ойын сауық отауы
30 тамыз Конституция күніне арналған тақпақтар
30.08.2023 687 0 Admin

30 тамыз Конституция күніне арналған тақпақтар

Өлеңдер
Азат елдің ар-намысы- Ата Заң
Еліне арналатын тілегі шын, 
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің! 
Іргесін туған елдің тіреп тұрған 
Қадірін Ата Заңның білемісің?! 
Ешкім де мін таға алмас елдігіме! 
Дауласып жармаспайды белдігіме. 
Бойында Ата Заңның өріліп тұр 
Даламның кеңдігі де, теңдігі де! 
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам, 
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған. 
Қоғамның сан саласын реттейтін 
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған. 
Бастайтын болашаққа бақ кемені, 
Осы жол халықтың да нақ сенері! 
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға 
Елбасы қолын қойып Ант береді. 
Болғанмен бұл Өмірде айлаң күшті, 
Ел үшін кім тындырар қайран істі?! 
Еліңнің дамуы мен дағдарысы 
Ол-дағы Ата Заңға байланысты! 
Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына, 
Тікелей өсер еткен ғұмырына 
Айналды Ата Заңым мызғымайтын 
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына! 
Әр бабы, әр тармағы жойылмайды, 
Шектеу де және тегін қойылмайды! 
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел 
Қазақтың Ата Заңын мойындайды! 
Өмірден әділдік пен бақ табатын, 
Құқығым қорғалды деп шаттанатын, 
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп 
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын! 
Өркендеп өз қолына алған ісі, 
Биікке қазағымның самға, құсы! 
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген 
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы! 
Айбатыр Сейтақ

30 тамыз
Отызыншы тамыз бұл,
Конституция күнімен.
Құттықтаймын баршаны,
Шырқап айтар жырыммен.

Ата заңның үнімен
Ата заңның үнімен,
Тәрбиені баптайық.
Конституция күнінде,
Тойламай жай жатпайық.

Конституция күні бұл
Конституция күні бұл,
Тынышыңды сақтайтын.
Ата заңның үні бұл,
Жақсылыққа баптайтын.

Жарассын ән-жырымыз
Жарассын ән-жырымыз,
Болмай біздің мұңымыз.
Ата заңды құрметтеп,
Шыға берсін үніміз.

Аман болсын басымыз
Ата заңды құрметтеп,
Жүрейікші біз бірге.
Конституция күні деп,
Құрметтейік біз күнде.

Ата заңды құрметтеп
Ата заңды құрметтеп,
Мерекені тойлайық.
Отызыншы тамыз бұл,
Жақсылықты жалғайық.
Конституция күнінде,
Жақсы тілек ойлайық.
Заң талабын шет тастап,
Қиянатқа бармайық.

Жарқырайық, жайнайық
Жарқырайық, жайнайық,
Бұлбұл құстай сайрайық.
Конституция күнінде,
Асыр салып ойнайық.
Тыныш болсын еліміз,
Көштен кейін қалмайық.
Ата заңды құрметтеп,
Бар жақсыны арнайық.

Ата заңның күнімен
Құттықтаймын бүгінгі,
Ата заңның күнімен.
Тербелейік шаттана,
Конституция үнімен...

Таусылмасын әніміз
Конституция күнінде,
Қуанайық бәріміз.
Шаттық, бақыт сыйлайтын,
Таусылмасын әніміз.

Конституция үні бұл
Бүгін шаттық, мереке,
Конституция күні бұл.
Ата-заңды байқатар,
Конституция үні бұл.

Жасай берсін еліміз
Сыйластықта үн қатып,
Жасай берсін еліміз.
Конституция күнінде,
Жайнай берсін жеріміз.

Қуаныштар көп болсын!
Конституция күнінде,
Қуаныштар көп болсын.
Ел-жұртымыз аман боп,
Уайым-қайғы жоқ болсын.

Қайғы-мұңдар болмасын
Жаратқаным жар болып,
Қайғы-мұңдар болмасын.
Конституция күнінде,
Бар жақсылық орнасын.

Жасасын қазақ еліміз
Жасасын қазақ еліміз,
Сыйластыққа бастайтын.
Конституция күні бұл,
Ата-заңды растайтын.

Бұзылмасын теңіміз
Бұзылмасын теңіміз,
Тәуелсіз қазақ елімде.
Конституция күні бұл,
Тойланар қазақ жерінде.

Конституция күні бұл
Конституция күні бұл,
Қуанышын беретін.
Ата-заңды құрметтеп,
Соңынан біз еретін.

Бар жақсылық орнасын
Бар жақсылық орнасын,
Тыныш болып еліміз.
Конституция күнінде,
Бұзылмасын теңіміз.

Құтты болсын мереке
Конституция күні бұл,
Құтты болсын мереке.
Тыныш болып еліміз,
Арта берсін береке.

Конституция күні
Отызыншы тамыз бұл,
Конституция күні ізгі.
Ата-заңды қорғайық,
Қолдайтын заң біз, сізді.

Туған елдің түтіні - Шөмішбай Сариев Туған елдің түтіні - Шөмішбай Сариев
Туған елдің түтіні де тәтті ғой, Тоңа ма деп таңы талай атты ғой. Қараша үйдің ұйып балдай қаймағы, Қанаттарын түтін түзу қақты ғой.
Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі Ұлым, ертең ұлдардың мерекесі
Саған сенім артады Әкең де, Анаң, Дей берсін сен туралы: «Ерке – балаң», Сондықтан күні ертеңгі мерекемен, Сені де құттықтайды ертең Анаң.
Туған жер - Отан туралы мақал-мәтелдер Туған жер - Отан туралы мақал-мәтелдер
Қазақ және әлем халықтарының таңдамалы мақал - мәтелдері
Желтоқсан алаңы Желтоқсан алаңы
Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер... Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел, Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер, Қайта
Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз
Біз, қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз, Түрлі сыпсың сөздерден де, Ызғар шашқан көздерден де, Заман мен заң өзгергенде, Бүлінген жоқ іргеміз.
Үнсіздік Үнсіздік
Бір танысым қонаққа шақырды да, Топ адамның көзінше Пікір пішіп өзінше, Көңіліңді елемей аппақ айдын,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×