ойын сауық отауы
Тарихи түптөркін: Арал қаласы, Арал теңізі
23.03.2022 2 496 0 Admin

Тарихи түптөркін: Арал қаласы, Арал теңізі

Бұл қызықты
Тарихи түптөркін: Арал қаласы, Арал теңізі
Арал – Қызылорда облысы, Арал ауданының орталығы, 1938 жылдан облысқа бағынышты қала. Қала аты Арал теңізі атынан қойылған.
Арал теңізі – Өзбекстан және Қарақалпақ жерлерімен шеттес. Жалпы алабы 51, 1 мың км2, ең терең жері 61 м болған тарихитеңіздің бұл күнде құрғап, жоғалуға айналғаны жер жүзіне белгілі болып отыр. Сырдария мен Әмудария суларының соңғы жылдары көбеюімен байланысты су тасқындарды арнасына құйылу үстінде. Осыған қарағанда, басқа да ұйымдастыру жұмыстарының істеліп жатқанын ескергенде, болашақта Арал теңізінің арнасы толып, қалпына келуі мүмкін деген үміт пен сенім халықты қуанта түсуде.
Тарихи жазба ескеркіштерінде біздің біздің заманымыздың ІІІ ғасырына дейін ол Оксин көлі аталған.
Клавдий Птолемей «Альмагестаның» 22 - ші картасында Арал және Каспий теңіздерін көрсетеді. Жаңа дәуірден 138 жыл бұрын Қытай империясының елшісі Чжан - кянь: «Кангюй мемлекеті үлкен теңіздің жағасында. Бұл түстіктегі Арал теңізі», - деп жазған. Бұл дәуірде Кангюй мемлекеті қазіргі Ферғана облысынан Ауғанстанға дейінгі жерді иемденгені тарихтан мәлім.
Арал теңізі болса, ол кезде көне Сармат көлінің тармағы еді. Кайназой дәуірінде Арал теңізінің Каспий теңізімен жалғасып жатқаны да тарихи деректерде айтылған. Бұрын Әмудария (Оксус) өзені Каспий теңізіне құйған болса, Сырдария өзені Арал теңізіне құйған. Арал теңізінің бірнеше атауға ие болғанын түрлі елдердің саяхатшыларының жазбаларынан кездестіреміз. Арабия саяхатшылары Ибн - Хордадбектің мәлімдеуіне қарағанда, Арал теңізі 865 жылы Курдер аталса, Әс - Масуди өзінің 943 жылғы еңбегінде оны Куржани деп көрсеткен. Әл - Истархи 961 жылы оны Казбин, Әл - Хафизи 1339 жылы Абруда, Бекрон ХІІІ ғасырда Женут деп жазған.
Көптеген зерттеушілер арал сөзін орал - алтай тілі бірлестігіне жатқызады. А. К. Матвеев венгер тіліндегі ар / ер – «су ағысы, тасқын» десе, Е. И. Рамбандеева оның манси тіліне тән ара – «өзен» деге сөз екенін айтады.
Ар компонентті топонимдер түркі тілінің көбінде бар. Өзб. орал, шор. аргы – «арал», «өзеннің иіні, түбегі», тув. арыг – «жайылымдардағы ағаштар», як. арал – «өзен алабы», хак. арал – «өзен қолтығы, ағысы».
Бұл тілдердің көбінде ол топонимдер жеке атау, өзен аттары ретінде де айтылады. Қаз. Арал (теңіз), башқ. ар – Танап өзенінің сол жақ тармағы: Эри – Буй өзенінің тармағы, Эрйылға – Усен өзенінің сол жақ тармағы. Якут тілінде Арыы – «арал», Улу Арыы – «үлкен арал», Уон Арыы – «он арал».
Қорыта келгенде, арал сөзінің негізі, тура мағынасы – «су, өзен, бұлақ, көл», «арал, өзен, көл аралы» дегендер қосымша, ауыспалы, екінші мағына. Ал қазақ тіліндегі Арал атауының тура мағынасында қолданылып келгенін, «көл», «теңіз» сөздерінің кейінгі дәуірлерінде, көл аумағының ұлғаюымен байланысты қосылған үстеме мағына екенін байқаймыз.
Қызылорда өңірінде осы теңіз атына қойылған қала бар (1938 жылдан облысқа бағынышты), Арал ауданының орталығы. Теміржол стансасы, «Аралтұз» өндірістік бірлестігі жұмыс істейді. Оренбург - 2 – Ташкент темір жолын 1985 ж. салумен байланысты кеме жөндеу, жасау зауыты дүниеге келген.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тарихи түптөркін: Алакөл, Алатау Тарихи түптөркін: Алакөл, Алатау
Алакөл – Алматы облысының Балқаш - Алакөл ойпатының шығысындағы бұрынғы Семей облысымен екі арадағы тұзды көл. Алабы – 2650 м2., тереңдігі – 45 м.
Күй аңызы: Толқында Күй аңызы: Толқында
Арал теңізінде болған оқиға ізімен шыққан. Әкесі Шаңбатыр Бақытты жас кезінде өзімен бірге теңізге алып шығады. Жарты жолға келгенде теңіз көтеріліп,
Тарихи түптөркін: Ақсүмбе, Ақтау, Ақтоғай, Ақтөбе, Ақшағат Тарихи түптөркін: Ақсүмбе, Ақтау, Ақтоғай,
Ақтау – қала. 1964 жылдан Шевченко аталып келді де, 1992 жылдан тарихи әділдік жеңіп, қайтадан Ақтау аталды. Маңғыстау облысының орталығы. Каспий
Жанқожа батыр мен Ағасұр би Мырзабай Жанқожа батыр мен Ағасұр би Мырзабай
Қазақ Елінің түстігіне тізесі батқан Қоқан ханын қан төкпей - ақ ауыздамақ ниетпен Арқар Садақ Қошқарбай батырдың ұлы жас Би Мырзабай Арал теңізі
Жайлауда Жайлауда
Жайлау ғой мынау жарасқан Арал – төбе бауыры. Төбеден неге әрі асқан Сәулешімнің ауылы
Арал қасіреті Арал қасіреті
Кемелер жүздірген шағылтып желкенін айға, Тау толқын төсінде тербелген ерке күн қайда? Қайда сол дәуренің тағдырдан күш-қуат сезген, Шағала көктемнің
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×