ойын сауық отауы
Бай болу үшін жұмыс жасайтын миллионер
07.10.2019 1 632 0 Admin

Бай болу үшін жұмыс жасайтын миллионер

Бұл қызықты
Жеміс өзгерсін десең, алдымен тұқымын өзгерт...
Өмірің өзгерсін десең, ойыңды өзгерт.
 "Ойлағанымды жүзеге асыру мүмкін емес" деп емес, "Ойлағанымды іске асыру үшін неден бастауым керек?" деп сұраңыз өзіңізден;
"Кедей болмау үшін жұмыс істейтін кедей емес, бай болу үшін жұмыс жасайтын миллионер" болуды мақсат етіңіз:
 Ойыңыз да тар болмасын, өзіңіз де тар болмаңыз. Кең адамның жолы қашанда айқара ашық!
Кедергілерге аса мән беріп, үнемі шағым айтудан аулақ болған жөн. "Жоқ" айтқан сайын өсетінін, ауру айтқан сайын сізге магнитше тартыла беретінін ұмытпаңыз;
 Біреу жетістікке жетсе, қымбат көлік, үй алса, шын қуаныңыз. Таңғалыңыз, қазақша айтқанда іштей бата айтыңыз. Сонда ондай жетістік сіздің де соңыңызға ілеседі.
 "Ақша - жаман" деген ойды мүлде мидан алып тастаңыз. Иә, бізді солай өсірді. "Оқы, кейін дұрыс жұмыс тап, пенсияға алар ақшаңды жина, ақша, байлыққа қызықпа, адамды ол бұзады" деп.
Кешіріңіз, сіз алған жарыңызды ұнатпай тұрсаңыз, ол көп кешікпей кетіп қалады ғой? Ақша да солай кетеді, сіздің оған деген салқынқандылығыңды сезеді, себебі ол сіз үшін "маңызды" емес.
. "Ақша - қолдың кірі, ол өмірдің басты құндылығы емес, бастысы жүрегім ақ болса болды" дейміз. Бензин таусылса, заправкадағы кассаға барып "Ақ жүрегіңізді" ұсынсаңыз, нәтижесі не болады? Ауырып қалсаңыз, аштан өлейін деп жатсаңыз, ақша маңызды бола ма, жоқ па? Ақ жүрегіңізді ұсынбақ түгілі, жұлып бер, қуып жіберер), қуып жібермесе де жындыxанаға тоғытар.
 Баланс болу керек өмірде. Құдайға сеніңіз, діннің фанатигі болмаңыз, ақшаны күреп табыңыз, құлы болмаңыз, оқыңыз, ізденіңіз, ботаник болмаңыз. Сүйіңіз, бірақ позицияңызды бермеңіз, өз ойыңыз болсын. Көмектес, қол ұшын соз, бірақ өзіңнен артылса ғана.
 Әр күніңді өміріңнің соңғы күніндей өткіз. Анадан жаңа туғандай өмірге келдің, солай кетесің, ұмытпа.
4 миллион тұратын кофтаң да, пішенше жинаған ақшаң да осы өмірде қалар.
 Арманда, мақсат ет, және орныңнан тұр да, дәл ертең іске асыр!
 Ұнамайтын жұмыс істеу, жек көретін адамыңның жиіркенішті қылығына шыдап күн кешу, тиын санап өмір сүру - қамшының сабындай өмір үшін тым обал.

Жұмысқа қабілеттілікті арттыратын әдістер Жұмысқа қабілеттілікті арттыратын әдістер
Түрлі гаджеттер мен интернет көп уақытты алады. Ұялы телефондағы, планшеттегі және компьютердегі хабарламаны өшіріп қойыңыз. Дем алатын кезде
Кедей адам болудан қорықпа, сараңдықтан қаш! Кедей адам болудан қорықпа, сараңдықтан қаш!
Бір күні жас жұбайлар бірге тамақтанып отырады. Бір кезде үйінің есігін біреу қағыпты. Әйел есікті ашып қараса, бір кедей кісі нан сұрап келіпті.
Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер. Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер.
Ақшаны қалай жинауды үйрену – көпшіліктің арманы, алайда қолдан келе бермейтін іс екені аян. «Ертеңге» қалдырудың сан алуан сылтаулары бар, тіпті
Бай мен кедейдің арасындағы негізгі айырмашылықтар. Бай мен кедейдің арасындағы негізгі
Нағыз бай адам, бәрін жоғалтса да өзгермейді.
Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу
Егер мен мол табыс табатын мамандық түрін таңдағанымда бай болар едім. Шындығында: Миллионерлер әрбір салада бар. Кез келген саладан пайда табуға
Ақшаңыз көбейсін десеңіз! Ақшаңыз көбейсін десеңіз!
Адам өмірін ақшасыз елестету мүмкін емес, арманыңды іске асыру жолында қаржының жетіспеушілігі оңай тимейді, тіпті кейбір жандар ақшаның
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×