ойын сауық отауы
Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат: Майқы би Төбейұлы
15.04.2023 1 462 0 Admin

Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат: Майқы би Төбейұлы

Мақал-мәтелдер
Бабадан қалған асыл сөз
Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат: Майқы би Төбейұлы (1105 - 1225 ж. ж. шамасы)
Аты аңызға айналған Майқы би туралы халқымызда: «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би» деген қанатты сөз бар. Майқы баба түйінді де даналы сөзімен би біткеннің көшбасшысы болған делінеді. Тарихи деректерге жүгінсек, Майқы би түбі бір түркі халықтардың біразына төрелік айтқан бас бидің бірі болғанға ұқсайды.
Халқымызға тән аңыздардың бірінде: Орманбет би өліп, ноғай елі бүлінгенде, Майқы би қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер бейнесінде сипатталады. Аңызға сәйкес, Майқы би қазақ руларын үш жүзге топтап, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Қабан ұлы Болтақожа бастаған бөлікті Орта жүз, Қоғам ұлы Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атаған дейді.
Бірліксіз – тірлік жоқ.
* * *
Хан әділ болса – халық ынтымақты болады.
* * *
Хан – халықтың қазығы.
* * *
Жетесіз жігіт – ел қадірін білмес,
Некесіз әйел – ер қадірін білмес.
* * *
Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан малықпас туады,
Тілазардан қылжақпас туады,
Таздан жарғақпас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.
* * *
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
* * *
Ханның биі ақылды болса,
Қара жерден кеме жүргізеді.
* * *
Би екеу болса, дау төртеу болады.
* * *
Дауыл болмай жауын болмас,
Даулы боолған қауым болмас.
Егіз ешкі сауын болмас,
Екі жалқау ауыл болмас.
* * *
Естіге айтқан тура сөз,
Шыңға тіккен тумен тең.
Есірге айтқан тура сөз,
Құмға сіңген сумен тең.
* * *
Ақиық қыран қартайса,
Жас жағалтайдан тепкі жейді.
* * *
Парақор биге ісің түспесін,
Сараң үйге кісің түспесін.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Қожа Ахмет Йассауи Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Қожа Ахмет Йассауи
ХІІ ғасырда Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дүниеге келген. Халқымыздың байырғы мәдениеті тарихындағы айрықша тұлға, сопылық поэзияның негізін
Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Жүсіп Баласағұн Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Жүсіп Баласағұн
Толық аты Жүсіп Хас - Хажыб. Шу бойындағы ескі қаланың бірі – Баласағұнда туған. ХІ ғ. 70 - ж. дейін өмір сүріп, есімі күллі Шығыс елдеріне мәшһүр
Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Әбу Насыр Әл - Фараби Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Әбу Насыр Әл - Фараби
Аристотельден кейін әлем бойынша білім мен мәдениеттің Екінші ұстазы атанған ұлы данышпан, ғұлама ғалым, энциклопедист Әбу Насыр әл - Фараби жалпы
Ынтымақ - бірлік, татулық туралы Ынтымақ - бірлік, татулық туралы
Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан
Әділдік, шындық, қанағат - рақым туралы ұлағатты сөздер Әділдік, шындық, қанағат - рақым туралы ұлағатты
Әділет тілесе - атаңның болсын айыбын айт.
Қанағат туралы мақал - мәтелдер Қанағат туралы мақал - мәтелдер
Қанағат туралы мақал - мәтелдер Ер азығы - қанағат Әр кім қолда барын ұсынады. Ер азығы - қанағат.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×