ойын сауық отауы
Көктем – тіршіліктің түрленуі
07.02.2021 2 296 0 Admin

Көктем – тіршіліктің түрленуі

Бұл қызықты
Рухани - танымдық сүрлеулер
Көктем – тіршіліктің түрленуі
Көктем – қыстан қажыған адамдардың асыға күтетін, тіршілік атаулыға жан бітірер, ұйқысынан оятар, ең таңғажайып жыл мезгілі. Күнтізбе бойынша, көктем бірінші наурыздан басталатын болғанмен де, табиғат - анада ағаштар мен бұта біткеннің тамырларынан шырын сөлдері жүре бастағаннан кейін ғана көктем келетінін білеміз. Астрономиялық тұрғыда көктем, күн мен түннің теңелген уақыты – 21 наурызда келеді. Ал ежелде көкек шақыруы естілгенде көктем келді деп есептеген.
Көктемгі ояну – күннің құдіретімен мұз еріп, айналаға шуақ шашып, алғашқы көк шығып, бәйшешек гүлдеп, бар дүниенің, жалпы тіршіліктің түрленуі, табиғат сұлулығының айқындалып, қайта жаңғыруы. Көктем жылуы 7 - 8 градусқа жеткенде өсімдік тамыры сыр беріп, белсенді түрде өсе бастайды.
Ақпанның өзінде күн көзі шуағын шашып, аппақ қар көрпесі қара қошқылданып, шатырдағы сүңгілер еріп, үздіксіз тырсыл құлаққа жетіп тұрады.
Бұдан кейін де қар жауып, аяз болса да, аз ғана уақыт өте, көктем шуағының келері, адамға қуаныш сыйлайтындай күй кештіреді. Көктемде қар ерігенмен, жер беті дымқылданып, көпке дейін тақыр болып тұрады. Көп ұзамай күннің алғашқы шуағымен қыстан аман шыққан құмырсқа біткен қыздырынып, алқапты асықпай зерттеуге шығады. Құстар мен түрлі жәндіктер де ұйқылы - ояу қалпынан арылып, өздеріне тән әрекетпен тіршілік қамына кірісіп кетеді. Шуақты сезінген аңдар да, өздеріне баспана болған жерлерінен шыға бастап, күнге қыздырына қимылдарын ширата бастайды.
Көп күттірмей, аспан ашық, әрі көгілдір түске еніп, жап - жасыл өсімдік әлемі жерді жарып, түрленіп, жерді көк кілемге орап, әсем гүлдермен әшекелейді.
Бау - бақшадағы гүлге оранған бұталар бейне бір жұмбақ орнағандай көрініс береді. Құстардың тамылжыған әндерін естігенде, жүрегіңе шаттық орнағандай сезінесің.
Шөпке іліккен мал да түлеп шыға келеді. «Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы» дегендей, көктем де, әркімге сондай ыстық та, сондай қымбат та мезгіл.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі




Көктем Көктем
Күн жылына бастады, көктем келді, Ұнатамын бетімен өпкен желді. Шартылдайды найзағай көк аспанда, Салып жатыр қып - қызыл отпен белгі.
Көктем Көктем
Сансыз көкек сұңқылдап, Көктем келді ертелеп, Нәзік үнмен сыңқылдап, Бұйра бұлақ еркелеп.
Көктем де келер Көктем де келер
Көп кешікпей көктем де келер енді, Көгеретін тіршілік көгереді. Қу бұтағы арса - арса кәрі еменге, Келер көктем, білмеймін, не береді?
Біздің көктем Біздің көктем
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Бәйшешек - көктем жаршысы Бәйшешек - көктем жаршысы
Бәйшешек – өте әдемі көктемгі гүл, бәйшешекті «көктем жаршысы» деп те атайды.
Наурыз-тілек Наурыз-тілек
Табиғаттың гүл еркесі Көктем күнін өткерсін, Сол гүл ерке атырапқа жақсылығын ап келсін! Көктеміне ілесе анық Наурыз кірсе есіктен, Сол Наурызбен
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×