ойын сауық отауы
Қираған құлпытастар
02.03.2016 2 537 0 Дауыл

Қираған құлпытастар

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Қираған құлпытастар
Кімді аяйды есіргендер,
Қызғаңдар?! -
Қасиетті ұғымдарды сызғандар?
Бәрін, бәрін,
Барлығын да бұзады
Бақилардың тыныштығын бұзғандар!
Мұның өзі қиял ма, әлде елес пе?
Ескерткіштер қирап жатыр дөңесте.
Құлпытасқа қол көтеру, қарағым,
Аруақтарға дүре соғу емес пе?
Жи, бауырым,
Жи, бауырым, есіңді!
Жауыздыққа куә болды өсімдік.
Табытынан суырып ап аруақты
Тепкіледі деген осы!
Не сұмдық!
Тәнті болған елді билеп - төстеуге
Тиранның да аузы бармас "хош!" деуге.
Бауырым - ау, қорлау үшін адамды
Бұдан басқа болады енді не істеуге?!
Менің өзім бұған күдік келтірмен:
Жаза болып жарытпайды сол түрмең.
Қалай солай өлтіреді тіріні
Бір өлгенді екінші рет өлтірген!
Қирап жатқан ескерткіштер көп тегі,
Қарағым - ай, қарғауға сөз жетпеді!
Құлпытасқа түскен сызат,
Жарқыншақ -
Шапалақтың таңбасындай беттегі!
Кімді аяйды есіргендер, Қызғандар?!
Ар - ожданын тумай жатып сызғандар?
Бәрін, бәрін,
Барлығын да бұзады
Бақилардың тыныштығын бұзғандар!

Волгалы ауыл Волгалы ауыл
Баршылықтың арқасы ғой тегінде, Бір - бір «Волга» әрбір үйдің түбінде. Атқа деген құмарлығы халқымның Машинаға көшсе керек бүгінде.
Халық Халық
Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден" Ә дегеннен ғибрат алып келем. Ұлттар үшін Жүз томдық жыр сездігі Ұлы сөзден басталар ХАЛЫҚ деген.
Аяз би Аяз би
Аяз биім! Аруағым, табынарым. Ар мен ақыл - бас иіп, бағынарым. Алдыменен сені ұғып, Сені сыйлар Маңдайына жазылған бағы бар ұл.
Тілектеске Тілектеске
Ей, бауырым! Көтерсеңші, көтерсеңші басыңды. Алатаудың асқарына күннің нұры шашылды. Қыз - тіршілік, міне тағы мойыныңа асылды, Асылды да саусағымен
Біздің үйге көктем келді, қыз келді Біздің үйге көктем келді, қыз келді
Біздің үйге көктем келді, қыз келді, Қызығың да, тамашаң да бізде енді. Неғып жатыр, Әнуар шұжық, балқаймақ, Нөкерімен шауып кетпей біздерді...
Жәмила Жәмила
Жәмила! Мұнша неге жүдедің? Бетінде тамшы қан жоқ қой. Жаралы ма жүрегің? Тегінде, терең зар көп қой!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×