Қазақ даласы – жылқының отаны
Бұл қызықты
Атбегілік арналары
Қазақ даласы – жылқының отаны
Жылқы – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болды. Жылқыны қолға үйрету көшпелі шарушалықы пен дала өркениетінің негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының тұрмыста маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арба - шанаға жегу, жауынгерлік және сайыс өнеріне бағытталып өсірілген.
Еуропалық ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, адам баласы жылқыны қолға үйреткеніне 5500 жылдан асыпты. Өркениет тарихында жылқылар алғаш рет қазіргі Украина топырағында қолға үйретілді деген тұжырым болған еді. Алайда, соңғы зерттеулердің қорытындысы өркениеттің Азиядан басталғанын дәлелдеді.
Ағылшын зерттеушісі Кимберлей Броун «Лос - Анжелес Таймс» газетіне сілтеме жасай отырып, «Horse» атты журналға жазған еңбегінде, жылқы түлігі еуропалықтар ойлағаннан көп бұрын Азияда қолға үйретілгенін меңзеген.
Ағылшын зерттеушісінің жоғарыдағы пікірі еліміздің солтүстік пұшпағында орналасқан Ботай қонысы маңына жүргізілген қазба жұмыстары барысында дәлелін тапты. Аталмыш археологиялық жаңалықтың құндылығы жайлы еуропалық «National Geographic News» атты ғылыми басылым: «Қазіргі күні Қазақстан деп аталатын елдің жерін мекендеген далалық өлке тұрғындары алғашқы болып жылқыға мініп, оның сүтін ішкен...» деген байлам жасады.
Басылымның бұлай түйін жасауына себеп болған дүние: жоғарыдағы қазбадан табылған жылқылардың тістері мүжілген, әрі оған сызат түскен. Осыған қарап ғалымдар, жылқының мініске пайдаланылғанын, ауыздықталғанын анықтап отыр. Сонымен қатар, жер астынан табылған ыдыстардың түбінде кепкен қымыз қалдықтарының ізі қалған.
Осы дәлел - деректерді негізге алған АҚШ - тың Нью - Йорк қаласындағы Хартуик университетінің зерттеушісі Давид Антони: «Егер ботайлықтар биені сауып, сүтін пайдаланған болса, бұл жылқылар жабайы емес, яғни, қолға үйретілген жануарлар» деп, түйін сөзін айтқан. Сондай - ақ, Ботай қонысы маңына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген ұлыбританиялық жетекші ғалым, Эксетер университетінің қызметкері Алан Оутрам: «Біздер тапқанжаңалықтан түйгеніміз, байырғы адамдар біз ойлағаннан да өнертапқыш екенін көріп отырмыз» дейді.
Қысқасы, біздің жыл санауымыздан 3600 - 3700 жыл бұрын энолит дәуірінде өмір сүрген ботайлықтар Есілдің жағасын мекендеп, жылқыны қолға үйретіп, оның етін тұтынып, қымызын ішіп күнелткен. Зерттеушілер осындағы жылқы сүйегінің бір жерге аса көп мөлшерде шоғырланғанына қарап, ботайлықтар жылқы малын будандастыруды да меңгерді деген оқшау тұжырым жасайды.
Сол секілді француздың атақты шығыстанушы ғалымы, академик Рене Груссе өзінің «Дала империясы» атты еңбегінде «ең алғаш жылқы малын қолға үйретушілер көшпенділер болған» дей отырып: «Сайын дала – жылқының отаны. Далалықтар жаратылысынан ат құлағында ойнаған сарбаздар һәм ат әбзелдерін ойлап табушылар да осылар...», - дейді.
Яғни, ежелгі дәуірде жылқы түлігінің қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгені бұл малдың ерекше қастерленіп, өмір сүру жоралғысының ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді. Тіпті, қазақ халқы әлі күнге дейін жылқының сүтін қымыз ретінде пайдаланып отырғаны – қазақ даласында сонау ежелгі дәуірден бері үзіомей жалғасып келе жатқан дәстүрдің айғағы.
Адамдардың жылқы малын қолға үйреткені емес, бірінші кезекте оны көлік құралы ретінде тұтынғаны тарихи маңызды. Себебі, адамдар жылқыны ерттеп мінгеннен бастап, адамзат тарихында үлкен сілкініс жасалды. Қазіргі техника дәуірі өркендеген заманның өзінде жылқы түлігі тарихи, шаруашылық маңызын жоғалтқан жоқ.
жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жылқы төлінің атаулары
Құлын – жылқының алты айға дейінгі төлі. Жабағы – алты ай мен бір жас аралығындағы жылқы төлі.
Жылқы қасиетті мал
Жылқы − ерекше есті мал. Олар оқырану, кісінеу арқылы бір - бірін шақырады, жақын тартады, хабарласады. Осқыру, жеру, тарпу арқылы қауіп- қатерден
Адам өмірі
-«Үш ағайынды жігіт «Адам өмірінің өткені, қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?» деген сауалға дауласып қалады.
Суық қолға сұқтырма
Қой терісін жамылып, Бөлтірігі қасқырдың Арадан қалса табылып, Тапжылдырмай басқа ұрғын.
Шындық туралы
Шындық көзге шұқиды қашаннан да, Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба. Ар - ақиқат үкімі жасалғанда, Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.