ойын сауық отауы
Жауға түскен жанға (М. Д.- ға хат)
01.05.2016 1 773 0 Дауыл

Жауға түскен жанға (М. Д.- ға хат)

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Дамыл көрмей ерте - кеш,
Жұрттың қамын көп жедiң.
Байладың белдi, салып күш,
Тыныштық жүзiн көрмедiң.

Жағаластың жауменен,
“Бермеймiн жұртым, жаным”, – деп.
Алыспақ болдың тауменен,
“Жұрт үшiн төгем қаным”, – деп.

“Оян! – дедiң жұртыңа, –
Бас көтерiп, тiрлiк қыл!”
Ақыл айттың ұлтыңа:
“Таста талас, бiрлiк қыл!”

Бiр шешпедiң белiңдi,
Жұрт үшiн уайым - қайғы жеп,
Сақтамақ болып елiңдi:
“Қара күн алда, бекiн”, – деп.
Менменсiген күштi жау
Көздеп тұрды iсiңдi.
Қоймады сенi есен - сау,
Алды қолдан күшiңдi.

Қараңғы үйге қамады,
Мейiрiмсiз өңшең тасбауыр.
Сорлыға Тәңiрi пана - ды,
Болса да бейнет қанша ауыр.

Қиялға ескi бата бер,
Қайра өзiңдi, дәрмен не?
Уайымсыз, ойсыз жата бер,
Жұрт үшiн түстiң, арман не?

Көзiн ашып, артыңда
Жұртың ойлар: “Бұл қалай?
Тайынба, қорықпа, тартынба!” –
Деушi болар бiрталай.

Ұмытпаған өз ұлтын
Қайратты жас жiгiттер
Жұрт үшiн салар мал - мүлкiн,
Бiрiн - бiрi үгiттер.

Ұстасын, жапсын, уайым жоқ:
“Қоймай қуса қорқақты –
Батыр болар” деген көп,
Батыр ғып, одан не тапты?

Өрнек болар мұндай iс
Кейiнгi жанған жастарға.
Қайраттанып, күйiп iш,
Азуын шайнар қастарға.

Қараңғы болса қанша түн,
Жұлдыз сонша жарқырар.
Бұлт басса да Алтын күн,
Бiр шығар, жердi жарық қылар.

Келешек күнде қағазға,
Алтынмен жазар атыңды.
Құшақтап сүйер, қағазда
Көрсе жазған хатыңды.

Уайым - қайғы жұтады,
Сенi ойлап, сорлы жұрт.
Аңдыған жау ұтады,
Тәңiрi, соның түбiн құрт.

Саған көк те тiлектес,
Бұралған өңшең нәзiк бел,
Перiштелер жаныңда!
Еш қайғырма, рақат – анық бiл...

Мейiрiмi кең күштi Ием,
Сорлы жұртты оң баста.
Дұшпан – құлаш, бiз – сүйем,
Рақмет ұшқынын таста!

Көбейсiн елде қайратты ер,
Жұрт үшiн болсын қара тер.
Сорлы жұртты бастасын,
Жасаған, соған көмек бер!

Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр
Ақыл деген өлшеусiз бiр жарық нұр, Сол нұрды тән қамы үшiн жан жұмсап жүр. Тағдырдың қиын, сырлы сиқырымен Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.
Адам немене? Адам немене?
Бiлiмдiлер сөз жазып, зарлағанда, Ой кезiп, жердiң жүзiн шарлағанда, Алдаусыз адам өмiрiн түзетерлiк Әдiлет, ынсап, мейiрiм бар ма адамда?
Жау жеңді, берік қамады Жау жеңді, берік қамады
(Әбу Фирастан) Жау жеңді, берік қамады, Кісендемін - тұтқынмын! Тамшылап қаным ағады, Сарғайтасың етпей, күн!
Қазақыес Қазақыес
Күш кемiдi. Айбынды ту құлады. Кеше батыр - бүгiн қорқақ, бұғады. Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Қазақ тілі Қазақ тілі
Күш кемiдi, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгiн қорқақ, бұғады. Ерiкке ұмтылған ұшқыр жаны кiсенде Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Ләззат қайда Ләззат қайда
Бұл жарыққа шыққан соң, Іздейді көңілім күн - түні Қайдасың ләззат, рахат деп, Таппады сал боп еш мұны.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×