ойын сауық отауы
Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Әбу Насыр Әл - Фараби
11.12.2022 2 002 0 Admin

Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Әбу Насыр Әл - Фараби

Мақал-мәтелдер
Бабадан қалған асыл сөз
Тарихты тыңдау – ұлы ғибрат Әбу Насыр Әл - Фараби (870 - 951 ж. ж.)
Аристотельден кейін әлем бойынша білім мен мәдениеттің Екінші ұстазы атанған ұлы данышпан, ғұлама ғалым, энциклопедист Әбу Насыр әл - Фараби жалпы түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі. Мұсылманша толық аты - жөні Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Узлағ Тархани. Ерте заманда түркі халықтарының орталғы болған Отырар қаласында, Сыр бойында дүниеге келген (арабтар Отырарды «Фараб» деп атаған).
Әлемге әйгілі ойшыл, философ, математик, физик, астроном, лингвист, музыка зерттеушісі әл - Фараби 150 - ден астам трактат жазып қалдырған. Тарихи деректердің айтуынша, жетпіске жуық тіл білген.
Әл - Фарабидің философиялық ұстанымдары мен көзқарастарынан басты үш бағытты анық аңғаруға болады. Ғұлама ғалым дүниенің мәңгілігін мойындап, танымның болмысқа тәуелділігін растаған, ақыл - парасат туралы ілімге талдау жасап, сарапқа салған.
Егер бізге қайта туу нәсіп болса – мен екінші рет те Сығанақта дүниеге келуді қалаған болар едім!
* * *
Білім және атамұраны жақсы тәрбиеменен безеу керек.
* * *
Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
* * *
Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу.
* * *
Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.
* * *
Шын білім – ақиқат, анық білім.
* * *
Адам мақсатын өзін - өзі жетілдіру арқылы жетеді.
* * *
Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.
* * *
Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
* * *
Өз ісіңнің білгір һәм шебері атану үшін жақсы жұмыс істеп, жетік білуге ұмтылу керек.
* * *
Ғақлия көзбен қарасаң,
Дүние – ғажап, сен – есік.
Жаһалы көзбен қарасаң,
Дүние – қоқыс, сен – меншік.
* * *
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
* * *
Даналар талай нысан тапқанымен,
Тапқан жоқ тектің тегін әлі бірі.
* * *
Ең тамаша әрекет – бақтқа жол жеткізетін еркіндік!
* * *
Барлық қалалары бақытқа жету мақсатымен бір - біріне көмектесіп отыратын халық – қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір - біріне көмектесіп отыратын болса, бүкіл жер жүзі осылайша қайырымды болады.
* * *
Қағанын сатқан халықты тәңірі де жаратпайды.
* * *
Елін сүйген ер бақытты.
* * *
Халқына – бегі, бегіне – халқы сенген ел ұзақ жасайды.
* * *
Елді халық едім, қайда енді сол елім?!
Қағанды халық едім, қайда сол қағаным?!
* * *
Жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым.
* * *
Елін елдікті етті, жауын бейбітті етті.
Бастыны бағындырды, тізеліні бүктірді.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет Бабадан қалған асыл сөз: Көнеден жеткен өсиет
«Ақыл иесі, сөз иесі мен болдым» деп ашығын айтқан Түрік қағанаты тарихындағы бірегей тұлға Тоныкөк (Тоныұқық) тапқыр да шешен сөзімен, ер жүрек
Мүбәрак күндер мен түндер: Мәуліт Мүбәрак күндер мен түндер: Мәуліт
Адамзатты қараңғылықтан құтқару үшін жіберілген соңғы пайғамбар – біздің Пайғамбарымыз әзірет Мұхаммед (с. а. с.) 571 жылы рәбиул - әууәл айының 12 -
«Аң мәнері» туралы мифология «Аң мәнері» туралы мифология
Ежелгі мәдениетті зерттеу, көне түркі мәтіндерін тәржімелеу, ежелгі түркілердің мифологиясын еуропалық үлгілермен салыстыра зерделеу барысында Жер
Ар - ождан – сенімнің өлшемі Ар - ождан – сенімнің өлшемі
Ар - ождан – сенімнің өлшемі. Адамзат баласы бойындағы ең қажетті сезім – ар - ожданы.
Математика – ғылымдар патшасы Математика – ғылымдар патшасы
Сырын ашып беретін әр ұғымның, Ғажап сырды осыдан сен ұғындың. Қиыны мен қатар тұрар қызығы, Математика – патшасы сан ғылымның.
Отырар кітапханасы Отырар кітапханасы
Тек қарынның байлығына сенген елдiң соры бар, Көне тарих сабақтары бiзге мойын бұрғандай. Отырарды ғаламда жоқ жазба кiтап қоры бар, Өткен заман
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×