ойын сауық отауы
Сыр
11.05.2016 1 842 0 Дауыл

Сыр

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Күрсініп көкірегім, жылайды ішім,
Өсем бе, өшемін бе құдай білсін.
Қанды дағын жүректің қалдырайын,
Қаласа біреу - міреу сұрай жүрсін.
Көрсін де жүрегімнің аққан қанын,
Ақ қағазда жол - жол боп жатқан дағын,
Байқап бір қарасын да, іздегендер,
Жаудырсын мақтауларын, даттауларын.
Еркелеп мен өмірді кешіп жүрем,
Шаттығым, мұқым да бар,
Несін бүгем.
Кей - кейде сүріндім де, түңілдім де,
Алайда, жоғалтпадым есімді мен.
Жақпадым жауыздықпен аққа қара,
Жатсынып жатқаным жоқ жатқа нала.
Гаваньға құлап түскен ақ шағала -
Жырымды тірілтем деп әурелендім,
Мастанбай ақын деген атқа ғана.
О, Муза!
Тағдырыма иемісің?!
Күрсініп көкірегім, күйеді ішім.
Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ,
Сен мені жаралғансың сүю үшін.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Өмір жайлы Өмір жайлы
Өмір жайлы сұрай берме сен менен, Өмірді мен әлі зерттеп көрмеп ем. Өмір жайлы білгің келсе, қартқа бар, Қан майданнан жалғыз ұлы келмеген.
Сол түні Сол түні
Ауады да тұрады, аңсарым - ай! Әлі сен есімдесің, Аршалы сай. Сол түні неге мені өлтірмедің? Сол түні риза едім алса құдай.
Сергей Есенинге Сергей Есенинге
Әй, Сергей! Сергей, Сергей, Сергей, Сергей! Түстім - ау сергелдеңге мен де сендей. Аулаққа, тым аулаққа кеттім білем, Жаны ашып, ақыл берген елге
Музаға Музаға
Отырғанын қарашы күйім келмей, Қайда кеттің? О, Муза! Құйын желдей. Аузымды ашсам өкпемнен жел үреді, Қаңыраған иесіз диірмендей.
Жүрегімде жүргені - ай бір қауіптің Жүрегімде жүргені - ай бір қауіптің
Жүрегімде жүргені - ай бір қауіптің, Сабағындай шырмайды шырмауықтың Үмітпенен, арманмен, күдікпенен, Өтіп жатыр зымырап зырлауық күн.
Үзіліп түскен алмадай Үзіліп түскен алмадай
Үзіліп көңіл қалғаны - ай! Арыма басқан таңбадай, Арылмай қойды - ау дау - дамай! Тасыған көңіл арнадай,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×