ойын сауық отауы
Тұсаукесер
11.03.2017 49 618 1 Дауыл

Тұсаукесер

Бұл қызықты
Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным

Әлбетте, баланың тұсауы ала жіппен, қойдың майлы шегімен немесе өрілген көк шөппен кесіледі: Ала жіп ақтық пен адалдыққа жол ашады, майлы шек байлыққа, тоқтыққа жетелейді, көк шөп көбеюге, өсуге, өнуге шақырады. Қонақтар жиналғаннан кейін ортаға той иесі – кішкене сәбиді әкеледі. Ақ кимешек киген әжелер шашу әкеледі. Олар шашуын дайындап тұрады. Бұрындары баланың тұсауын алып еткізіп өткір сапымен кескен. Баланың келешегіне қайшылау болмасын деп қайшымен кеспеген екен. Тұсау кесердің алдында баланың қолына ерекше бір сыйлық ұстатқан. Сосын жиналған жұртқа қарап, балаға бата – тілегін айтатын болған. Ел «Әумин» деп бетін сипаған соң тұсау кесіледі де, баланың әбден естияр болған аға - әпкелері сәбиді «қаз - қаздап» жұртқа қарай біршама жүргізеді. Баланың тұсауын кесетін адам өмірде сүріншек, шалағай, зуылдақ не өтірікші болмағаны жөн. Керсінше жүріс - тұрысы ширақ, өмірде орнықты, нық адам болғанын баланың әке - шешелері қалайтын болған. Той иелері тұсау кесушіге өзінің сый кәделерін жасайды. Тұсауды кескен сапы не пышақ иесіне қайтарылады да, кесілген ала жіпті сол топтағы жаңа нәрестелі болғандарға немесе бала көтере алмай жүрген жұптарға ырым қылып таратып береді
Осы кезде шашу шашылады, тұсау кесер жыры айтылады.(Бұл тұсау кесу жырын бір адам жеке дауыспен немесе жиналған жұрт қосылып айтады.)

Тұсау кесер жырын айтайық.
Қаз - қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Қаз - қаз, балам, қаз, балам,
Тақымыңды жаз, балам.
Қадамыңа қарайық,
Басқаныңды санайық.
Қаз - қаз, балам, жүре ғой,
Балтырыңды түре ғой.
Тай - құлын боп шаба ғой,
Озып бәйге ала ғой.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың!
Өмірге аяқ баса бер,
Асылардан аса бер.
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың.
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе.

Жолың болсын деселік,
Жолыңа нұр төсейік.
Жарылқасын алдыңнан.
Тұсауыңды кесейік
Тұсауыңды кесейік!
Күрмеуіңді шешейік - деп жырлайды.
Тұсаукесер ырымын жасайық. (Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)

Келін бала (баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)
Тәй - тәй балам, тәй балам,
Шақырып тұр айналаң,
Жүруге алғаш талпындық
Құтақандай жан балам,
Қаз - қаз тұрып талпындың,
Қуантасың, күлесің.
Аман болсаң аз - ақ күнде
Алшаң басып жүресің

Тұсау кесуші әже: (Ортаға аяғын тәй - тәй басқан баланы әкеліп, беліне кішкентай қалта байлайды, оның ішіне тәттілер салып тұрып)
Беліңе қалта байладым,
Дәулетіңді асырсын,
Ішіне тәтті сайладым,
Қиындықты қашырсын!
Айналайын балам, өзің қандай сүйкімді едің.
Тіл көзім тасқа.
Бөпеміз қаз тұрыпты,
Алға қадам басуға,
Тәй - тәй болып жүріпті,
Асулардан асуға.
Маған тұсау кестіріп
Жатқандардан бұйрық сол;
Мені жүйрік депті жұрт
Менен асқан жүйрік бол.
(Тұсау кесетін әже қолына ала жіпті алып жатып)
Ала жіппен тұсайын
--------------------- аяғын
Тұсау жібін кесейін
Жасап баба ырымын.
Сағат сайын есейіп,
Шапқыласын құлыным
Аяқтары талмасын
Айналайын, алтыным.
Осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп баланың аяғын мыналармен байлайды:
Ішекпен байлағаным – малды болсын, тоқ болсын дегенім. Көк шөппен байлағаным – жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп өнсін дегенім. Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім. (Аяғын байлайды. Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)
Қаз - қаз бала, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Қаз баса ғой, қарағым,
Құтты болсын қадамың.
Алға қарай баса бер,
Асулардан аса бер.
(Әлиханды жетектеп жүргізеді.)

