ойын сауық отауы
Менің "жалғандарым"
19.12.2020 2 172 0 Admin

Менің "жалғандарым"

Өлеңдер

Менің "жалғандарым"
(Өз - өзіме бір сəттік есеп)

Мына қу жалған өмірде,
Түр - түрі шықты - ау жалғанның.
Жылтыры көзді жаулап ап,
Шыр - пыры шықты талғамның.

Сөзіме менің сенбеңдер,
Бәрі де жалған, өтірік.
Білмесем - білсем, әйтеуір,
Сөз сөйлей берем көпіріп.

Отырып алып желіде,
Санаусыз сурет салғанмын.
Түріме сеніп қалмандар,
Фотошоп жасап алғанмын.

Төндіріп қара аспанды,
Телміріп ұзақ талғанмын.
Қашанғы алдай беремін,
Жасанды бәрі. Жалған мұң.

Күлсем де күлем өтірік,
Бақытты жандай жадырап.
Күлмесем бақыт құсымнан,
Қалатындаймын ажырап.

Атағыма да сенбеңіз,
Ақша мен таныс - шешімі.
Дүркіреп тұрса деп едім,
Санжар Ғұлама есімі.

Атыма дағы нанбаңыз,
Ғұламов Санжар әу бастан.
Санжар Ғұлама дей беріп,
Ғұлама шықты - ау маубастан.

Ақындығым да әйтеуір,
Жетісіп тұрғаны шамалы.
Желіге шығып желпектеп,
Жұлдыз болудың амалы.

Жылы сөзім де өтірік,
Жай көңіл үшін айтылған.
Жалғаным шыға береді,
Алсаңыз дағы қай қырдан.

Өмірде, расы, қорқақпын,
Айтпасқа тағы амал жоқ.
Батыр боп жүрмін, артымда
Тұрған соң Сіздер қамал боп.

Дін Ислам, дедім, діңгегім
Айтыппын уағыз имамдай.
Құдайдан қалай жасырам,
Әлсіреп тұрған иманды - ай!

"Жалғанды Шындай, Шынды Жын
Ұрғандай" етіп айтамын.
Не әдет екен, мұндайда,
Кетеді қозып шайтаным.

Жалғанда жалған өмір - ай,
Пендеден қулық артылмас.
Шындықты айтар кез келсе,
Шабытым менің сарқылмас.

Бәрі де жалған, Алла - рас!
Күндерім - өмір парағы.
Жалғанды жалғап жалғанға,
Өмір - ай өтіп барады!


Санжар Ғұлама


Сені сүймеуім керек еді... Сені сүймеуім керек еді...
Сені сүймеуім керек еді, Жаныма ауыр мұң артып. Не таптым екен, Өзіңдей, Қайырсыз жанға құмартып.
Әй, күйгелек досым-ай Әй, күйгелек досым-ай
Әй, күйгелек досым - ай, Көңіліңнің босын - ай. Сүйретіліп өмірде, Жеткен жерің осы ма - ай?!
Жалғыз келдім бұл өмірге... Жалғыз келдім бұл өмірге...
Жалғыз келдім бұл өмірге, Жалғыз кетем, Өкпем жоқ! Рахмет саған бәрі үшін көптен-көп. Өмірімді бір жан үшін ойран қып, Көңілімді түсірмеймін
Сен ұнатпады екен, деп... Сен ұнатпады екен, деп...
Сен ұнатпады екен, деп Дәрменім құрып жүрген жоқ. Салған жоқ жара жаныма, Алған жоқ, сірә, іргемді от.
Өтірік Өтірік
Ә дегенге мә десіп, өре тұрып, Бет ауызды соққыға бере отырып, "Құладым деп оқыста" ата - анаға Қорыққаныңнан айтасың бір өтірік!
Жүрек неге зат болып жаралмаған?! Жүрек неге зат болып жаралмаған?!
Қарғам менің! Қарғам менің! Аласарып барады арман - көгім. Жалған десе, дүние жалған ба едің?! Жараланған көңілім дал - дал менің.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×