ойын сауық отауы
Фаризаға
13.05.2016 11 108 1 Дауыл

Фаризаға

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Фариза!
Фаризажан, Фариза - қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай - шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресінге.
Фаризажан, сен соны білесің бе?...
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
... Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып, аяң басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.
Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім.
Маңдайымнан сипаған бір жан болса,
Енді қалған өмірімді қияр едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?!
Кеп тұрады тілегім мұңды - мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!
Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,
Көбейтсең де қаншама мынды - мыңға...
Айналаға қарайық анық барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ),
He туралы жырласақ, Фариза - қыз,
Бағыштайық бәрін де халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фариза - қыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том - том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз...

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Сүйдіремін, деп жүріп... Сүйдіремін, деп жүріп...
Сүйдіремін, деп жүріп жалықтырып алыппын, Сағындырам, деп жүріп, ұмытылып қалыппын. Мың құбыла беретін машақаты мың дастан, Махаббаттың бітпейтін
Елемедің... Елемедің...
Ары өттім қасыңнан, ЕЛЕМЕДІҢ! Бері өттім қасыңнан, ЕЛЕМЕДІҢ! Сен дегенде бұлқынған асау аттай, Көңілімді сезбейсің неге менің?!
Ай да бүгін аласарып Ай да бүгін аласарып
Ай да бүгін аласарып төбемізден сөнеді, Сәулешімді ұлықсатсыз қайта - қайта көреді. Көлегейлеп жабар едім албыраған жер жүзін, Бірақ менің өзімнің де
Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің, Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің,
Танысқанда сен он бес - ақ жаста едің, Мен де сонда өзгеше едім, басқа едім. Тұрдың үнсіз дәл алдымда мөлтілдеп, Мөлдір көзден үзіліп түскен жас па
Қыз сыры Қыз сыры
Жігіттердің жүрегін Ұрлай бергім келмейді. Сүйдім деген тілегін Тыңдай бергім келмейді.
Ем таба алмай Ем таба алмай
Ем таба алмай, От жалындай, Толды қайғы кеудеге. Сырласа алмай, Сөз аша алмай Пендеге.
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қожахметова Өміргүл
#1 Қожахметова Өміргүл Қонақ 24 желтоқсан 2016 14:31
Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері маған ұнайды. Әсіресе-Фариза.
×