ойын сауық отауы
Дәрігер  - Марфуға Айтқожина
29.04.2019 1 083 0 Дауыл

Дәрігер - Марфуға Айтқожина

Өлеңдер
Дәрігер - Марфуға Айтқожина
(Розаға)

Түн ұзақ бей - жай көңілім,
Сарғаймай бұл таң атты ма.
Шырымын алмай көзінің,
Сазарған науқас жатты да.
Біреуі сұрар сусынды,
Біреуі налып тірлікке.
Тілейді үнсіз тылсымды,
Өмірге қойып бір нүкте.
Ұзақ боп минут ғасырдан,
Жатады науқас сарылып.
Ұйқыны қайда қашырған,
Дей ме әлде іштей тарылып.
Кейде бір алтын таң күліп,
Терезе қағар самал леп.
Қайтады жұрттар хал біліп,
"Жазылып қапты, аман" деп.
Оралса үйге аман - ақ,
Демейді ешкім жүдепті.
Ажал оты жаралап,
Кетеді кейде жүректі.
2
Оянып таң сәріден,
Дәрігер жетер ертелеп.
Хал сұраса бәрінен,
Балаша біз де еркелеп.
Жатса да кейі қиналып,
Қалжырап оймен қазылып.
Кеудеміз толып күйге анық,
Кеткендей болар жазылып.
Зіл басқан денең серпіліп,
Кеткендей жалғыз сөзінен.
Көңілінің күйі шертіліп,
Тұрады нұрлы көзінен.
Күн ұяға мол еніп,
Кетсе де үйге қайтпайды.
Алғысқа жүрер бөленіп,
Артық сөз әсте айтпайды.
Күлкісі қандай келісті,
Тарқағандай шер біткен.
Науқастың сырын бөлісті,
Жаныңды сөзбен сергіткен.
Тұрғаны ұдай кішіріп,
Үлкенге де, жасқа да.
Жаз шағын түсіріп,
Ауруға да, басқаға.
Келсе болды жәй ұғып,
Білегіңнен бір ұстап.
Кеткендей жаның айығып,
Күбірлеп іштей жыр ұштап.
Етпесін әсер білемін,
Уколың да, дәрің де.
Бір ғана сенің жүрегің,
Емдейді - ау, Роза, бәрін де.

Дәрігер Дәрігер
Арашашы жаныңа, Қасыңнан кетер табыла. Ақ халатты дәрігер, Мерекесі тағы да.
Сырқат сыры Сырқат сыры
Тағы, міне, таң да атты. - Сырқатыңыз салмақты... Ішкен шарап, жеген ет, Баурыңызды жалмапты.
Дәрігер Дәрігер
Маған айтты бір дәрігер: - Таба алмассың бір ауру Ұнамады деп айтқан Мен істеген ем - дәру.
Жылқышының үйінде Жылқышының үйінде
- Түн түнерді, ұйықтады ауыл, Сорлы, бейбақ, атаң қайда?.. - Боран мынау, туды дауыл, Апатайым, атам қайда?..
Ауру Ауру
«Дәрігер, дәрі, бақсы!»- деп, Алмаңдаршы мазаны. «Тірліктен өлім жақсы!»- деп, Сұраймын өзім қазаны.
Ана Ана
Үйдің іші ұйқыда, Түн ортасы шамасы. Көзін алмай бесіктен, Бөбек жатыр албырап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×