ойын сауық отауы
Жел
01.05.2016 3 055 0 Дауыл

Жел

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Жел - тым тентек бір бала,
Жан сүйгені - cap дала,
Дамыл алмай жүгіред.
Ерні өтірік қыбырлап,
Сыр айтқан боп сыбырлап,
Кейде аң боп өкіред.
Желге еш нәрсе тең емес,
Тау да жолын бөгемес,
Сақ - сақ күліп секіред.
Жүйрік желім тым сотқар,
Біреу бетін жапса егер,
Әдейі бетке түкіред.
Мазасы жоқ жел ерке,
Оянып ап тым ерте,
Жорғалай басып кетеді.
Тыныш жатқан түс көріп
Көлдің бетін кестелеп,
Оны әуре етеді.
Кәрі орманды оятып,
Бірдеңе деп жұбатып,
Жымиып күліп өтеді.
Жұрттан ойын жасырып,
Алқынып өзі асығып,
Қарақат көзге жетеді.
Дем ала алмай асығып,
Күрсініп ауыр, бас ұрып:
«Саған, сұлу сәулеге
Келдім ұшып, ғашықпын.
Бір сүюге асықпын,
Мойның бұр мендей әуреге!»-
Деді де, сүйіп көзінен,
Шашы, алма жүзінен,
Қол жіберді кеудеге.
Бақыттысың, еркежан!
Уа, дариға, Жасаған,
Жел емеспін мен неге?!

Әже Әже
Тентек болсам, ашынып, жақсы іс қылсам, асырып, маған сақтап жүреді тәттіні де жасырып.
Ем таба алмай Ем таба алмай
Ем таба алмай, От жалындай, Толды қайғы кеудеге. Сырласа алмай, Сөз аша алмай Пендеге.
Ауру жүрек ақырын соғады жай Ауру жүрек ақырын соғады жай
Ауру жүрек ақырын соғады жай, Шаршап қалған кеудемде тулай алмай. Кейде ыстық қан басып кетеді оны, Дөңбекшіген түндерде тыншыға алмай.
Асқа, тойға баратұғын Асқа, тойға баратұғын
Асқа, тойға баратұғын, Жаны асығып, жас жігіт. Қолға кетті жауға бір күн, Тірі адамның ісі – үміт.
Құр қалыппын Құр қалыппын
Сұлу қыз анадайдан сылаңдайды, Теңімен ойнап - күліп, бұраңдайды. Адамзат бәрі ғашық, бәрі құмар, Аһ ұрып, оны көрмей тұра алмайды
Орамал Орамал
Қасірет батты жаныма, Уға толды жас жүрек. Орамалды жарыма Бітірем қашан кестелеп...
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×