ойын сауық отауы
Қырғыз, қазаққа
03.05.2016 1 806 0 Дауыл

Қырғыз, қазаққа

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Арқар менен құлжадай
Қойындасқан ежелден.
Екі тентек тетелес
Сойылдасқан екі елден.
Түн заманды төңкерген
Топан - заман не күтед?
Қырғыз - таудың тарпаңы,
Қазақ - қырдың құланы.
Екеуіңе топанның
Тартқан мынау ұраны:
Екі тарлан табысып,
Шұрқырасқай деп күтед.
Алатау, Арқа күңіренген
Күні кеше зарыңнан.
Сендерді солай сорлатқан
Албастыдан арылған.
Бүгінгі тұңғыш тойыңа
Той ұласқай деп күтед.
Енді алдым ашық деп,
Ілгері басқай деп күтед.
Елмен қатар елдіктен
Үмітті болғай деп күтед.
Ұйымдарың сол жолда
Ұйытқы болғай деп күтед.
Соққы жеген жетім ел
Балаулы болғай деп күтед.
Сондықтан қызыл жалындай
Жалаулы болғай деп күтед.

Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға
Қабыл ғып Алла тілекті, Қуанта берсін жүректі. «Алтын тойым болғай» деп, Тілеумен қанша күн өтті.
Алпыс тілектен тұратын бата Алпыс тілектен тұратын бата
Қысыр бақсаң қазылы болғай, қара қойың қозылы болғай! Ойсыл қараң жоталы болғай, жыл құрғатпай боталы болғай!
Ананы жоқтау Ананы жоқтау
Айсәуле ана – ақ ана, балаушы ем сені данаға, өсиет сөзің санада. Ұзатып сені сапарға,
Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз Біз, қазақтың екі ақыны, біргеміз
Біз, қазақтың екі ақыны, әрқашанда біргеміз, Түрлі сыпсың сөздерден де, Ызғар шашқан көздерден де, Заман мен заң өзгергенде, Бүлінген жоқ іргеміз.
Маңдайда бір тал шашым ағарыпты Маңдайда бір тал шашым ағарыпты
Маңдайда бір тал шашым ағарыпты, Белгісі болғай - дағы «даналықтың». Ығысып, қарақұсқа бара жатыр, Кекілі кешегі анау балалықтың.
Алатауда Алатауда
Иір-иір Алатау Бұйра-бұйра жал ма екен? Қарасам көзім талады-ау Қияңа, асқар Алатау.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×