ойын сауық отауы
Қоштасу
15.05.2016 3 741 0 Дауыл

Қоштасу

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Әскерге әке ұлын аттандырды.
Сәт сапар тіледі жұрт, мақтан қылды
Ел ішіне сүйкімді, мақтаулы ұлды,
Жасама деп жат қылық сақтандырды
Жаңадан отау тігіп, ірге құрап,
Қалыпты жас семья гүлденіп - ақ.
... Анасы жол жабдығын әзірлеуде,
Қуанып, бірде күліп, бірде жылап.
Қоштасып ағалары, құрбылары,
Қош айтып ауыл - аймақ тұрды бәрі.
Қош бол! - деп алыс сағым бұлдырады
Естіліп бұлақтардың сыңғыр әні.
Бәрі де қоштасуда...
Бірақ бір жан,
Бата алмай қоштасуға жылап тұрған.
Жолығып жол бойында қырат - қырдан,
- Қош бол! - деп орамалын лақтырған
Болашақ солдат оны байқамады,
Қыз қылығын тағы да қайталады...
... Жасыма, махаббатың қайтар әлі
Оның да сен боларсың айтар әні.

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз!
Ақын жайлы айтады қызықты аңыз, Бірақ сен қызықпа, қыз! Қызықпа, қыз! Рас - ақ, біздер - патша!
Туған жерге Туған жерге
Таныс өлке, Таныс аймақ, Таныс маң: Анау жерде - құрбылармен алысқам, Анау жерде - құрбы жанмен табысқам.
Наурыз Наурыз
Ақпан кетті араз боп наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген, Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.
Күн жылыған, жер жібіген Күн жылыған, жер жібіген
Күн жылыған, жер жібіген, Құстар келген шақтарда, Төрдегі өрген төрт түлікке, Төл жамырап жатқанда, Көзімді алмай қарайтынмын егістікке телміріп,
Кетер ме екем Кетер ме екем
Бірде олай ауытқып, бірде былай, Бір байламға келе алмай жүргенім - ай. Таулы аймақтың ауасы секілденген, Аумалы да төкпелі күндерім - ай!
Аттанғанда Аттанғанда
Қош! Деп қанат қағады құстар маған. Қош! Деп мені құшақтап, құшқан далам. Аманаттап біреуге жатыр мені: - Аманат - деп,- ұямнан ұшқан балам.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×