ойын сауық отауы
2019 жыл — Жастар жылы
28.05.2019 1 610 0 Дауыл

2019 жыл — Жастар жылы

Бұл қызықты
2019 жыл — Жастар жылы болып белгіленді және бізге зор сенім артып отыр. Әрине, еліміздің қозғаушы күші де, тоқтатушы күші де жастар екені анық. Бірақ жастарымыз өздерінің жарқын болашақтарына қаншалықты сенеді? Зерттеу бойынша, Қазақстандағы жастардың 40%- ы келешектеріне сенімсіздікпен қарайтыны мәлім болды. Бұл алаңдатарлық көрсеткіш.....

....... Сауал: Еліміздегі азғындықты қандай жолмен тоқтату қажет? Суицид, нашақорлық, ішкілік, қылмыс, т. б. Жастар не істеуі керек немесе өзің не істер едің?

Нұрлыбеков Бекасыл:
«Синий киттерге» тосқауыл қажет!

— Азғындық, суицид, нашақорлық жастар арасында белең алып барады. Ол көбінесе өтпелі кезеңде жүрген балаларда көп кездеседі. Яғни сол жасөспірімдердің отбасымен немесе достарымен келіспеушілігінен, оларға деген сенімсіздігінен болады. Жаман әдеттерге тəуелді болудың көптеген жолдары бар, мысалы ол қызығушылықтан пайда болады, «бір рет көрсем ештеңе болмайды ғой» деп көріп ары қарай өз құмарлығын жеңе алмай қалады. Жəне де осындай түрлі қайғылы оқиғалар жасөспірімдер арасында ғаламторға əуестіліктен де болып отыр. Сондықтан ғаламторға салынатын əрбір ақпарат қаралып, өңделгені дұрыс, себебі ол жаққа дəл осындай нашақорлық, суицид жайлы видеолар жолданады, тіпті көптеген ойындар бар. Оған мысал ретінде «Синий кит» ойынын алсақ болады. Ең әуелі ата - анасы толыққанды тәрбие, ақпарат беріп отырса, жастар мұндай жолға түспейді деп ойлаймын.

Кенжебай Жібек, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті:
Бұл жезөкшелікке жол ашу!

— Менің Қызылорда қаласына көшіп келгеніме аз уақыт болды. Бірақ көзге қатты түсетіні бұл жерде сыра ішетін жерлер, барлар, сауналар, клубтар өте көп екен. Бірақ еліміздің қай қаласына барсақ та осыны байқауға болады. Міне, бұлар ішкілікке, нашақорлыққа алып келетін тура жол. Осындай азғындық жайлаған орындар көп болса, жастарымыз жаман әдеттерге қалай әуес болмайды? Тыныш демалып отыратын, қымызханалар, санаториялық демалыс орындары тым аз. Сондықтан мемлекет осы мәселелерді қолға алып, іске асырса жөн болар еді. Мемлекет демекші жаңа жыл алдында көпшілікке мынадай көңілге қонбайтын ұсыныс айтты. Ол мәселе жасанды түсік жасатуға жасөспірімдерге рұқсат берсек дейді. Оны қазір бүкіл еліміз біліп, қатты қарсылық көрсетіп жатыр. Тағы бір ұсынысын ұяттан айта алмай отырмын. Екеуіне де қарсымын. Бұл жезөкшелікке жол ашу деп білемін!

Сауал: Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Бірақ оның қазір мемлекеттік деңгейде, яғни қолданылу аясы, дәрежесі төмен болып отыр. Тілімізді ең жоғары деңгейге көтеру үшін не істеу керек? Мына жолдарды қарастырса қайтеді: Мемлекеттік тілді білмесе азаматтығын шектеу, қызметке алмау деген сияқтылар. Патриотизм мен отаншылдықты қалай түсінесіңдер?

Нұрахметова Әсем, Абылай хан атындағы шет тілдер университетінің студенті:
Мемлекеттік тілді білмегенді қызметке алмау керек!

— Мемлекеттік тіл — қазақ тілі дейді, бірақ жоғарыда отырған көкелеріміздің өздері сөйлей алмай отырғанда халық қайда барады? Халық қалай болғанда да үкіметтегі басшылардың артынан ереді ғой. Елбасы қазақ тілінде еркін сөйлей алмаған адамдарды жоғары дәрежелі орындарға алмау туралы заң шығарса жөн болар еді. Меніңше патриотизм мен отаншылдық бір ұғым. Бұл қасиет тілден басталуы қажет. Егер өзі Қазақстанда пәлен жыл тұрып оның тілін білмесе, ол өзі тұрған мемлекетті сыйламағаны деп білемін. Отаншылдық деген даңғаза шоу жасап, концерт қою емес. Ол дегенің өзін - өзі, мемлекетті алдау.


