ойын сауық отауы
Мүшел жас
10.04.2016 19 437 0 Дауыл

Мүшел жас

Бұл қызықты
Бүгінгі айтқалы отырғанымыз ата – бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас туралы болмақ. Мүшелдің таралу шеңбері өте үлкен. Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталады. Әр жылғы бір хайуанаттың аты берілген.

Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғана бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады. Сонда бір мүшел - 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел – 85, сегіз мүшел – 97 деп қайырып, адам жасын оңай шығарады.

Мүшел жастардың адам жасына сай аттары болады. Бұл жыл қайыру халықтың тапқырлық есебінің бірі. Ескіше жыл қайыру әдісімен өзінің қазақша қай жылы туғанын неше мүшелге толғанын білгісі келсе, ол өзінің жылын 12 - ге бөлу керек. Қалдықсыз бөлінсе - мешін, қалдық біреу болса – тауық, екеу болса – ит, үшеу болса – доңыз, төртеу болса – тышқан, бесеу болса – сиыр, алтау болса – барыс т. с. с болып кете береді.

25 жас – жігіттіктің алғашқы сатысы. Ол кезде ер жігіт бусанып, дене құрылысы өсіп, жетіліп, күші тасып тұратын кез.

37 жас - адам өміріндегі ең басты мүшел Бұл мүшелде адам жігітшіліктен мосқалдау кезеңге өтіп, ақыл тоқтатып, дүниеге қызыға да, қызғана да қарайтын кез.

49 жас – бұл адамның даналыққа аяқ басатын кезеңі. Бұл мүшелде кейбіреуі немере сүйсе де, кәрілікке мойын бұрмай, «маған кәрілік келмесе екен, әлі де болса қартаймай ойнап - күліп қалайыншы» дейтін кезеңі.

61 жас - адамның даналығы артып, өзінен туған балаға сын көзбен қарап, басқан ізін аңдып, жаман - жақсысын ажыратып, өзі де тәрбиеге келетін кезеңі.

73 жас – бұл кәріліктің мойынға мініп, аяғын тұсап, отырса тұруы, тұрса отыруы мұң, жатса ұйқы жоқ, адамның діңкесі құрып, «айхай, жас кезім - ай» деп көкірегі қарс айырыла күрсініп, дөңбекшіп барып ұйықтайтын кез.

85 жас – бұл мүшелде адамның айдай басы қатып, өзінен кейінгілерімен бала құсап ұрсып, жеген тамағын жеген жоқпын деп, өкпелегіш болатын кез. Сол үшін де ел арасында «күлсең кәріге күл», бұл жасқа жеткен де бар, жетпеген де бар деседі.

13 жас – жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейрімділік, қайрымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген.

Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Сонда қаған өзінің қауымына былай депті.«Біз тарихымызды анықтауда көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұдан да жаман жаңылысады. Біз енді жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескерткішіміз болсын».

Сөйтіп Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді.
Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы Тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп әр қайсысы бір - бір жылдың атын алыпты.

Кейбір деректерде «мүшел» сөзінің «мүше» сөзінен айтылады, сонда мүшеге ие болған хайуан деген ұғымды береді, яғни барлық хайуан емес, киелі, қасиетті хайуан ғана уақыт өлшеміне ие болған.
Кейбір деректерде«мүшел» сөзі қатар деген ұғымды білдірген, мүшел жылы сол адамда қатерлі жыл болады деп есептеген. Соған байланысты жаратылыстан тыс тұрған күштерге жалбарынып, құдай беріп, қан шығарып, мүшелден аман - есен шығару үшін деп сол адамның қимас киімін және матадан жыртып жарлы - жақыбайларға таратылады екен.
Мүшел жас күні мал сойып, құран оқыту да мүшел жастан аман - есен шығып, ұзақ сүру үшін. бақытты болу үшін істелетін ырым екен.

Қазақтар жыл қайырудың адамның жасын есептеуге, не ауа - райын болжауға пайдаланып, соңғы кезде адамдардың туған жылы, күні, айына байланысты мінез - қасиеттердің қалыптастыру айтылып жүр. Бұны зерттейтін адамдар астрологтар дейміз, ол ғылымды астрология деп атайды.

Астрологтар, жұлдызшалар адамның бойындағы мінез қасиетіне Күн мен Айдың, шоқ жұлдыздардың әсер ықпалы сенімді жоққа шығармайды. Сол себепті адамның туған жылын мүшел жылдарымен байланыстырып туған айын шоқжұлдыздарына қарап топтастырып белгілі бір жүйеге түсірген.

