ойын сауық отауы
Қай уақыттағы ұйқы адамға қатерлі?
19.06.2017 2 371 0 Дауыл

Қай уақыттағы ұйқы адамға қатерлі?

Бұл қызықты
Қай уақыттағы ұйқы адамға қатерлі?

Адамдардың көпшілігі таңғы ұйқының тәтті шырынын бұзғысы келмей жата тұрғанды жөн көреді. «Тағы бір бес минут, тағы бір он минут»
- деп ұйқысын соза береді. Ақыры, мең - зең боп, бәрі бір ұйқысы қанбай, ұйысып тұрады. Сөйтсе, көп адам осылайша денсаулығына дерт жамап алатын көрінеді.

Сенесіз бе, адам өз еркімен, табиғи түрде оянар кезде ағзасы бір сағат бұрын дайындала бастайды екен: дене қызуы көтеріліп, қалың ұйқының құшағынан ажырай бастайды. Бұған қоса, күні бойы сергек жүруіңізге көмектесетін ағзаңыздағы дофамин белсенділік танытып, «іске қосылады».

Оятқышын қайта - қайта кейінге ысыра берген адамда бұл процесс үзіліп - үзіліп, табиғи ырғақ бұзылатын көрінеді. Ұйқыдан жай тұрған адамның мең - зең болып, ашушаң келетіні осыдан. Мұның сыры – қайта жастыққа бас қойған адам ағзасы қалың ұйқының құшағына шым батуға тырысады екен. Сол себепті, ғалымдар ерте тұрудың пайдалы екенін айтып отыр. Бір оянып, бір ұйықтап, өң мен түстің арасында жатқан адам төсектен тұрғанда тез шаршап, тез шалдығатын көрінеді. Таңғы ұйқыдан оятқыштың уақыт аралығын 10 минутқа қойып, үш мәрте оянып, қайта ұйқыға кеткеннің орнына тастай қатып, жарты сағат ұйықтағаныңыз денсаулығыңызға әлдеқайда пайдалы.

Ғалымдар бұдан құтылу үшін кестеден ауытқымай, уақытында жатып, уақытында ұйқыдан тұруға кеңес береді. Бір уақытта жастыққа бас қойып, бір уақытта оянған адам өзін әлдеқайда сергек сезінеді. Тек ерік - жігеріңізді жанып, өз - өзіңізді қолға алып, ынта танытсаңыз болды: ағзаңыз сонда ғана белгілі бір уақытқа бейімделіп, әдетінен жаңылмайтын болады. Уақыт жағынан ұтып қана қоймай, күш - қуатыңыз артады.

Таңғы намазын ұдайы оқып, құлшылығын қаза қылмаған мұсылмандар жүрек ауруынан аман болады әрі ұмытшақтық секілді дертке де бой алдырмайтын көрінеді. Ғалымдардың тұжырымы осындай.

Иорданиядағы Кардиологтар қауымдастығы қан - тамыр ауруларының басты себептерінің біріне ұзақ ұйқыны (сегіз сағаттан көп) жатқызып отыр. Ұзақ ұйықтаған адамның жүрек қағысының жиілігі минутына 50 қағысқа дейін төмендейді екен. Ал бұл өз кезегінде қан айналымына кедергі келтіріп, жүрек бұлшық етінің әлсіреуіне алып келеді. Нәтижесінде адамның инфаркт немесе инсульт алу қатері жоғарылайды.

Бұған жол бермес үшін, ғалымдардың пікірі бойынша адам аз уақытқа ұйқысын қиып, жиі оянғаны жөн. Төрт сағаттық ұйқыдан кейін кем дегенде 15 минутқа ұйқыдан тұрып, лажы болса, қандай да бір дене қозғалысын жасағаныңыз дұрыс. Таң намазына тұратын мұсылмандардың басындағы жағдай иорданиялық ғалымдардың осы пікірін растай түседі.

Зерттеуден белгілі болғандай, намазын қаза қылмау үшін таңғы ұйқысынан тұратын мұсылмандардың арасында жүрек - қан тамыры аурулары өте сирек кездеседі.

Дереккөзі: mazhab.kz

Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері Ағзаны тазартудың түрлі тәсілдері
Адам ағзасы машина секілді: бірқалыпты жұмыс істеуі уақыт өте баяулайды, жас ұлғая сыр бере бастайды. Бұл кезде ағзаның жұмыс істеу күшін бастапқы
Ғалымдар: Ұйқысы жиі қанбайтын адамдар жалғыз қалады. Ғалымдар: Ұйқысы жиі қанбайтын адамдар жалғыз
Көптеген адам ұйқысы үздіксіз дұрыс қанбай жүре беретін болса, салдары қандай болатынын білмейді. Шын мәнінде, мұндайда адамның есте сақтау қабілеті
Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаған дұрыс, себебі… Бір рет қайнаған суды қайта қайнатпаған дұрыс,
Көпшілігі шай немесе кофе ішу үшін шәугімді отқа қойып өшіруді ұмытып кетеді немесе қайнаған соң өшіріп, біраз уақыттан соң қайта қайнатады
Адамды жұбата білу! Адамды жұбата білу!
Құрбыңыздың, досыңыздың тіпті сізге бөтен адамның басына қайғы бұлты төнді. Сіз оған демеу білдіріп, жұбатқыңыз келеді, бірақ қалай дұрыс
Көктемгі жүктілік. Болашақ аналарға Көктемгі жүктілік. Болашақ аналарға
Көктем – жыл мезгілінің ерекше уақыты. Көгілдір аспан, нұрын шашқан күн, сайраған құстардың дауысы.... Әрбір адам өзін қайта жаңарғандай сезінеді.
Пайдалы таңғы ас мәзірі Пайдалы таңғы ас мәзірі
Таңғы асқа отырмас бұрын не істеу қажет? Таңертең ұйқыдан тұра салысымен адамның асқа тәбеті бола қоймайды. Жуынып алғаннан соң, 1 стакан қайнаған су
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×