ойын сауық отауы
Жұмысқа қабілеттілікті арттыратын әдістер
05.09.2020 1 817 0 Admin

Жұмысқа қабілеттілікті арттыратын әдістер

Бұл қызықты
Жұмысқа қабілеттілікті арттыратын әдістер
Өз денсаулығыңызға мұқият болыңыз
Сіздің эмоционалды жай - күйіңіз, физикалық жағдайыңызға әсер етеді, сондықтан өзіңізге қарауды ешқашан ұмытпаңыз. Таңғы ас пен түскі ас ішуді ұмытпаңыз. Күніне кем дегенде жеті - сегіз сағат ұйықтаңыз. Тиімді жұмыс үшін демалып, ұйқыны қандыру керек. 7 - 8 сағаттық толыққанды ұйқы – жоғары жұмысқа қабілеттілік кепілі. Режим жасап, шамамен сағат 22: 00 немесе 23: 00 - де ұйықтап кету керек Күніне 30 минут серуендеңіз. Бұл сізді күннің соңына дейін сергек етеді.
Гаджеттерден аулақ болу.
Түрлі гаджеттер мен интернет көп уақытты алады. Ұялы телефондағы, планшеттегі және компьютердегі хабарламаны өшіріп қойыңыз. Дем алатын кезде телефонды басқа бөлмеге қалдырып кетіңіз.
Музыка тыңдау
Жағымды сәттермен байланыстыратын сүйікті әндер тыңдаңыз. Күлімсіреп, демалыңыз, сол сәтте эмоцияларыңызды сезініп, қазіргі сәтте оларды қалпына келтіруге тырысыңыз. (Назар аударыңыз! Музыка көңілсіз болмауы керек)
Дамытушылықпен айналысу
Мен қазір Стивен Р. Ковидің «Жасампаз жандардың 7 дағдысы»кітабын оқып жатырмын. Бұл қызықты кітап, сонымен қатар, педагогика туралы. Егер қаласаңыз, классикадан бірдеңе оқуға немесе өзіңіз қызығып жүрген кітапты алып оқуға болады. Егер сіз оқығыңыз келмесе, Youtube - тегі тәрбиелік бейнелерді көріңіз, қызықты нәрсе болатыны сөзсіз. Қызықты подкасттарды тыңдаңыз
Жаңа нәрселерді байқап көріңіз
Сыныпта жаңа тәсілдер мен әдістерді қолданып көріңіз, оларды жүзеге асыру үшін балаларға ұсыныс тастаңыз. Сыныпты топтарға бөліп, оларға әртүрлі тапсырмалар беріңіз, олардың нәтижелерін салыстырыңыз. Өз жұмысыңызды мұғалімдер кеңесіне немесе мұғалімдер конференциясына ұсыныңыз. Жетістігіңізден ләззат алыңыз.
Күніңізді жоспарлаңыз
- Күніне ең көп дегенде 3 маңызды нәрсе жоспарлаңыз.
- 50/10 ережесін қолданыңыз, яғни. Уақтыңыздың 50 минутын жұмысқа арнаңыз, содан кейін 10 минут басқа жұмыс түріне ауысыңыз, демалып болғанна кейін 50 минут жұмысыңызға оралыңыз.
- Күніңіздің қалай өткендігі туралы өзіңізден есеп алыңыз.
Позитивті эмоцияларға ауысып отырыңыз
- адамдарға көбірек алғыс айтып отырңыз
- жұмыс орыныңызды реттеңіз
- өзіңізді мадақтап отырыңыз
«Нағыз шебер - бойындағы күшті таусылғанша шығындайтын адам емес, оны мұқият пайдаланып, оны жетілдіретін адам».

Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт
Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса,
Өмірге қажетті кеңестер Өмірге қажетті кеңестер
Денсаулық: 1. Көп су ішіңіз. 2. Таңғы асыңызды патшадай, түскі асыңызды ханзада сияқты, ал кешкі асыңызды «тіленшідей» ішіңіз. 3. Табиғат өнімдерін
Денсаулыққа пайдалы әдеттер. Денсаулыққа пайдалы әдеттер.
Денсаулыққа пайдалы әдеттер. Сізге рахат әкелетін, демалдыратын іске күнде 30 минут бөліңіз.
Қай уақыттағы ұйқы адамға қатерлі? Қай уақыттағы ұйқы адамға қатерлі?
Адамдардың көпшілігі таңғы ұйқының тәтті шырынын бұзғысы келмей жата тұрғанды жөн көреді. «Тағы бір бес минут, тағы бір он минут» - деп ұйқысын соза
Мектеп оқушысының күн тәртібі Мектеп оқушысының күн тәртібі
Мектеп оқушысының уақытты тиімді пайдалануы – оның мектепте табысты үлгерімінің кепілдігі ғана емес.
Жүктілік және бала босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі аяқталуына дейін жұмысқа шығуға менің құқығым бар ма? Жүктілік және бала босану бойынша еңбекке уақытша
Шыға алмайсыз, себебі, Сізге еңбекке жарамсыздық парағы Сіздің еңбекке жарамсыз және денсаулығыңызды қалпына келтіру үшін берiледi. Еңбекке
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×