Жылдар рет саны бойынша аталмай, 12 түрлі хайуанаттың атымен аталатынын білдік. Осы сияқты 12 айдың өзіндік жорамал аттары бар.
Жұлдыз жорамал.
21 наурыз бен 2 сәуір. Тоқты: Қызу қанды, алғыр, ақылды.
21сәуір мен 21 мамыр. Торпақ: Өзімшіл, шындықты сүйетіндер.
22 мамыр мен 21 маусым. Егіздер: Кекшіл, адамгершілігі мол.
22 маусым мен 22 шілде. Бүйі: Кекшіл, өзімшіл, өркөкірек.
23 шілде мен 22 тамыз. Арыстан: Ержүрек, тік мінезді.
23 тамыз бен 23 қыркүйек. Бикеш: Алдамшы, алаяқ, бірақ алғыр.
24 қыркүйек пен 23 қазан. Таразы: Адамгершілігі мол, бірақ қу.
24 қазан мен 22 қараша. Шаян: Кекшіл, ешкімге жақсылығы жоқ.
23 қараша мен 23 желтоқсан. Мерген: Батыр, ержүрек, мейірімді.
22 желтоқсан мен 20 қаңтар. Тауешкі: Білімді, қайырымды, бірақ алаңғасар.
21 қаңтар мен 20 ақпан. Су құйғыш: Ұмытшақ, адал, алаңғасар.
21 ақпан мен 20 наурыз. Балық: Өте қу, дарыны аз, бірақ жолы өте жеңіл болады.

Осы орайда мүшел жасты кім қалай түсінеді, ерекшеліктері жайлы шығарма жазу тапсырылатын болатын. сол шығармалардың бір - екеуін оқиық.

Ұлытау өңірінен шыққан Қоңырбай батыр ұрпағы Ағыбай батыр есе біле бастағанынан патша үкіметтің бейбіт жатқан қазақ ауылдарына аяусыз жәбір көрсеткенін көрген Ағыбай батыр 13 жасында елін қорғауға атқа қонды.
13 жасында ұлы Абай атамыз ақындығымен, ақылдығымен елге таныла бастайды.
Ж. Аймауытов алғашқы өлеңін 13 жасында жазған.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров 13 жасында өзінің болашақ мамандығын таңдап алдына мақсат етіп қойған.
Исатай мен Махамбет бастаған топ Жәңгір ханның әскерін тас талқан етіп жеңді. Осы кезде Исатайдың Жақия деген батыр баласы да қатысты. Сол күнде Жақия 14 жаста еді.
Қазбек би 13 жасынан рулы елге айта білген.

Ата - бабамыздан жалғасып келе жатқан аңыз – әңгіменің бірі.
«Абылай хан бірде қалмақ ханы Қонтайшыға елші жіберіп, соларға атқосшы етіп 13 – 14 жасар Қазыбектің аттандырады. Қазақ елшілерін қабылдаған қалмақ ханы оларға сөзден дес бермей қояды. Қазақ елшілері тығырыққа тіреліп тұрғанда, есік жақта атқосшы бала Қазыбек орнынан атып тұрып, Қонтайшыға;
Бірақ қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт - береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпанды басынбаған елміз.
... Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз,- депті әйгілі қаз дауысты Қазыбек би.

Тауық жылы қандай жыл қарау

Бұл тақырыпта қызықты оқиға білсеңіз бөлісіңіз. Пікір қалдыру жолына қалдыруға болады.

Сөздің анасы – сәлемдесу Сөздің анасы – сәлемдесу
Сөздің анасы – сәлемдесу. Сәлем беріп, сәлем алғанда жылы жүзбен көзге тіке қарап, шын пейілмен амандасқан абзал. Еркек пен әйел қол беріп
Адамның жасына байланысты атаулары Адамның жасына байланысты атаулары
Адамның жасына байланысты атауларын біліп жүру әрбір қазақтың міндеті дей отыра, оларды жаттай жүрейік.
Адамға қатысты ырым - тыйымдар Адамға қатысты ырым - тыйымдар
Кісіге қарап есінеме Есеп бер әр ісіңе, білу керек түсіне. Есінеме, қарағым, аузыңды ашып кісіге. Ондай - ондай баланы, ақыл - есі шамалы
Сіздің жасыңыз нешеде? Сіздің жасыңыз нешеде?
Адам өмірін 100 жас деп шамалап алғанда, онда 8 мүшел жас болады екен. Олар 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97 жас.
Жыл санау Жыл санау
Жылдармен таныс: Тышқан, Сиыр, Барыс. Әрі қарай бұдан: Қоян, Ұлу, Жылан.
Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында
Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында, Хан да жанын қыяды қыз жолында. Алтынкүміс кигені, қамқа, торғын, Күтуші қыз келіншек жүр соңында.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×