ойын сауық отауы
Сен шынымен жоғалдың ба?!
04.11.2016 4 439 0 Дауыл

Сен шынымен жоғалдың ба?!

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев өлеңі
Сен шынымен жоғалдың ба?!
Жоғалдың.
Солай шығар,
Шын сүймеген боларсың.
Енді сені өліге мен санаймын,
Сен туралы толғануды доғардым.

Ақымақ-ай!
Бір көрінсең болмай ма?
Табар едім,
Саған барар жол қайда?
Шыр айналған шынашақтай шымшық та,
Шырылдап кеп ұясына қонбай ма?!

О, неғылған дәтің берік пенде едің?!
Тым құрыса бір айналып көрмедің.
Тым құрыса түсіме енші, түсіме,
Түсіме енші!
Шөлдедім-ау, шөлдедім.

Дайындаған: Асыл

Қара қамшы. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығы. Қара қамшы. Бек Ноғайбайұлы шығармашылығы.
Қара қамшы Қара қамшы енесің түсіме кей кездерде, Ұйықтасам да тып – тыныш кісінемей. Жон арқамнан осып бір оятуға, Тұрасың босағада күшің келмей.
Түсіме тау кіреді... Түсіме тау кіреді...
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді, Тау жайлап, тау қыстаған. шал жүреді. Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен, Астында балпаң басқан Сал - күреңі.
Сахараның шұбырған түйелері Сахараның шұбырған түйелері
Түнде менің түсіме жиі енеді Сахараның шұбырған түйелері. Түйенің өркешінде жыр боталап, Түйенің боздауынан күй өледі.
Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем
Көңілде ән, көгімдегі Күн көруші ем, Барғанда маған ылғи гүл беруші ең. Жалт етіп жай отындай көкжиектен Әттең - ай, маған енді бір көрінсең!
Жиі енеді Жиі енеді
Жиі енеді түсіме бұрынғы ауыл, Ойнақ салып, құлын - тай қырында жүр Сүттен бұлақ ағызып, сиырлы ауыл Іркіт иісі келеді мұрынға бір
Дариға, домбырамды берші маған Дариға, домбырамды берші маған
Дариға, домбырамды берші маған, "Жаныма келші, жарым, келші балам! Бейуақ, іңірдегі көңіліме, Күй болып, күңіреиіп енші, далам.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×