ойын сауық отауы
Жетістіктің жүз қадамы: 84 - қадам: өмірлік мұратыңызды қойыңыз
08.01.2024 189 0 Admin

Жетістіктің жүз қадамы: 84 - қадам: өмірлік мұратыңызды қойыңыз

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы: 84 - қадам: өмірлік мұратыңызды қойыңыз
Кез - келген адамның өмірлік мұраты болу керек деп ойлаймыз. Әр адам алдына мұрат қойып, оған жетуі керек екені даусыз. Егер сіздің алдыға қойған өмірлік мұратыңыз болмаса, онда дереу алдыңызға мұратыңызды қойыңыз. Мұрат дегеніміз мақсат қойып, оған жету. Бірақ мақсаттардың ішіндегі ең маңызды мақсат болатыны анық қой. Сол үлкен мақсат сіздің мұратыңыз болғаны.
Алаш зиялыларының өмірлік мақсаттарының ішіндегі ең маңыздысы олар елге қызмет ету, қазақ еліне тәуелсіздік әперу, мемлекетті дамыту болғаны белгілі. Алаш зиялыларының өмір мұраты осылай болған. Айталық, Әлихан Бөкейханұлының өмірлік мұраты «тірі болсам қазаққа қызмет етпей қоймаймын». Әр адамның бойында осы Алаш зиялыларының мұратындай, өзіне тән мұраттары болса екен дейміз.
Осы мұрат қоюға байланысты мына сөз есімізге түсіп отыр. «Сенің мұратың – сенің мақсатың. Және басқарылатын кішкентай мақсаттар сені сол мұратқа жетелейді. Мұратсыз сенің жолың бағдарсыз, ал мақсатсыз – соңғы нүктен бар болса да, қозғалтқышың жоқ. Олар бірлесіп жұмыс істейді және саған оның екеуі де қажет». (Доктор франк Мурта кеңесші психолог).
Франк Мурта айтқандай, атқарылатын кішкентай мақсаттар сені сол үлкен мұратқа апаратыны даусыз. Алдыңызға үлкен мұрат қойыңыз. Сол үлкен мұратыңызға апаратын мақсаттарыңызды жазып, оны орындауға кірісіңіз. Сол әрбір атқарған кіші болсын, үлкен болсын мақсаттарыңыз сізді мұратыңызға апаратыны даусыз.
Өмірде мақсаты жоқ адам ол далада жүрген қаңбақ секілді. Жел қайда тұрса, сонда жылжып кете барады. Сол желдер сізге де соғуы мүмкін. Сол әрбір соққан желге бағытыңыз өзгеріп кете баратын болса, онда алдыңызға қойған мұратыңызға баруыңыз қиын болады. Қандай жел соқса да қаңбаққа ұқсамай, тек алдыға өзіңіз ойлаған мұратыңызға қадам басыңыз. Сізде сол мұратыңызға адаспай қадам басу үшін, көптеген атқарылатын кіші болсын, үлкен болсын мақсаттарыңыз болуы қажет. Алдына мақсат қойған адам жолында кездескен кедергілерге қарамай, мұратына жетуге мүмкіншілігі мақсаты жоқ адамға қарағанда әлдеқайда жоғары болмақ.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жақсы дос жеткізеді мұратқа,
Жаман дос қалдырады ұятқа.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

80 - қадам: өміріңіздегі басты құндылықтарды анықтап, оларды құрметтей біліңіз 80 - қадам: өміріңіздегі басты құндылықтарды
Әр адамның өзінің өмірде үлкен орын алатын өзіне тән өмірлік құндылықтары болады. Сол өмірлік құндылықтарын танып оларды құрметтегенде адамның теріс
71 - қадам: елге деген патриоттық сезім 71 - қадам: елге деген патриоттық сезім
Әр қазақ азамат - азаматшасының елге деген патриоттық сезімі болуы тиіс. Әрбір біреуіміз елімізді сүйе білуіміз тиіс. Елді жақсы көру балалық шақтан
67 - қадам: бойыңда бар қабілетті дамыту 67 - қадам: бойыңда бар қабілетті дамыту
Кез - келген адамның бойында өзіне тән қабілеті бар. Қабілет ол ұрпақтан ұрпаққа берілетін адам бойындағы бір іске қызығушылығы емесе бір іске
41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз 41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз
Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Олар имандылық пен жар таңдаудан. Шынымен де солай. Осы екеуін жақсы таңдай білген адамның өмірі жақсы арнаға
61 - қадам: өмірдің мәні мақсат қойып, оған жету 61 - қадам: өмірдің мәні мақсат қойып, оған жету
Бір жас бала таудың етегінде отырған ақсақалдан: «Өмірдің мәні неде?» - деп сұрайды, ал ақсақал: «Өмірдің мәнін Googlе - ден сұрап көрсей», - деп тіл
Өмірлік ұстаным Өмірлік ұстаным
Менің өмірлік қағидам өте қарапайым: мен өзгенікіне қол сұқпаймын, достарымды сатпаймын, ұнатпайтын адамдармен достасқаннан гөрі жалғыз қалғанды жөн
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×