ойын сауық отауы
53 - қадам: ақыл бақша секілді: не ексеңіз соны орасыз
20.01.2022 390 0 Admin

53 - қадам: ақыл бақша секілді: не ексеңіз соны орасыз

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
53 - қадам: ақыл бақша секілді: не ексеңіз соны орасыз
Санаға тек жақсы пайдалы ақпараттарды қабылдау оп - оңай нәрсе емес. Оған да белгілі бір тәртіптілік керек. Ақылға не игерсеңіз, ол сізге сол игергеніңізді қайтарады. Егер де сіз үнемі пайдасыз, уақытты жоғалтатын істермен айналыссаңыз, онда оның жемісін міндетті иүрде көресіз. Мысалы, сіз әлеуметтік желілерді бей - берекетсіз пайдалансаңыз, уақытылы тамақтанбасаңыз, газды сусындарды, майлы тағамдарды, аз қимылдауды, дұрыс ұйықтамауды, денсаулыққа зиян тигізетін ішімдік, шылым, тағы осы секілді нәрселерді әдетіңізге айналдырсаңыз, ол сізге міндетті түрде өзінің зиянды жемісін береді.
Бұның арты басты байлығыңыз денсаулықтың жоғалуына, психологияның бұзылуына, кедейшілікке, осы секілді кеселдерге жолықтырады. Дереу оны ретке келтірмесеңіз, соңы үлкен өкінішке апаруы мүмкін. Ал ақылыңызға өзіңізге тек жақсы нәрселерді ексеңіз, оның тәтті жемісін көретіңіз айдан анық.
Олар: спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс ұйықтау жүйесін ретке келтіру, кітап оқуды әдетке айналдыру, өзіңізге зиян тигізетін тағамдардан бас тарту, біліміңізді әрдайым заман талабына сай арттыру осы секілді нәрселерді бойыңызға сіңіре білсеңіз – оның тәтті жемісін алып өміріңіз жарқын болмақ.
Аз қиындық көріп, соңы үлкен рахатты қалайсыз ба, әлде азғантай ғана рахатты көріп, соңы үлкен өкінішке апаратын қайғыны қалайсыз ба. Таңдау өз еркіңізде. Аз қиындық дегеніміз – жаңағы өзіңізге пайдасын беретін істер.
Аз рахат дегеніміз – сізге зиянын беретін нәрселер. Болашағыңыз жарқын болғанын қаласаңыз, өзіңізге азғантай ғана қиындық туғызатын істерді махаббатпен істей біліңіз, соңы жарқын өмірге апаратыны айдан анық.
Қай кезде батыл, қай кезде төзімшіл болу керектігін білгің келсе, ақылды бол.
  • ©Шығыс даналығы
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

52 - қадам: өзіңізді апельсин секілді ұстаңыз. сыртқа іштегі нәрселерді шығарыңыз 52 - қадам: өзіңізді апельсин секілді ұстаңыз.
Өзіңізді апельсин секілді ұстай біліңіз. Сыртқы ортадағы болып жатқан жағымсыз, сіздің психологияңызға зиян тигізетін жайттарды қабылдамаңыз. Тек
51 - қадам: өзіңіз үлгі тұтатын адамдардың он дағдысын меңгеріңіз 51 - қадам: өзіңіз үлгі тұтатын адамдардың он
Жетістікке жеткен адамдардың кез келгеніне қарасаңыз да олардың өзіндік бір дағдылары болады. Айталық, олар таңертең ерту тұру, спортпен шұғылдану,
44 - қадам: уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз. тіпті әр минутыңызды пайдалы нәрсеге жұмсаңыз 44 - қадам: уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз.
Уақытты дұрыс пайдалану – бұл өмірді дұрыс пайдалану. Уақыт – сіздегі үлкен байлықтың бірі. Оны еш нәрсемен айырбастап, сатып та ала алмайсыз. Сол
63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың жемісісіз 63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың
«Ойы жақсының өзі жақсы» демекші, ойды өзгерттім деген өмірімді өзгертуге керекті ең мықты құралды қолға түсірдім деген сөз. Барлық істелетін
56 - қадам: өз - өзіңізді ешқашан алдамаңыз 56 - қадам: өз - өзіңізді ешқашан алдамаңыз
Ең жаман нәрселердің бірі – өз-өзіңді алдау. Кейбір адамдар өздерінің істеп жатқан іс - әрекеттерінің дұрыс емес екенін біле тұра, оны істей береді.
Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт Жетістіктің жүз қадамы: 30 - қадам: уақыт
Уақытты босқа өткізу – сізге пайдасы жоқ істерге уақыт бөлу. Біз күнделікті өмірде небір түрлі істер атқарамыз. Оның бірінің пайдасы тиіп жатса,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×