ойын сауық отауы
Жалғыз көкек
08.05.2016 2 141 0 Дауыл

Жалғыз көкек

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Жетімсіреп, жем іздеп балапанға,
Жалғыз көкек жүретін жаға талда.
Әлдекімді жоқтайтын күн батарда,
Әлдекімді жоқтайтын таң атарда.
Иесіз қалған, бұзылған тамға барып,
Қонушы еді, қонағын қамдап алып.
Жоқтаушы еді оңаша отырып ап,
Оқшау шетте ұясы, талда қалып.
Сұңқыл үнді сұрша құс, жан - Отанын
Ойландырып тастайтын жаға талын.
Оңашада отырып жоқтаймын деп,
Оятатын ұядан балапанын.
Сұқ саусақтай балапан ес білер ме,
Сұрша құстың сұм даусы есті желде.
Ұясында құттай құс қобалжиды,
Таныс үнді шалғайдан естігенде.
Қайдан білсін, әкесі жем бергенін,
Жем бергенін... Қаршыға өңгергенін...
Қайдан білсін, шешесі шер бергенін?..
Түйір дәндей жүрегі тулап жатыр,
Ұядағы титімдей шерменденің.
Жетімсіреп жем іздеп балапанға,
Жалғыз көкек жүретін жаға талда.
Әлдекімді жоқтайтын күн батарда,
Әлдекімді жоқтайтын таң атарда.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Фаризаға Фаризаға
Фариза! Фаризажан, Фариза - қыз, Өмірде ақындардың бәрі жалғыз. Шыдай - шыдай ақыры жалығармыз, Бірімізден біріміз арылармыз.
Туған жерге Туған жерге
Таныс өлке, Таныс аймақ, Таныс маң: Анау жерде - құрбылармен алысқам, Анау жерде - құрбы жанмен табысқам.
Көшеде Көшеде
Мен жолымды берейін, өт қарағым, Несін күттің, несіне көп қарадың? Анасының бергенін саған берген, Аруағынан айналдым текті Ананың!
Жазғырма мені, жан - аға Жазғырма мені, жан - аға
Жазғырма мені, жан - аға, Жаманға мені балама. Жалғыз түп емен көріп пе ең, Жабырқап тұрған далада?
Бақыт деген Бақыт деген
«Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды. Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...» Бақыт деген - сенің бала күндерің
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері №2 Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері №2
Мына қасқа... Қор болған жылдарым-ай, күндерім-ай! Асауға ауыздықсыз мінгенім-ай! Мына қасқа бәрін де біле тұрып, Мына қасқа бірін де білмеуін-ай!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×