ойын сауық отауы
Өріктің дәнегі
17.02.2020 2 675 0 Admin

Өріктің дәнегі

Бұл қызықты
Өріктің дәнегі
Қартайған анасын, жақтырмаған келіні, сенің шешеңе қашан қарасаң да шайнаңдап отырғаны, осы үйдің бар тамағын осы кемпір жейді, мен сенің шешеңе әбден тойдым тауға апарып таста, болмаса балаларды аламын да төркініме кетемін деп күн сайын мазасын ала берген соң, анасын арқалап тауға апарып тастапты. 
Бір жыл өткесін баласы, анам көмусіз қалды-ау деп барып көміп қайтайын деп барса, анасының бас сүйегінен бір өрік ағашы өсіп шыққан екен.
Сөйтсе бұрын анасының шайнаңдап отыратыны, тамақты немерелерім жесін деп, өзі тамақ жеп отырған кейіпті танытып, аузына өріктің дәнегін салып шайнаңдап отырады екен. Өсіп шыққан талдың көшеті сол дәнек екен. Ата - аналарымыз өле-өлгенше ойлайтыны бала - шаға екенін тас жүректер қайдан білсін. 
Қартайған әкесін таудың басына апарып тастауға бара жатып, бір тастың үстіне дем алуға отырған баласына, әкесі қарқылдап күліп, мен де әкемді арқалап келе жатып осы тастың үстіне дем алған едім деген екен. Демек әке - шешеге көрсеткенің жақсылық болса жақсылық, жамандық болса жамандық болып қайтады екен.
Көрсеткеніңді көрмейінше жаның шықпайды. Себебі ата - ана Алланың мейір махаббатының көрінісі. Ата - ананың балалары үшін тілеуі, Алланың тілеуі. Ата - ананың назары, Алланың назары. Ата - ананың дұғасы, Алланың дұғасы. Ата - ана разы, Алла разы, деп айтылатыны сондықтан.

Ақылды әйел Ақылды әйел
Үйлену тойының бірінші күні өзі, жаңа келіншегі және анасы үшеуі дастарxан басына жиналыпты. Күйеуі дастарxан басында жаңа келіншегіне ерекше құрмет
Екі ағайын Екі ағайын
Бұрынғы өткен замандарда екі ағайын бауыр өтіпті. Олар аталарынан мұра боп қалған шаруамен айналысады екен.
Әке, мені кешірші! Әке, мені кешірші!
Бір жас жігіт үйленгелі бері үйінде бірге тұрып келе жатқан әкесі үшін әйелімен ылғи да қырықпышақ болып сөзге келіп қалатын.
Ас - тағамға қатысты ырым - тыйымдар Ас - тағамға қатысты ырым - тыйымдар
Ас – адамның арқауы, Жаман ауруға – жақсы ас, Ас қадірін білмеген аштан өледі. Қазақтың ұлттық дастарқанында ертеде пайдаланылған ырым сөздері көп.
Қайнатылмай дайындалатын өрік тосабы.  (Абрикосовое варенье без варки ягод). Қайнатылмай дайындалатын өрік тосабы.
Өріктен дайындалатын бұл тосап қайнатылмайды. Яғни, жеміс қайнатылмайды оған қосылатын шекер мен судан дайындалған сиропты бірнеше қайнатып жемістің
Жас бала Жас бала
Теріскей бет, жел үрген, Аязға тоңған жас бала. Тумай жатып өмірден, Қалды екен неге жасқана?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×