ойын сауық отауы
Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
01.09.2018 4 004 0 Дауыл

Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?
Тоқ тұра алмас дәмдіден дәмді іздемей.
"Бір тойған — шала байлық" деген қазақ,
Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей?
Еңбек жоқ, харекет жоқ қазақ кедей,
Тамақ аңдып қайтеді тентіремей?
Ет пен қымыз сықылды ас жоқ дейді,
Ол немене жоқтықтың әсері емей?
Ет, қымыз тамақ болса әркімге арзан,
Тәтті, дәмді іздер ең онан да әрман.
Өз пұлыңмен халің жоқ күнде тояр,
Құлдық ұрып асайсың асы бардан.
Өз үйіңнен тоярға қолың қысқа,
Ас берер ауыл іздеп жүрсің босқа.
Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген
Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа.
Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,
Малың болса, сыйламай тұра алмас ел.
Қаруыңның барында қайрат қылмай,
Қаңғып өткен өмірдің бәрі де — жел.
Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,
Еңбек қылмас еріншек адам болмас.
Есек к... н жусаң да, мал тауып кел,
Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас.
Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,
Сұм нәпсің үйір болса, тез тыйылмас.
Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,
Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.
Асаған, ұрттағанға ез жұбанар,
Сенімді дәулет емес сен қуанар.
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы сықылды тез суалар.
Мінер атын, киімін ып - ықшам қыл,
Сымбаттанып, сымпиып тамақ аңдып,
Бұраңдап жылы жүзін асқа сатқан
Антұрғанға қосылмай кетсін қаңғып.
Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста,
Кезеген ит тым - ақ көп біздің тұста.
Өз үйінен жиреніп, қашып жүрген
Антұрғанға қосылма қапылыста.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Бай мен қонақ Бай мен қонақ
«Қазақтың көп жұмысы не?» – десеңіз, Айтайын, жамандайды демесеңіз. Көргеніңді сөйле деп айтқызып ап, Қайта айналып етімді жемесеңіз.
Бай мен кедей Бай мен кедей
Бай болдың, батыр болдың, шешен болдың, Ел билеп, топ бастаған көсем болдың. Сен қылмаған өнер жоқ бола қойсын, Бір адам қандай болсын десең, болдың.
Қабағы таудың қатулы Қабағы таудың қатулы
Қабағы таудың қатулы, Қар жауа ма, қайтеді?! Бұлақтар мұңға батулы, Мұз тұра ма, қайтеді?!
Еңбек - өлім жан қанатын қиятын Еңбек - өлім жан қанатын қиятын
Еңбек - өлім жан қанатын қиятын, Еңбек - өлім жанды ашудан тыятын. Еңбек деген - еңбектеген мылқау дию, Жаншып, жанның сұлу сынын жоятын.
Ал ішіңдер, бұл – қымыз Ал ішіңдер, бұл – қымыз
Ал ішіңдер, Бұл - қымыз. Бұл қымыздың арғы атасын сұрасаң, Құлаша қулық бие сүті еді,
Еңбек пен кәсіп туралы мақал мәтелдер Еңбек пен кәсіп туралы мақал мәтелдер
Еңбек түбі – береке, Көптің түбі – мереке.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×