ойын сауық отауы
52 - қадам: өзіңізді апельсин секілді ұстаңыз. сыртқа іштегі нәрселерді шығарыңыз
12.01.2022 496 0 Admin

52 - қадам: өзіңізді апельсин секілді ұстаңыз. сыртқа іштегі нәрселерді

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы
52 - қадам: өзіңізді апельсин секілді ұстаңыз. сыртқа іштегі нәрселерді шығарыңыз
Өзіңізді апельсин секілді ұстай біліңіз. Сыртқы ортадағы болып жатқан жағымсыз, сіздің психологияңызға зиян тигізетін жайттарды қабылдамаңыз. Тек сыртқа ішіңіздегі күшті шығара біліңіз. Тек сырттан өзіңізге пайдалы нәрселерді қабылдап үйреніңіз.
Адам баласы болғаннан кейін қанша дегенмен сыртқы ортадағы жайттар сізге ықпал ететіні сөзсіз. Бірақ сіз өзіңізді апельсин секілді қып үнемі ұстап жүре аласыз ба?! Әрине, бірден апельсин секілді тұлға болып кетуіңіз қиынға соғады. Бірақ бұған да қалыптасуға болады.
Сіз қандай мықты тұлға болсаңыз да сізге байланысты жағымсыз сөздер айтылатыны заңдылық. Тарихта ұлы жетістіктерге жеткен тұлғаларды өмірбаянына қарасаңыз, олар қандай қиындық болса да, оны өзіне қабылдамай, керісінше ішіндегі өуатын сыртқа шығара білген. Жетістікке жеткен адамдардың қайсыбірін қарасаңыз да сыртқы болып жатқан дүниелерге емес, ішіндегі алапат күшке тәуелді болған, соның арқасында олар жетістікке жете білді.
Қазір Аллаға шүкір еліміз тыныш, жұртымыз аман, зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. КСРО уақытындағыдай қиын кез жоқ. Кәсібін ашып, жаңа заманауи білімдерді меңгеріп еңбектенген адамдар кәсібін дөңгеленіп жақсы нәтижеге жетіп жатыр. Кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп жатыр.
Тек алдыға ұмтылып, жаңа білім жинай білгендердің заманы орнап жатыр. Әлемдегі кейбір мемлекеттерге қарап, өз мемлекетіміздің жағдайын көріп, Аллаға шүкір етеміз. Елде кәсіппен айналысуға үлкен мүмкіндік бар. Жеріміз кең, нарық бос, бәсекелестік даму үстіндегі бұндай қоғамда жаңа заманауи білімді меңгеріп, алдыға талмай еңбектенген адамдар жоғары деңгейлі кәсіп ашуға мүмкіндігі зор деп білгеніміз жөн.
Сол үшін де сырттағы майда - шүйде дүниелерге тәуелді болмай, өзіміздің ішіміздегі алапат күшті оятып, іске қосуымыз қажет. Осындай қазіргідей мүмкіншілік болып тұрғанда әрқайсымыз қолдан келгенше алдымызға қойған мақсаттарымызға ұмтылайық. Сонда біз де жақсы болмамыз, мемлекетіміз де жақсы болмақ.
Әрдайым мына қасиеттерді шыңдай біл, олар: байсалдылық, жанның жомарттығы, мейірімділік, сенімділік пен жүрек мәрттігі. Сонда ғана шынайы өмір белесіне жете аласың.
  • ©Конфуций
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

51 - қадам: өзіңіз үлгі тұтатын адамдардың он дағдысын меңгеріңіз 51 - қадам: өзіңіз үлгі тұтатын адамдардың он
Жетістікке жеткен адамдардың кез келгеніне қарасаңыз да олардың өзіндік бір дағдылары болады. Айталық, олар таңертең ерту тұру, спортпен шұғылдану,
48 - қадам: адам жасағанды адам жасайды 48 - қадам: адам жасағанды адам жасайды
Адам жасағанды адам жасайды. Егер сол адамдай еңбектеніп, білім, тәжірибе жинаса. Кез келген жетістіктің артында еңбек, білім, тәжірибе тұр.
38 - қадам: әрдайым тік және күлімдеп жүріңіз 38 - қадам: әрдайым тік және күлімдеп жүріңіз
Бақытты өмірдің құпиясы өте қарапайым: екі аз тамақтану, екі есе көп серуендеу, үш есе көп күлу, әрқашан сүйікті болу! Айналаңызға әрдайым сәуле
64 - қадам: 100% жауапкершілікті өзіңізге алыңыз 64 - қадам: 100% жауапкершілікті өзіңізге алыңыз
Жетістікке жеткіңіз келсе өз өміріңізге өзіңіз 100% жауапкершілік ала біліңіз. Жауапкершілік сізге қалай жұмыс атқару керек екенін анықтап береді.
56 - қадам: өз - өзіңізді ешқашан алдамаңыз 56 - қадам: өз - өзіңізді ешқашан алдамаңыз
Ең жаман нәрселердің бірі – өз-өзіңді алдау. Кейбір адамдар өздерінің істеп жатқан іс - әрекеттерінің дұрыс емес екенін біле тұра, оны істей береді.
Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір күн демалыңыз. демалысыңызда мотивация мен ендігі аптаға жоспар құрыңыз Жетістіктің жүз қадамы: 34 - қадам: аптасына бір
Күнделікті қайталана беретін жұмыстан шаршайтынымыз анық. Аптасына бір рет өзіңізге, жақсы демалыс арнаңыз. Реті келсе тауға барып қайтыңыз болмаса
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×