ойын сауық отауы
Корей мақал-мәтелдерінен
17.08.2015 6 753 0 Admin

Корей мақал-мәтелдерінен

Мақал-мәтелдер
Корей мақал-мәтелдерінен
Дананың зеректілігінен дәрдірдің жазып алғаны сенімді.

Ит екі жалдан соң да иесін таниды.

Көптің сөзіне күдік келтірме.

Есті қоян итке жеткізбес.

Сенімі бар сергелдеңнен қорықпас.

Кісісі көп сөйлейтін үйдің көжесі ащы.

Балық өзі өскен суын қимайды.

Еселі бақыт еңбекте.

Көктемге жетсе, көтерем де тебеді.

Қасқырдың жүрегі қайрымды дегенге нанба.

Мырза еріккеннен малайын ұрады.

Ақшаға әркім-ақ қат.

Кедейдің дұспаны – құрсағы.

Молданы мешіт асырайды.

Үлессіз қалған өкпелі.

Сараң – сатулы болмаса уды да іше салады.

Ойсыздың бәрі өркөкірек.

Түні бойы жоқтапты да жылапты.
Таң атқанда: «Өлген кім?» – деп сұрапты.

Бағынышты бол,
Жалынышты болма.

Қырғи қыранды жақтайды.

Ұйқышының үйіне ұйқышы тап келеді.

Еріншек ел жатқанша жуынады.

Өлерде бұлбұлдың да үні өзгереді.

Тіршіліктің түзу жолы жоқ.

Онның ойы бір жерден шықса – оң ойлағаны.

Ұры, ит қапса да, елге айтпас.

Үзілген жеміс өспейді.

Ұнды ұзақ еле,
Сөзді қысқа сөйле.

Туғаныңмен тура сөйлем.

Ас ішіп болып, аузың сүрт.

Көлеңкеде өскен ит күнге үреді.

Ізі барды іздеу оңай.

Гүл әдемі болса, көбелек өзі келеді.

Аузың қисық болса да, түзу сөйле.

Жолын біліп тұрсаң да,
Жөнін сұрай салғайсың.

Ұн сатқанда желдетер,
Тұз сатқанда селдетер.

Жолды білсең жолдағыны басып оз.

Қазының топырағы қасапшыдан қорықпас.

Өзі де жемейді,
Итіне де бермейді.

Ұнамайтын келіннің ұлдары да сүйкімсіз.

Үй өртенсе өртенсін,
Кенесі де бірге өлсін.

Қисайған ағаш құламай қалмас.

Көр тышқанның ініне де күн түседі.

Қызарған көзге қызыл бұрыш сепкендей.

Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер
Диқан, егін туралы мақал - мәтелдер Ексең егін ішерсің тегін Арпа егіп, бидай орамын деме. Бақпаса мал өспейді, Баптамаса егін өспейді.
Қырыққабаттан жасалған корей салаты Қырыққабаттан жасалған корей салаты
Сәбізді корей салатына арналған теркадан өткіземіз, сарымсақты жұқалап дөңгелектеп тураймыз. Сарымсақ пен сәбізді араластырамыз.
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол,
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, Қаза көрген жүрегі жаралы – ол, Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, Зарланып неге әнге салады ол?
Ашанти, Әмхара мақал-мәтелдерінен Ашанти, Әмхара мақал-мәтелдерінен
Отыз жыл қисық өскен ағаш бір жылда түзелмейді. Қоқаңдаған қораз қырғи барын ұмытады.
Ассирия мақал-мәтелдерінен Ассирия мақал-мәтелдерінен
Жайдақ су жәй ағады. Түлкінің алдағанынан арыстанның талағаны артық.
Армян мақал-мәтелдерінен Армян мақал-мәтелдерінен
Армян мақал-мәтелдерінен Гүлден жылан зәр жияды, ара бал жияды. Үлкен теңізде үлкен балық болады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×