ойын сауық отауы
Құран кәрімдегі уақыт
22.10.2021 1 162 0 Admin

Құран кәрімдегі уақыт

Бұл қызықты
Уақытыңды басқар
Құран кәрімдегі уақыт
Құран Кәрімде уақыт түсінігі әртүрлі сөздер мен сөз тіркестері арқылы келеді. Қазақ тіліндегі «уақыт» сөзінің өзі араб тілінен енгені белгілі. Ал сол «уақыт» сөзінің араб тіліндегі мағынасы «бір іс үшін белгіленген мерзімнің соңы» дегенге саяды. Яғни, белгілі және шектеулі мерзімді білдіреді. Құранда бұл сөзді қолдану арқылы адамның белсенді өмір тіршілігінде сөздің тәжірибелік жағы мен күнделікті қолданыстағы мағынасы маңызды екендігін көрсетуде. Адамның күнделікті тіршілігінде уақыттың маңызы артқан сайын уақытқа байланысты қолданылатын басқа да сөздердің саны арта түседі.
Басқа да мағыналарымен қатар уақыт мағынасына да саятын «ғасыр» сөзі Құранда 1 рет, әлемнің бастауынан соңына дейінгі кезеңді қамтитын «дәһр» сөзі 2 рет, белгісіз әрі ұзақ уақыт мағынасындағы «хуқуб», «ахқаб» сөздері 2 рет, бір - біріне жақын кезеңді білдіретін «қарн», «қурун» сөздері 20 рет кездеседі. Бұл аталған соңғы сөз тек қана өткен дәуірлерді сипаттау үшін қолданылған.
Шектеулі мерзімді білдіретін «уақыт» түбірінен 13 түрлі сөз келеді. Уақыт сөзінен соң «сағат» сөзіне көп орын берілген. 48 рет кездесетін бұл сөз «уақыттың бір бөлігі» мағынасына саяды. 40 жерде қияметті білдіреді, 8 жерде уақыт және шектеулі мерзім мағыналарында қолданылған. Уақыттың одан да аз ғана сәтін білдіретін «ән» сөзі көпше түрде «әнә» болып 3 жерде кездеседі. Одан да қысқа уақытты білдіретін «ләмһул - басар» (көзді ашып жұмғанша) тіркесі 2 жерде өеді. 35 рет кездесетін «хин» сөзі бір нәрсенің пайда болған уақыты дегенді білдіреді.
«Әбәдият» (мәңгілік) мағынасындағы сөздер («әбәд» түбірінен 28 рет, «хулд» түбірінен 87 рет және «сәрмәд» түбірінен 2 рет) 117 рет кездеседі. Мұның көп кездесуі адам үшін маңыздылығынан екендігін көре аламыз. Себебі Құран Кәрімнің негізгі тақырыптарының бірі ақыреттегі мәңгілік өмір екені белгілі. Мәңгілікті еске салатын сөздердің жиі кездесуі табиғи жайт, тіпті қажеттілік десе де болады.
Уақыт сөзінің синонимдері деуге келеті жәе кейде белгілі, кейде белгісіз мерзімді білдіретін сөздермен қатар, саны жағынан олардан әлдеқайда көп жыл, ай, күн, түн, күндіз секілді әр алуан ұзақтықтағы шектеулі, басы мен соңы бар және адам өмірімен тығыз байланысты түрлі уақыт кезеңдерін білдіретін сөздер кезедседі.
Олардың қайсысы адам баалсы үшін маңызды болса, сол сөз көп қолданылғанын көруге болады. Байқағанымыздай, Құранда ең көп «йәум» (күн) сөзі кездеседі.
Құран Кәрімде уақытты еске салатын сөздер өте көп. Мұндай сөздерді Құранның әрбір парасынан кездестіруге болады. Және әр парада кездесетін сөздердің арасында сан жағынан айтарлықтай айырмашылық жоқ дей аламыз.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Уақытыңды басқар: Ислам және уақыт Уақытыңды басқар: Ислам және уақыт
«Ғасырға (уақиғаларға толы заманға, әсіресе, ақырғы бөлігіне) серт! Шынында, адам баласы (уақытын пайдалану тұрғысынан) зиян ішінде».
Құранда аталған уақыт түрлері Құранда аталған уақыт түрлері
Құранда ең көп «күн» сөзі кездеседі және уақыт ұғымынан пәк болған Алла Тағаланың құзырында да «күннің» бар екендігі айтылып өтіледі: «Раббыларыңның
Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны Намаз уақыттарының күн тәртібіндегі орны
Жоғарыда атап өтілген түсіндірмеден төмендегідей қорытынды шығаруға болады: парыз намаздардың асыл мұраттарының бірі – мұсылман баласына күнделікті
Герман, славян және роман тілдері Герман, славян және роман тілдері
Ағылшын тіліндегі bread деген сөзге немістің Brot сөзі сәйкес келеді, шведтің brὅd деген сөзіне итальянның pane сөзі сәйкес. Ағылшын тіліндегі son -
Әбиба...... Әужа Әбиба...... Әужа
Әбиба...... Әужа ӘБИБА - араб тілінен алынған Хабиба есімінің өзгерген түрі. Мағынасы — дос, мейрімді жолдас, өмірлік серік. ӘДЕМІ – қазақтың сөзі
Рабат...... Рүстем Рабат...... Рүстем
Рабат...... Рүстем РАБАТ - араб тілінен алынған рафоат — ұлылық, биіктік, жоғары дәреже. РАЗАҚ - араб тілінен алынған раззақ — өмір сүруге, тіршілік
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×