ойын сауық отауы
Сен ұнатпады екен, деп...
26.07.2020 3 077 0 Admin

Сен ұнатпады екен, деп...

Өлеңдер
Сен ұнатпады екен, деп...

Сен ұнатпады екен, деп
Дәрменім құрып жүрген жоқ.
Салған жоқ жара жаныма,
Алған жоқ, сірә, іргемді от.
Сен болсаң жүрсің
Сырт көзге
Әйтеуір, өмір сүрген боп.
Ұмыттым бәрін
Ұмыттым,
Өмірден талай сыр ұқтым.
Өзгеге байлап өзімді
Осыған дейін құр бекер
Жолымды байлап жүріппін.
Сүймеген жанға сүйкеліп,
Сүйкімсіз өмір сүріппін.
Бәрі де,
Бәрі жалған... жоқ...
Есімде дымда қалған жоқ,
Қымбаттым болып келген ең
Кетіп барасың арзан боп.
Шағылған, сірә, тауым жоқ,
Айтарға не бір дауым жоқ.
Төбемнен өттің -
Жәй ғана
Төпелеп жауған жауын боп.
Санжар Ғұлама

Менің "жалғандарым" Менің "жалғандарым"
Мына қу жалған өмірде, Түр - түрі шықты - ау жалғанның. Жылтыры көзді жаулап ап, Шыр - пыры шықты талғамның.
Сені сүймеуім керек еді... Сені сүймеуім керек еді...
Сені сүймеуім керек еді, Жаныма ауыр мұң артып. Не таптым екен, Өзіңдей, Қайырсыз жанға құмартып.
Жалғыздық дей ме... Жалғыздық дей ме...
Жалғыздық дей ме... Қорқа ма кімдер? Үрки ме? Мен болсам тіпті үйреніп қалғам бұл күйге. Әйтсе де, құрғыр, бұл жалғыздықтың ешқашан, Төнбесе деймін
Жылдарым менің, жылдарым Жылдарым менің, жылдарым
Жылдарым менің, жылдарым Жазылмай қалған жылдарым. Айтылмай жүрген сырларым, Ақтармай жүрген мұңдарым, Жылдарым, қайран, жылдарым.
Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған
Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған, Сонда жатыр менде жүрген орындалмас бар арман. Сенің жүзің көкте күннен, жерде гүлден нәр алған, Шашың
Жолдасқа Жолдасқа
Әй, әй, жолдас, жас жігіт Қиқу салған, лепірген, Кетті ме әлде жын соғып, Аузын, мұнша көпірген!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×