ойын сауық отауы
Адамдар туралы ойлансам
07.06.2018 1 927 0 Дауыл

Адамдар туралы ойлансам

Бұл қызықты
АДАМДАР ТУРАЛЫ ОЙЛАНСАМ
Көңіл жабық болса,
Ашық есіктен не пайда?
Сәулембай Жұманұлының сөзі
АДАМДАР ТУРАЛЫ ОЙЛАНСАМ, жер бетінде қанша жан болса, сонша ой, сонша мінез қалыптасады. Айналаңдағы араласып жүргендердің өзі бір - біріне ұқсамайды - ау...
Кейбір жандар тұйық. Қанша сұрақ қойсаң да мардымды жауап ала алмайсың.
Кейбірі бүгін бітірер ісін ертеңге қалдырып, одан кейінге ысырып, шалқасынан жатқанына мәз.
Кейбір жан біреу жақсылық етсе ғана көмектесіп, басқаша жағдайда бас сұққысы келмейді...
Біреу өзгенің алған затын, істеген ісін күндеумен әуре. Өзі түк бітірмей, өзгенің тірлігіне іші тарылып, шаршап жүргені - ай...
Біреу бәріне үлгермекші болып асығып - аптығып өзін ғана білімпаз санап, ақыл айтып жүреді. Айналасындағыларды асықтырып, берекесін алады.
Ал, енді біреу қиындыққа қарсы тұра алмайтын төзімсіз келеді. Басына түскен қайғыға шыдай алмай өзін тастап жібереді. Мұңды басамын деп ішіп те кетеді...
Біреу уайымшыл, шаршағыш. «Ананы қайтем, мынаны қайтем» деп жоқ уайымды тауып алады.
Бір күні бір кісі даладан «енді қайтеміз, ойпырмай - а...» деп түрі бұзылып кірді. Іштегі отырғанның бәрі әбіржіп қалды. Бір ауыр қайғы - қасіретке тап болды ма екен деп таңырқап қарап отырмыз. Сөйтсек, дала суып кеткеніне, қайта - қайта қар жауғанына шыдамағаны екен.
Біреу қайсар - айтқанынан қайтпайды. Онымен дауласа да алмайсың. «Айттым – бітті» - деп отырады. Ешбір сөзіңе көнбейді, ақылыңды тыңдамайды.
Біреу шарт-пұрт, сәл нәрсеге найзағайдай шатынап, жұдырығын ала жөнеледі...
Біреу ақ көңіл, аңқылдап тұрады. Іштегі ойын жасыра алмайды. Қолдағы барын аямайды, бере салады. Арсын - гүрсін. Адамдарды қонақ еткісі, күткісі келіп тұрады. Ал жылы сөз ести қалса, балаша қуанады, қандай да қуанышын «жууға» дайын.
Бәрінен де сабырлы да парасатты болып, қажет кезінде әзіл - қалжыңнан да қашпай, өзін сергек те іскер сезініп жүргенге не жетсін! Ізгілікті адамның жүзіндегі жылы жымиыс қандай әдемі!
Қиындыққа еңсең түспей, өзгеге де шуақты пейіліңді арнап, өз биігіңде қалғанының орны бөлек қой шіркін!
Адамдар сендер бақытты болыңдаршы!
Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен
Толық нұсқасын қарау

Маймылдар Маймылдар
Маймыл деген көп болады ыстық жерде, Бөтен аңдай жауыз емес зиянгер де, Әдеті біреу істеген істі істемек, Әлінен әлек болып келмесе де.
Мені біреу сүйсе деймін себепсіз Мені біреу сүйсе деймін себепсіз
Мына әлемге керек Ауа, керек Күз. Әттең, шіркін, біз жай ғана терекпіз. Мені біреу сүйсе деймін жай ғана, Мені біреу сүйсе деймін себепсіз.
Біреу бай, біреу жарлы Біреу бай, біреу жарлы
Біреу бай, біреу төре, біреу жарлы, Көбі зарлап төгіп жүр жас пен қанды. Атаңды жау шапқанда бірге шауып, Борсықтар семіріп жүр көміп арды.
Әкеме Әкеме
Әкем біреу, анам да біреу менің, Мен жығылсам сүйенер тіреулерім. Олар барда мереке, көрген емен Қабақтарын шытқанын, түнергенін.
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар Базарға, қарап тұрсам, әркім барар
Базарға, қарап тұрсам, әркім барар Іздегені не болса, сол табылар. Біреу атық алады, біреу маржан, Әркімге бірдей нәрсе бермес базар.
Жазушының қанағаты Жазушының қанағаты
Бұл сөзді біреу алмас, біреу алар, Құлағын біреу салмас, біреу салар. Теп - тегіс көпке ұнау оңай емес, Кейіне жарамаса, кейіне жарар.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×