ойын сауық отауы
Туыстық атаулар сыры: бала
15.10.2020 1 307 0 Admin

Туыстық атаулар сыры: бала

Бұл қызықты
Туыстық атаулар сыры
Бала (ұл / қыз) – ата-анадан тараған ұрпақтарды айтады. Жеті атадан санағанда бірінші буыны. Олар жынысына қарай «ұл», «қыз» деп аталады. Балалы үй бақытты үй деп бағаланады. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деген дана халқымыз. Ұрпақтарын ата-бабаларымыз «ізбасарым», «мұрагерім», «қолқанатым», «азаматым», «көз қуанышым», «бақытым» деп еркелеткен және оларды көпсінбеген. «Бала көңілдің гүлі, көздің нұры». Ата-ана өз балаларын тәрбиелі, өнегелі, өнерлі, саналы, білімді етіп өсіруге міндетті. Халықта «балаңды бес жасқа дейін хандай көтер, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бестен әрі онымен досыңдай ақылдас» деген ғибратты қағида бар.
Қазақ халқы бірінші туған баланы «тұңғышым», одан кейінгілерін «ортаншы», ең соңғы туғанын «кенже» деп атайды. Олар ер жетіп өскен кезде ата-ана тұңғыштары мен ортаншыларын үйлендіріп жеке отау етіп, енші беріп бөлек шығарады да, кенжесі өз қолында қалады. Ол әке-шешесін асырауға, бағып-күтуге міндетті. Әке мұрасы сол кенже ұлға қалады. Оның үйі «қарашаңырақ» (яғни үлкен үй деген мағынада) деп аталады. Басқа балалар ол шаңырақты құрметтеп, қарайласып, әке-шешесінің сыбағасын беруді де ұмытпауы қажет. Балалар ата-аналарын төбесіне көтеріп асырауға, сыйлауға, құрметтеуге тиіс. «Адамдарға біз ата-аналарына жақсылық жасауды бұйырдық» деп жазылған Құран Кәрімде.
Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.
Бала – адамның бауыр еті.
Жақсы бала – сүйік, жаман бала – күйік.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Туыстық атаулар сыры: апа (әйел) Туыстық атаулар сыры: апа (әйел)
Апа (әйел) – бірге туған және туыстардың жасы үлкен қыздары оның інілері мен сіңлілері, келіндері үшін «апа» болады. Бұлардан апаның жолы үлкен және
Туыстық атаулар сыры: аға, іні Туыстық атаулар сыры: аға, іні
Аға (ер) – Бір әке - шешеден туған (немесе рулас ағайын - туыс) жасы үлкен жігіт – аға деп аталады. Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі.
Туыстық атаулар сыры: ұл, немере Туыстық атаулар сыры: ұл, немере
Ұл (ер) – шаңырақ иесі, ел, ру, әке кіндігінің жалғасы деп есептеледі. Ұл туғанда «ат ұстар» деп хабарлайды. Ұл туғанда – күн туар. Ұлға – отыз үйден
Туыстық атаулар сыры: Ағайындылар Туыстық атаулар сыры: Ағайындылар
Бір ата - анадан туған ұл, қыздар, ағалы - інілілер мен апалы - сіңілілілерді бір сөзбен ағайындылар дейді. Ағалы - інілілердің балалары да бір -
Туыстық атаулар сыры Туыстық атаулар сыры
Әже (әйел) – әкенің шешесі. Ел іші, отбасының бүтіндігін ойлайтын көптің сыйлы анасы
Жеті ата Жеті ата
Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – қазақ халқының дәстүрлі салт - санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×