ойын сауық отауы
Білімдіден шыққан сөз
02.04.2016 8 018 0 Дауыл

Білімдіден шыққан сөз

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.

Жүрегі - айна, көңілі - ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез?

Әбілет басқан елерме,
Сөзге жуық келер ме?
Түзу сөзге сенер ме,
Түзелмесін білген ез?

«Айтшы айтшылап» жалынар,
Ұққыш жансып шабынар.
Ұқпай жатып жалығар,
Ұйқылы - ояу бойкүйез.

Жас баладай жеңісқой,
Байлаулы емес ақыл, ой.
Ойлағаны - айт пен той,
Ыржың - қылжаң ит мінез.

Сұлу қыз бен я батыр
Болмаған соң, тәңірі алғыр,
Шығып кетер, я қалғыр,
Оған ақыл - арам без.

Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп,
Дертті ішіне ем көріп,
Неге алтынды десін жез.

«Ой, тәңір айшыл» кер есек,
Қулық, сұмдық не өсек
Болмаған соң, бір есеп -
Мейлі қамқа, мейлі бөз.
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Онегиннің сипаты Онегиннің сипаты
Жасынан түсін билеп, сыр бермеген, Дәмеленсе, күндесе, білдірмеген. Нанасың не айтса да, амалың жоқ, Түсінде бір кәдік жоқ алдар деген.
Өзгеге, көңілім, тоярсың Өзгеге, көңілім, тоярсың
Өзгеге, көңілім, тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың? Оны айтқанда толғанып, Іштегі дертті жоярсың.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ - барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Біреуден біреу артылса Біреуден біреу артылса
Біреуден біреу артылса, Өнер өлшеніп тартылса, Оқыған, білген - білген - ақ, Надан - надан - ақ сан қылса.
Алла деген сөз жеңіл Алла деген сөз жеңіл
Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол емес.
Ғылым таппай мақтанба, Ғылым таппай мақтанба,
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба Ойнап босқа күлуге, Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрседен асық бол.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×