ойын сауық отауы
Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз
10.04.2016 2 067 0 Дауыл

Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз
(Олжас Сүлейменовке)

Біз, қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз,
Түрлі сыпсың сөздерден де,
Ызғар шашқан көздерден де,
Заман мен заң өзгергенде,
Бүлінген жоқ іргеміз.
Бірімізді екіншіміз ылғи қолдап жүргеміз.
Біз, қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз.
Көзі тірі пайғамбар жоқ, даңқы шырқап өскенмен,
Пайғамбардың барлығы да өз жеріне кеш келген.
Бұлт құрсамай тұрар кезі өте сирек Айдың да,
Ал сен туған мекеніне терең тамыр жайдың да,
Айналдың зор айбынға,
Міне содан өрбіп жатыр бақытың да, қайғың да.
Алғаш рет сен қозғалдың ұлт намысы дегенде,
Халқымыздың ұлы рухын алып ұштың көп елге,
Баба түркі сөз төркінін ыждағатпен қопардың,
Семейдің зор қасіретін әйгіледің әлемге,
Сөйтіп Абай, Шәкәрімнің аруағынан бата алдың.
Мен Аралдың, Желтоқсанның мұң - зарына болысып,
Қыран таулы қырғыздардың ел ақыны атандым...
Ешкім бізді өгей ұлы дей алмайды Отанның.
Елден алған, жерден алған жырларының қуатын
Жолың болғай, ғасырының үні болған ұлы ақын!

Жүректің серенадасы Жүректің серенадасы
Арқаның кетсе - дағы күні суып, Сезімді жиырма бестің демі буып, Жаздағы шатырлаған найзағайдай, Келеді тылсымымнан бір жыр туып!
Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны Тоғызқұмалақ – қазақ халқының ұлттық ойыны
Тоғызқұмалақты қырғыздар да, қарақалпақтар да, алтайлықтар да ойнайды. Алайда қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойыны кемеліне келген және дамыған ойын.
Бес саусақ Бес саусақ
Бес саусақ. Атам шақырып алды да, Отырғызды алдына. — Бес саусақтың атын біл, Тоқып алғын жадыңа! Бас бармағың — ата - анаң, Үлкеңдерден бата алған.
Сауатыңды аш Сауатыңды аш
Ғасыр бойы тұман басқан, Мұңдыларды мұнар басқан, Жұмысшы тап теңдік алып, Көзін ашқан, ұрандасқан.
Қазақтың бас бұлшық еті Қазақтың бас бұлшық еті
Тұлпар далаң, іңкәр далаң айтып жатыр алғысын, Қабіріне бас игендей тәкаппар тау, қарлы шың. Күллі қазақ әйелдері толғатса да қанша рет, Туа алмастан
Сәуір айы Сәуір айы
Сабылып келді міне, сәуір айы, Сәуір айы - қазақтың тәуір айы. Жылайды да тұрады жылаңқы бұлт, Бара жатыр не болып ауа райы?!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×