ойын сауық отауы
Жазды күні қалада
02.06.2016 2 054 0 Дауыл

Жазды күні қалада

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Қала, рас, өнер-білім қайнаған жер,
Тұтқын ғып надандықты байлаған жер,
Егілген ескіде өнер ағашының
Жемісі, қызыл гүлі жайнаған жер.
Білемін, білсем-дағы көне алмаймын,
Қалаға шын көңілім бере алмаймын.
Қаншама өзімді өзім зорласам да,
Тән рақат, жаным шат боп жүре алмаймын.
Себебі, жыбырлаған жанын көрсем,
Бір еркін дем алдырмас шаңын көрсем,
Әсіресе, өз еркіңмен жүргізбейтін
Құрылған қолайсыз тар заңын көрсем,-
Түседі сол мезгілде ойға дала,
Жүгірген жалаң аяқ шақта бала,
Шалқар көл, қалың орман, ну тоғайлар,
Жайнаған түрлі гүлмен кең-кең сала.
У-шу боп қыбырлаған төрт түлік мал,
Есетін солтүстіктен салқын самал.
Апырм-ай, қандай жауыз тағдыр деген
Бұйырған: «Тұтқын болып жат та қамал!»
Кең дала мұндағыдай емес тығыз,
Сапырып күнде ішетін сары қымыз.
Назбенен жылы жүзді, жұмсақ сөзді,
Ақ үйде әзілдескен әдемі қыз...
Білмеймін, дала естен шығар ма екен,
Даласыз көңіл шіркін тынар ма екен?!
Ежелден еркін заңға әдет қылған,
Tap заңды қала жанға ұнар ма екен?

Алма Алма
... Жағып тұр бұталар қып - қызыл шырағын, Жымыңдап ағады бір ағын - Көрсем де көп қызыл алманы алмадым - шыдадым.
Түсінбеймін Түсінбеймін
Біле алмаймын, білмеймін, түсінбеймін, (Түсінбесең, түсінбе, түсін мейлің) Қуанып көктен ырыс құйды екен деп, Қолымнан тостағымды түсірмеймін.
Қыздарға Қыздарға
Қыздарды көрсем, бір түрлі Өзімнен - өзім мұңданам. Тиям да бейқам күлкімді, Өзімнен - өзім сыр бағам.
Жалаң аяқ қыз Жалаң аяқ қыз
Төпеп тұрған нөсерге қарамай - ақ, Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ. Жалтыраған әдемі топылиын, Кім біледі, жауыннан барады аяп.
Жел Жел
«Тәңірі ие, атпады ғой таңың!»- деп, Күңіреніп жатыр тұтқын уһілеп. Естіледі терезеден темірлі, Тұрса керек тыста жүйрік жел гулеп.
Жан жарымды бір сүйейін түсімде Жан жарымды бір сүйейін түсімде
Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай, Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай, Осы күнде алтын сәулем нағып жүр, Қандай күйде, қайда екенін біле алмай.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×