Рысбек Альбина: Өзгені сыйлата білмеу — бейшаралық
— Тілді жоғары деңгейге көтеру үшін елімізге қазақша сөйлеуді əр адамға міндеттеу керек жəне үйретуді мемлекеттік заң бойынша қарастыру қажет. Қазақстанда тұрып қазақ тілін білмейтіндер де арамыздан табылып жатады, сондықтан осыны жақсылап қолға алу керек. Қазақша сөйлей алмайтындарды қызметке алмау туралы заң шықса қуанар едім. Себебі өз тілімізді өзіміз көтермесек өзге ұлт көтермейді. Осындай көкейтесті мәселелерді бəріміз қолымыздан келгенше атсалысып, жаңғыртуымыз керек деп санаймын. Мемлекетіміздің мықты болуы осындай батыл істерімізге байланысты. Отаншылдық шынайы іс - қимылдан басталады. Тілін, дәстүрін сыйла өз ортаңның, Отаныңның! Егер біз өзімізді сыйлата білмесек онда біз бейшара мемлекетпіз.

Бәрі де өзімізге байланысты
Түйін: Міне, жастарымыздың ой - пікірлері осындай болды. Әрине, барлық адам олардың сөздеріне, пікірлеріне келіспеулері мүмкін. Бірақ әр тұлғаның өзіндік ойлары бар екенін ұмытпайық. Ал менің жас азамат ретінде айтарым, осы үш тілділік, жаман әдеттер, қазақ тіліміздің мәселелері болсын, барлығын жалғыз үкіметтің кінәсі деп тіреп қою үлкен қателік. Әлбетте, жоғарыда отырған басшыларымыз маңызды рөл атқарады, алайда әр адам өзінен бастаса, айналасындағыларға үлгі бола білсе, міне, сонда ғана біз осы өзекті мәселелерді шешеміз деген үміттемін. Ең бірінші қатаң заңдар керек, заң болса, тәртіп болса шешілмейтін түйін жоқ. Содан кейін «құлдық психологиядан» толықтай арылу қажет, санамыздағы «тордан» құтылмасақ ешнәрсе өзгермейді. Біз еркін халықтың, жау - жүрек ата - бабаларымыздың ұл - қыздарымыз. Көзіміздегі жалын, кеудеміздегі рух, намыс еш уақытта сөнбеуі керек. «Мен лапылдап жанбасам, сен лапылдап жанбасаң, біз лапылдап жанбасаң, аспан қалай ашылмақ!» демекші, қадірлі замандастарым, құрдастарым менің, қай мәселеде болсын немқұрайлылыққа берілмейікші. Жалқаулық жасамайықшы, ұйықтамайықшы! «Оян, қазақ!»
2019 жыл жастарымызға, жалпы бүкіл азаматқа жемісті, табысты жыл болсын деп тілеймін. Еліміз жастарымыздың арқасында дами берсін, үлкен - үлкен биіктерден көріне беруін Аллам нәсіп етсін!

Сауалнаманы ұйымдастырған:
Нұржан Айғали, Абылай хан атындағы
шет тілдер университетінің
4 курс студенті
Дереккөзі: elana. kz

2019 жыл Жастар жылы болмақ… 2019 жыл Жастар жылы болмақ…
Біздің жастарымызды, Қазақстанның болашағын әр салада қолдауымыз керек - Назарбаев. 2019 жыл жастар жылы деп жарияланды.
Психологқа қандай жағдайда бару керек? Психологқа қандай жағдайда бару керек?
Қазақстанда тұратын әр төртінші адамда психикалық ауытқу бар. Бұл жөнінде еліміздегі психология саласының мамандары Дүниежүзілік денсаулық сақтау
Келе жатқан 2017 Тауық жылы қандай болады? Келе жатқан 2017 Тауық жылы қандай болады?
Келер 2017 жыл атауы тауыққа тиесілі. Табиғат күші – от, сондықтан Тауық отты, қызба болып есептеледі. Негізгі түсі – қызыл және қызылға жақын
Ең ақылды жастар Жапонияда тұрады Ең ақылды жастар Жапонияда тұрады
«Universitas21» халықаралық университеттер жүйесі өткен жылғы зерттеулердің қорытындысын шығарды. Ол қай елде білімді жақсы береді және ақылды жастар
Үйлену тойы (Жас жұбайларға жақындарының тілегі) Үйлену тойы (Жас жұбайларға жақындарының тілегі)
Өмірдің сыры махаббатпенен астасып, Қосылды жастар, бойдақ күн қалды қоштасып. Осынау күнге куә боп отыр ағайын, Мінеки, бүгін бақытын тапты қос
Ғашықтың тілі тілсіз тіл Ғашықтың тілі тілсіз тіл
Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, Көзбен көр де ішпен біл. Сүйісер жастар қате етпес, Мейлің илан, мейлің күл.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×