ойын сауық отауы
Сағатым қайда, сағатым
11.05.2016 3 645 0 Дауыл

Сағатым қайда, сағатым

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Қалған ба тағы таң атып?!
Жайған ба жасыл қанатын?!
... Таусылмас менің тағатым
Соқ, соқ, соқ, менің сағатым!
Келген бе тағы күн шығып?!
Күн шығып,
Жерге құлшынып,
Енген бе тағы тіршілік?!
Армысың, асау тіршілік!
Тұрмысқа қажет табатын,
Беретін және алатын,
Мезгіл де болып қалған ба,
Алатын жерге баратын?!
Таусылмас менің тағатым
Соға бер,
Соқ, соқ, сағатым!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қайырлы таң Қайырлы таң
Қайырлы таң, жомарт жерім, ер жерім, өзендерім, көлдерім! Қайырлы таң, кермиықты кең далам, құба жонды белдерім! Орманым да шуламай,
Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн
Тағы да күз, тағы, міне, сары таңды ұзақ түн, Уысында тағы да мен ұйқы дейтін тұзақтың, Ой - хой, шіркін, тағы да бір күзді, міне, ұзаттым, Өмірімнің
Солдат арманы Солдат арманы
Тіршілік тұтқасы - күн сөнер Дегенге айтындар, кім сенер? Әлемде тыныштық тұрса егер Біздерміз өмірге нұр себер!
Санаулы менің сағатым Санаулы менің сағатым
Санаулы менің сағатым, Санаулы менің күн, айым. Асығам қалмай тағатым, Асықпай қайтіп шыдайын.
Күн шуағым Күн шуағым
Тағы да таң атады, күн шығады, Түн келеді, Тіршілік тыншығады. Ауысып алма - кезек тұрсын әлі, Ей, менің өмірімнің күн шуағы.
Білгішіме Білгішіме
Тағы да, тағы, тағы да, Тағы да сына, білгішім. Кіріп ап менің жаныма, Кір іздеп тағы жүрмісің?!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×