа мектепте жұмысты да жақсартар едік!» деп, «Сыныбымда интербелсенді тақта болса ғой! Сабақты кереметтей етіп өткізер едім!» немесе «Жалақым көтерілсе, қатырар едім!» деп армандаған мұғалімдердің тілектері орындалған күннен бастап, олардың лезде өз жұмысын жақсартты деген әңгімені естіген емеспін өзім.
Оның мысалдары да көп. Әріптесіміз Берік Қ. Алматы қаласындағы бір мектеп директорының ылғи да мектебінің ескі екендігін және онда бір де бір интербелсенді тақта жоқтығын айтып қынжылатындығын келтіреді: «Егерде күрделі жөндеу жасап, интербелсенді тақталарды көбейтсек, онда мектебіміздің жұмысы да алға басар еді!» деп арман - арызын айтақан екен әлгі басшы. «2 жылдан кейін ол директорды тағы да кездестірдім» дейді Берік Қ.
- Мектебімде өткен жылы күрделі жөндеу жасалды! - деп қуанышымен бөлісіп жатты мектеп директоры.
- Интербелсенді тақталар қойылды ма сыныптарға? - деп сұрадым.
Ол кісі мектебінде 44 тақта қойылғанын айтты.
- Онда жаңа мектепте күрт көбейген жабдықтардың арқасында мұғалімдердің жұмысы да жақсара түскен болар? – деп сұрап едім, ол кісінің түсі жабығып кетті:
- Жоқ, мұғалімдеріміз сол баяғы қалпында. Олардың тіпті сылтаулары көбейіп кетті: «Жасаған ремонты осы ма? Бұлай жасағанша, жасамағаны артық еді! Мына интербелсенді тақта дегендеріңіз уақытты босқа шығындау екен! Бұған қоса тез істен шығады құрғырлар! Бұлардың болғанынан болмағаны артық еді!» деп».
Жалақының көтерілуі де дәл осылай: алатын ақшасы жоғарылап, ертеңіне жұмысын лезде жақсартқан мұғалімдерді өз басым көрген жоқ. Осыдан бірнеше жыл бұрын 1 - деңгей курсын аяқтап, жалақысы 100%- ға өскен мұғалімдердің кәсіби білігі дәл сол күннен бастап және кейіннен де 2 есе өспеген шығар.
Әрине, сыртқы мотивация көзге көрінеді, жағымды да жанға жайлы, өйткені жұмыс жағдайын жақсарту мен жалақының көтерілгенін кім жақтырмайды?! Алайда педагогикалық кәсіпте ең басты мәселе ішкі мотивацияда, әр мұғалімнің өз кәсіби шеберлігін тұрақты түрде жақсартамын деген ниетінде. Өз еркімен, өздігімен. Ешкімнің мәжбүрлеуінсіз. Ұялғанынан. Өз борышын мүлтіксіз атқару идеясы ауқымында. Үйрену - мұғалімнің негізгі мақсаты мен міндеті деген түсінік аясында.
Мен тіпті ішкі мотивацияны «Бір Алланың ризашылығы үшін өмір сүру мен қызмет жасау!» деген ұстаныммен түсіндірер едім: ешкімнен ештеңе сұрамай, «Еңбегім еленбеді - ау!» деп қапаланбай, «Менің жұмысымды Алла көрсін! Маған Әлемдердің Раббысы риза болсын! Беретінді Жаратушы Иеміз берсін!» деген ниетте ұстаздық борышыңды орындау.
Әрине, бұл – оңай шаруа емес! Жан - жағыңа қарап, өз еңбегіңнің елеп - ескерілмей жатқанын байқап, сен емес – өзгелердің марапатталып жатқанын көріп, саған емес – өзгелерге қолайлы жағдайлар жасалып жатқанына көз жеткізген соң, сабыр сақтап, тәубеңді шақырып, өз ісіңді асқан ыждһаттықпен атқару – тек нағыз биік тұлғалардың қолынан келетін іс шығар.
Қабырғасын қаусатып,
Бір - біртіндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске!..
Сіздерге Алла разы болсын, асқақ идея үшін еңбектеніп жүрген ұстаздар!

Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір күн демалыңыз. демалысыңызда мотивация мен ендігі аптаға жоспар құрыңыз Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір
Күнделікті қайталана беретін жұмыстан шаршайтынымыз анық. Аптасына бір рет өзіңізге, жақсы демалыс арнаңыз. Реті келсе тауға барып қайтыңыз болмаса
Адамға мотивация беру әдістері Адамға мотивация беру әдістері
Адамға мотивация беру әдістері Бәріміз өмірде жетістікке жеткіміз келеді. Армандаймыз, мақсат қоямыз, жоспар жасаймыз.
Мен жақсы адаммын ба? (мотивация) Мен жақсы адаммын ба? (мотивация)
Мотивация - Мен жақсы адаммын ба? - Әрине, сен өте жақсы адамсың.
Сүйкімділік – дүниенің сұлулығы Сүйкімділік – дүниенің сұлулығы
Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы, өзінің мінез - құлқы, қылығы, ісі, басқа адамдарға қарым -
Менің ішкі жан дүниеме үңілмей-ақ қойыңыз – оның сізге ұнай қоюы екіталай Менің ішкі жан дүниеме үңілмей-ақ қойыңыз – оның
Менің ішкі жан дүниеме үңілмей-ақ қойыңыз – оның сізге ұнай қоюы екіталай.
Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қатынастар еңбек шартымен қарастырылған болса Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы
Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы қатынастар еңбек шартымен қарастырылған болса, мекемедегі ішкі еңбек тәртібі Ережесі не үшін қажет?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×