ойын сауық отауы
Жетістіктің жүз қадамы: 87 - қадам: үнемшілдік. ақшаны орынсыз жұмсау
25.09.2024 49 0 Admin

Жетістіктің жүз қадамы: 87 - қадам: үнемшілдік. ақшаны орынсыз жұмсау

Пайдалы кеңестер
Жетістіктің жүз қадамы: 87 - қадам: үнемшілдік. ақшаны орынсыз жұмсау
Ақша адам сияқты адамды таңдайды. Оған жақсылап қарасаңыз, ол сізге өзі келетін болады. Орыстың мына мақалы еріксіз еске түседі: «Ақшаны көп тапқан байымайды, ақшаны дұрыс жаратқан байиды». Шынымен де, дұрыс қаржылық жоспар арқылы қаржы жинайтынымыз анық.
Ақшаға үнемшілдік жақсы нәрсе. Бірақ шамадан тыс үнемдеу де дұрыс емес. Кейбір адамдар ақшаға тым қатты келеді. Бірақ қаржылық жағынан жетіспеушілік байқалады. Тым ақшаға қатты болған сайын, өмір оған да қатты болатыны анық. Бірақ шамадан тыс арт ық ақша шашу да үлкен дерттің бірі. Дұрысы: осы екі нәрсенің ортасынан, даңғыл жол таңдап алған дұрыс. Жарататын жерде жаратып, жаратуға тұрмайтын жерге ақша шашудың маңыздылығын біліп алсаңыз болғаны.
Ақшаны орынсыз жұмсамаудың бірнеше тәсілі бар. Соның қазір ең көп қолданылатынының бірі – күнделікке күнделікті қаржылық шығындарыңызды жазып отыру. Сол жазған шығындарыңызды күнде жатар уақытта бір қарап шығу. Кейіннен сізде ақшаны артық нәрселерге шашатын әдеттің элементтері бірте - бірте азаятын болады. Осы тәсілді қолданып көрсеңіз нәтижесін сізге беретін болады.
Әрине, ақша адамға оңай келмейді. Кез - келген адал ақша белгілі бір еңбектің арқасында келетіндіктен оған үнемшілдікпен қарай білеміз. Бірақ үнемшілдікте де шамадан тыс үнемдеп кету де адамға кері әсерін беруі мүмкін. Сен ақшаны шамадан тыс қысқан сайын, сені де қаржылық жағынан қысатыны анық. Жаңағы айтып кеткеніміздей, ортасынан даңғыл жол таңдап алып, қаржыға байланысты дұрыс шешім қабылдай біліңіз.
Ақшаны көп тапқан байымайды, ақшаны дұрыс жұмсаған байиды.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

42 - қадам: өмірдің басты заңын ұмытпаңыз – жақсылық жамандықты жеңеді 42 - қадам: өмірдің басты заңын ұмытпаңыз –
Әрқашанда жамандықты жақсылық жеңеді. Басында жамандық үстемдік орнатар. Бірақ түбі жақсылық жеңіп шығатыны айдан анық. Қазір әлемдегі кейбір
41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз 41 - қадам: өмірлік жарыңызға аса мән беріңіз
Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек. Олар имандылық пен жар таңдаудан. Шынымен де солай. Осы екеуін жақсы таңдай білген адамның өмірі жақсы арнаға
Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Үнемдей білу Үнемдей білу
Үнемшілдік, яғни үнемдеу. Үнемдеу – біле білсеңіз адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі болып табылады. Үнемдеу тек тарығып жүргендердің әдеті
Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер. Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер.
Ақшаны қалай жинауды үйрену – көпшіліктің арманы, алайда қолдан келе бермейтін іс екені аян. «Ертеңге» қалдырудың сан алуан сылтаулары бар, тіпті
Ақша үнемдеудің 5 құпиясы Ақша үнемдеудің 5 құпиясы
Мәселенің маңыздысы – қанша ақша табуда емес, оны қалай жұмсауыңызда. Көп адамдардан еститінім: - мен ақшаны үнемдей алмаймын, - деп жатады. Расында,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×