ойын сауық отауы
Қызды босағаға отырғызба
27.09.2020 2 163 0 Admin

Қызды босағаға отырғызба

Бұл қызықты
Құранда жиырма сегіз пайғамбар есімі аталған. Құранда көрсетілмеген басқа 124000 пайғамбар осы аралықта келген.
Пайғамбардың бәрі еврей ұлтынан емес. Мысалы Нұһ (а. с) қазақ, қазақтар содан тараған. Шиш (а. с) қазақ, Адам (а. с) қазақ, себебі адам деген қазақта ғана адам, орыста человек. Адам (а. с) мен Нұх (а. с) арасында 1200 жыл өткен. Нұх (а. с) пен Ибрагим (а. с) арасында 2000 жыл өткен. Ибрагим (а. с) мен Мұса (а. с) арасында 900 жыл өткен. Мұса (а. с) мен Иса (а. с) арасында 1700 жыл өткен. Иса (а. с) мен Мұхаммед (салаллаһу ғалейһи уәссалам) арасында шамамен 620 жыл өткен. Қазақ халқы Нұх (а. с) Пайғамбардан тараған. Демек ислам келгенге дейін қазақтың 5220 жылдық тарихы бар. Осы уақыт аралығында қазақтар басқа пайғамбарлар өмірі мен өнегесінен хабардар болған, салт - дәстүр қалыптасқан. Абу Ханифа кез келген мәселенің жауабын бірінші Құран мен сүннет және сахаба сөзінен іздейтін. Алайда бұл дерек көзден дәлел таппаған жағдайда ғана ижтихад (шешім) жасайтын. Мәселенің жай - жапсарын жан жақты зерттеп, кейде қияс пен истихсанға жүгінетін. Бұқара игілігін көздеп, дінде ауырташылық жоқ,- деген қағидаға мән беріп, қияс жасаған кезде халықтың мәмілесіне, салт - дәстүр, әдеп - ғұрпына сәйкес келмегенде ғана истихсан амалымен пәтуа шығаратын. Қиясқа жүгінсе де, истихсанға барса да адамдарға қиындық тудырмау жағына айрықша ден қоятын. Истихсан - мужтаһид ғалымның қуатты дәлелге сүйене отырып, қиястың үкімінен бас тартып, қуатты дәлелдің үкімін негізге алуы. Истихсанның үш түрі бар: 1. Насқа (Құран мен хадис) сүйенетін истихсан. 2. Ижма мен әдет - ғұрып (салт - дәстүр) истихсан. 3. Зәрулікке (қиындық) байланысты истихсан. Имам Әбу Ханифа үкім шығаруда истихсан әдісін көп қолданған. Әдет - ғұрып (салт - дәстүр) - кез келген елдің немесе ұлттың дәстүріне сіңісіп, сол ұлттың өмір сүру салтын құрайтын әдеттер жиынтығы. Имам Абу Ханифа әдет - ғұрыпты үкім шығарудың негіздерінің бірі ретінде қолданған. Ол Құран, хадистен дәлел таппаған жағдайда әдет - ғұрыпқа сүйенген. Әбу Ханифаның ғұрыптық дәстүрін жалғастырушы ханафит ғалымдар көп мәселеде "Әс сабиту бил ьурф, кәс сәбити бин нас", яғни Әдет ғұрып нас (Құран мен хадис) сияқты қабыл етіледі, - деген қағиданы ұстанған. Әдет - ғұрыптың екі түрі бар: 1) Сахих ғұрып: Құран мен сүннетке, яғни дін негіздеріне қайшы келмейтін, жамандыққа себеп болмайтын салт - дәстүрлер. Әдет - ғұрыптың бұл түрі нас жоқ жерде дәлел ретінде қабылданады. 2) Фасит ғұрып: Құран мен сүннетке, дін негіздеріне қайшы келетін ғұрыптар. Мысалы, ішімдік ішу, өсім сияқты нақты наспен харам етілген нәрселер бір елдің салтында әдет болып қалыптасса да, ол қабыл етілмейді. Мұндай ғұрып шариатқа қайшы келеді. Абу Ханифа мазхабының болмысы мен мазмұны адамдарға жеңілдік жасау сияқты ұлы мақсатта өз орнын тапқан. Мысалы, Нұх пайғамбардың Хам, Сам, Жаппас деген үш ұлы және Уәсила деген қызы болыпты. Пайғамбар үнемі қызына құрмет көрсетіп, оған мүлде дауыс көтермейді екен. Қызы да әкенің қалауын қабағынан түсінетін сұңғыла болып өседі.
Нұх дастархан басында отырғанда үнемі қызын үш ұлынан жоғары, төрге отырғызады екен. Бұл үлкен ұлы Самның көңіліне күдік салыпты. «Уәсиланың жасы бізден кіші. Неге менен жоғары отыруы керек. Әкеміз бізді алалайды - ау» деп ойлайды. Бір күні дастарханда отырғанда:
– Әке, Уәсила кіші болса да, неге бізден жоғары отыруы керек? Ұлдың мәртебесі әрқашан биік емес пе? – дейді. Нұх: Біздің ырзық - несібеміздің көп болуы Уәсилаға байланысты. Құт қызды жағалап жүреді. Оны босағаға отырғызсаң, шамданады. Төрге шығарсаң, қуанады. Орны жайлы болса, дастарханнан ас - тағамды үзбейді. Тұрмысыңды түзейді, – депті. Содан бастап Нұхтың үш ұлы қарындасын төрге шығарып, құрмет көрсететін болыпты. Үш ұлынан өрбіген ұрпақ бұл жоралғыны сақтап, берік ұстайды. Қазақ арасында «қызыңды төрге отырғыз», «қызды босағаға отырғызба» деген талап - ырымдар осыдан шыққан екен. Қазақтар Нұх (а. с) пайғамбардың Жаппас есімді ұлынан тараған.

Қазақ халқының салт - дәстүрлері Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Салт - дәстүр ата - бабамыздан қалған асыл мұра. «Әр елдің салты басқа» дегендей қоғамдағы әрбір ұлттың өзіне тән ұстанымдары мен наным - сенімдері
Жайнамазды қадірлеу Жайнамазды қадірлеу
Бірде Иса (ғ. с.) пайғамбар намаз оқып тұрған Ібілісті көріпті. Астына жайнамаз төсеп алыпты. Иса (ғ. с): Әй, малғұн, сен намаз оқитын болғансың ба?
Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын
Аға, кезіп сен өткен жыр алаңын, Қажет болса мінбеге шыға аламын. Бала көңіл, момақан «қазақ» деген Елдің қызы болғанға қуанамын.
Қазақстандық сәбилерге жиi қойылатын есiмдер. Қазақстандық сәбилерге жиi қойылатын есiмдер.
Қазақстандық сәбилерге жиi қойылатын есiмдер аталды. Есiмдер топтамасының өткен жылдардан көп айырмашылығы жоқ. 2017 жылғы сәуiрде қыздар арасында
Еңбек - өлім жан қанатын қиятын Еңбек - өлім жан қанатын қиятын
Еңбек - өлім жан қанатын қиятын, Еңбек - өлім жанды ашудан тыятын. Еңбек деген - еңбектеген мылқау дию, Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
Құдіретті Қазақ тілі Құдіретті Қазақ тілі
Қазіргі бейбіт тіршілігіміз, жарқын күндеріміз, шуақты өміріміз бәрі, бәрі де тек қана тұғырлы Тәуелсіздігіміздің арқасы! Тәуелсіздігіміз мәңгілік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×