ойын сауық отауы
76 - Қадам: өмір бойы дамыңыз және тек жоғары қарай көтеріліңіз
11.12.2022 484 0 Admin

76 - Қадам: өмір бойы дамыңыз және тек жоғары қарай көтеріліңіз

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
76 - Қадам: өмір бойы дамыңыз және тек жоғары қарай көтеріліңіз
Өмір бойы даму деген сөзі көптеген кітаптардан оқимыз. Мәнісіне қарап шынымен де біз үнемі даму арқылы, белгілі бір жетістікке жетеді екенбіз. Қандай іс атқарсаңыз да, немен айналыссаңыз да, сол жайлы біліміңізді, тәжірибеңізді дамытпай, жетістікке жете алмайтынымызды түсіндік. Айталық, сіз мұғалім болсаңыз, өмір бойы бір орында отыра бермейсіз ғой. Қызметіңізді көтеріп жақсы қзметте отырғысы келмейтін адам кемде - кем шығар.
Сол үлкен қызметтерге бару үшін соның құнын төлеу қажет. Ал оның құны ақша беріп немесе басқа нәрсе беріп көтерілу емес. Олай көтерілетіндердің соңы жақсылықпен аяқталмайтыны анық. Оның құны, адал қызмет жасап, өзіңді үнемі дамыту арқылы, өзің ойлаған жоғары белестерге жету. Әл - Фараби айтқандай «Адам мақсатына, өзін жетілдіру арқылы жетеді». Әрдайым өзімізді жетілдіріп, алдыға ұмтылып, жоғары қарай көтерілетін болсақ, жоғары белестерге көтерілетініміз анық.
Өзіңізді дамытқанда барлық жағынан дамытуға әрекет жасаңыз. Өзіңіздің бойыңыздағы жақсы тұстарыңызды дамытыңыз. Жағымсыз тұстарыңыз да қоса дамып кетпесін. Мысалы, спорттан өзіңізді дамытқыңыз келді делік. Сіз алдында 3 км - ге жүгіретін болсаңыз, кейіннен 5 км - ге, одан кейін 10 км - ге, одан да кейін 20 км - ге дейінгі алыстықты бағындыруға мүмкіншілігіңіз бар. Тек ниет пен еңбекқорлығыңыз болса болғаны. Спортта жаттығу жасағанда кәсіпқойларша жасаңыз. Кәсіпқой спортта болмасаңыз да, кәсіпқойларша әрекет етіп, кәсіпқойларша ойлаңыз. Әр істе де, сол істің кәсіпқойлары секілді ойлап, әрекет қылсаңыз, жоғары деңгейде дамып, өзіңіз ойлағаннан да үлкен жетістікке жетуге мүмкіндігіңіз зор болмақ.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

74 - қадам: өмір бойы оқып өтіңіз және мемлекетке пайда тигізіңіз 74 - қадам: өмір бойы оқып өтіңіз және мемлекетке
Оқу деген адамды тек алдыға жетелейтін басты күш қой. Себебі адам көп оқыған сайын рухани дүниесі жаңғырып, өзінің нені қалайтынын білетін болады.
67 - қадам: бойыңда бар қабілетті дамыту 67 - қадам: бойыңда бар қабілетті дамыту
Кез - келген адамның бойында өзіне тән қабілеті бар. Қабілет ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін адам бойындағы бір іске қызығушылығы емесе бір іске
52 - қадам: өзіңізді апельсин секілді ұстаңыз. сыртқа іштегі нәрселерді шығарыңыз 52 - қадам: өзіңізді апельсин секілді ұстаңыз.
Өзіңізді апельсин секілді ұстай біліңіз. Сыртқы ортадағы болып жатқан жағымсыз, сіздің психологияңызға зиян тигізетін жайттарды қабылдамаңыз. Тек
63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың жемісісіз 63 - қадам: тек жақсы ойлаңыз. сіз өз ойыңыздың
«Ойы жақсының өзі жақсы» демекші, ойды өзгерттім деген өмірімді өзгертуге керекті ең мықты құралды қолға түсірдім деген сөз. Барлық істелетін
Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық
Әділеттілік пен іс істейтін жағдайға тап болғанда, бұғып қалғанды қорқақтық дейміз. Конфуций
Адамға мотивация беру әдістері Адамға мотивация беру әдістері
Адамға мотивация беру әдістері Бәріміз өмірде жетістікке жеткіміз келеді. Армандаймыз, мақсат қоямыз, жоспар жасаймыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×