Әжесі: Ал, келіншектер, тәй - тәй - лап
Әлдиді алға бастаңдар
Шошытпаңдар, айқайлап,
Жалғыз тастап қашпаңдар.
Немеремнің жолына мол ғып шашу шашыңдар
Із қалдырсын соңына,
Алдын кең ғып ашыңдар!
(Ақ жайманың алдын кең ғып ашып баласына жол ашады, шашу шашылады, құттықтаулар айтылады.)

Балаға тілек:
Тұсауың кесілді – құлама,
Тізеңді жаралап, жылама.
Қанеки өзіңді сына да!
Секірсең, құздардан сүрінбе,
Шың - құзға шыққанша бүгілме,
Болаттай қабырғаң қатайсын,
От ұшқын ойнасын түріңде.
Ұзақ боп иншалла, өмірің,
Тасысын шаттықтан көңілің.

Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңіз де есен - сау бармысыздар.
Тұсау кесіп, той жасау – ата - дәстүр, салтымыз,
Жақсылықты тілейміз тойға келген жалпымыз.
Думанды тойын жасап дүбірлетіп,
Салт - дәстүрді ежелден қастерлеген халқымыз.

Ата менен немере – аяқталмас бір дастан,
Екеуіне керегі – ашық болсын нұрлы аспан!
- Балаңнан тәтті дейді немере,
Маған ақы сен өмірде төлеме
Гүл сияқты алақанмен аялап,
Күн сиқты көтеремін төбеме.

Құлыным үлкен жігіт болсын!
Ата - анасына қызық болсын
Жақсылармен қатар болсын,
Жамандармен қатал болсын,
Ата - дәстүр байлығын жалғастырар,
Берік бұтақ болсын.

Сүлеймен пайғамбардан қалған дәстүр Сүлеймен пайғамбардан қалған дәстүр
Қазақ халқында үйге қонақ келгенде жас баланың қолына құман беріп, мойнына сүлгі асып, ас ішердің алдында қонақтардың қолына су құйғызатын дәстүр бар.
Бесіктің пайдасы Бесіктің пайдасы
Біріншіден – қол - аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды. Ұйқысы қанбаған баланың зердесі толық жетілмейді. Екіншіден – баланың
Жазира Байырбекова - Тұсау кесер Жазира Байырбекова - Тұсау кесер
Жазира Байырбекованың жаңа әні "Тұсау кесер" бейнебаяны
Зейнеп Ахметова қазақ тойындағы жат әдеттерді сынға алды. Зейнеп Ахметова қазақ тойындағы жат әдеттерді
Зейнеп Ахметова қазақ тойындағы жат әдеттерді сынға алды. Әйгілі Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова қазіргі заман тойларының қазақы
Кіндік кесу дәстүрі Кіндік кесу дәстүрі
Екі жас үйленіп жатқан кезден кіндік шеше болуды қалап алатын әйелдер болады. Ол үшін алдымен екі жасты арнайы қонаққа шақырып, өз дастарханынан дәм
Қыз баланың сұлулығы Қыз баланың сұлулығы
Қыз баланың сұлулығы иманында, Бойына жақсы қасиет жыйғанында, Анасының атына кір келтірмей, Тәрбиемен ортаға сыйғанында.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Ақнұр
#1 Ақнұр Қонақ 27 ақпан 2019 00:16
Тұсаукесер
×